zSpace негізіндегі HP Zvr
компаниясына қош келдіңіз
Сізге zSpace® Studio бағдарламалық жасақтамасын 30 күн тегін пайдаланып
көру мүмкіндігі берілді.
Studio бағдарламасы 3D үлгілерін көруге және зерттеуге мүмкіндік береді.
Ол үлгілердің реттелген жиындарын және үйретуге арналған әрекеттерді қамтиды.
Негізгі мүмкіндіктер мыналар:
•
Көптік үлгілерді кесуге арналған құралдар
•
Үлгілердің ішін көруге арналған кесу жазықтығы
•
Түзу сызықтарды, қисықтарды және беткі аймақтарды кесуге арналған
өлшеу сызғыштары
•
Бірнеше үлгінің қатысты өлшемдерін өзгертуге және салыстыруға арналған
шкала мүмкіндігі
zSpace Studio бағдарламасының тегін сынап көруге арналған нұсқасын жүктеп
алу үшін https://zspace.com/zvr веб-торабына өтіңіз.
Құрылғыңызды орнатуға қатысты көмек керек болса, http://www.hp.com/support
веб-торабына өтіңіз. Zvr және zSpace бағдарламалық құралын әзірлеу құралдар
жинағымен өз бағдарламаларыңызды жасау үшін http://developer.zspace.com/
веб-торабына өтіңіз.
Дисплейіңізбен бірге келген құжаттама және бағдарламалық құрал дискісінде
Zvr бағдарламасын виртуалдық шындық режимінде көрсететін zSpace Experience
бағдарламалық жасақтамасы бар. Осы жерде zSpace Experience пайдалану туралы
кеңестер бар.
•
Әрқашан 3-D көзілдірігіңізді киіңіз.
•
Нысанды таңдау үшін қаламды кәдімгі қалам сияқты ұстаңыз. Қаламды нысанға
бағыттап, нысанға қарай тура жылжытыңыз. Нысан ерекшеленген кезде, қаламдағы
сопақ түймешікті басып тұрыңыз. Енді нысанды қаламды жылжыту арқылы
жылжытыңыз.
•
«Нысанды» таңдаған соң тастау үшін сопақ түймешікті босатыңыз.
•
Сызғышты таңдаңыз. Сызғыштың артын көру үшін қолыңызды бұрап, «The Next
Reality» (Келесі шындық) бөлімін оқыңыз.
•
Сызғышты көріністің үстіне қайта қойыңыз.
•
Экранның төменгі оң жағынан үш таңдағыш белгішені көресіз. Олар: сызу, өлшемін
өзгерту және жылжыту. Жылжыту белгішесі қаламды таңдауға болатынын және
нысандарды жылжытуға болатынын көрсету үшін ерекшеленеді. Белгішені таңдау
үшін оған қаламды бағыттап, сопақ түймешікті басыңыз. Белгіше ерекшеленеді.
•
Өлшемді өзгерту функциясын пайдалану үшін өлшемін өзгерту белгішесін
таңдаңыз. Нысанды таңдаңыз. Одан кейін нысанды үлкейту үшін өзіңізге қарай
тартыңыз немесе оны кішірейту үшін оны өзіңізге қарсы бағытқа жылжытыңыз.
22
Қазақша