ЕСКЕРТПЕ
l Компьютерді телевизор немесе
радиоқабылдағыш жанына орнатпаңыз.
l Компьютерді магниттер жанына орнатпаңыз.
Қатты дисктегі деректердің жоғалып кету
қаупі болады.
l Бұл компьютер медициналық
диагностикалауда пайдалану үшін
кескіндерді көрсетуге арналмаған.
l Бұл компьютер медициналық диагностикалау
мақсатында медициналық жабдықпен
байланысты пайдалануға арналмаған.
l Panasonic осы өнімді пайдаланудан
болған деректердің жоғалуына, я болмаса,
кездейсоқ немесе ретті зақымдарға жауапты
болмайды.
l Батареялар жинағының клеммаларына қол
тигізбеңіз. Контакттардың ластануы немесе
бүлінуі батареялар жинағы жұмысының
бұзылуына әкелуі мүмкін.
l Батареялар жинағына судың немесе
ылғалдың тиюін болдырмаңыз.
l Егер батареялар жинағы ұзақ уақыт бойы (бір
ай немесе одан да көп) қолданылмайтын
болса, батареялар блогын батарея
деңгейі 30 % дан 40 % болатындай етіп
толықтырыңыз немесе ажыратыңыз
(қолданыңыз) және салқын, әрі құрғақ жерде
сақтаңыз.
l Бұл компьютер, толықтыру деңгейі
шамамен сыйымдылықтың 95 % азайған
кезде, батареяның шамадан тыс толығуын
болдырмау қызметімен жабдықталған.
l Алғаш сатылып алынған кезде компьютердің
батареялар жинағын толықтырылмаған
болып келеді. Алғашқы рет қолданудан
бұрын оны толықтыруды ұмытпаңыз.
Айнымалы ток адаптері компьютерге
жалғанған кезде, толықтыру автоматты түрде
басталады.
l Батарея ағып кеткен және сұйықтық көзге
тиген жағдайда, көздеріңізді уқаламаңыз.
Көздеріңізді лезде таза сумен шайыңыз және
мүмкіндігінше жылдам медициналық көмек
алыңыз.
l Өнім пайдаланылатын тиісті елдердің және
аймақтардың заңдары мен ережелерін
сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ
l Толықтыру немесе қалыпты жағдайда
пайдалану кезінде батарея жинағы қызуы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
l Егер батарея жинағының ішкі температурасы
рұқсат етілген температуралық шамадан
(0 °C тан 50 °C) тыс болса, толықтыру
басталмайды. (è
- Reference Manual "Basic Operation" "Battery
Power") Температура рұқсат етілген шамаға
оралған соң, толықтыру автоматты түрде
басталады. Толықтыру уақытының қолдану
жағдайына байланысты екенін ұмытпаңыз.
(Температура 10 °C немесе төмен болған
кезде толықтыру уақыты ұзарады.)
l Температура төмен болған жағдайда,
батареядан жұмыс жасау уақыты қысқарады.
Компьютерді рұқсат етілген температура
шамасында ғана қолданыңыз.
l Батареялар жинағы тұтыну бұйымы болып
табылады. Егер компьютердің батареядан
жұмыс жасау уақыты едәуір қысқарса және
қайта толықтыру қолдану параметрлерін
қалпына келтірмесе, жинақты жаңасымен
алмастырыңыз.
l Қосалқы батареялар жинағын қорапта,
портфельде және т.б. тасымалдау кезінде
контакттарды қорғау үшін пластик пакетке
салу кеңесі беріледі.
l Қолданбаған кезде компьютерді үнемі
ажыратып жүріңіз. Айнымалы ток адаптері
жалғанбаған кезде компьютерді қосулы
қалдыру батареяның қалған сыйымдылығын
азайтады.
Operating Instructions
199