Қазақша - HP Zvr Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 16
Сызу функциясын пайдалану үшін сызу белгішесін таңдаңыз. Экранның кез келген
жерін басыңыз. Жасыл текше жасалады. Бұл – ізіңіздің басталу нүктесі. Қаламды
басқа орынға жылжытыңыз да, сол орынды бірінші жол орнымен байланыстыру
үшін басыңыз. Экрандағы қосымша орындарды басқан кезде, жол кеңейеді. Жол
жасауды аяқтаған кезіңізде, жылжыту белгішесін таңдаңыз. Сосын камераны
таңдап, оны текшеге сүйреп апарыңыз. Камера жолға ере бастайды.
Енді сіз көзілдірік пен қаламның негізгі қызметтерімен таныссыз, сондықтан
жылжу режимінде енді тереңірек зерттей аласыз.
Жылжу режимінде дәрігер кескінін таңдап, ойын тақтасының көк порталына сүйреп
апарыңыз. Кескін портал ішінде жоғалып, экранның ортасындағы көк зерттеу
кестесінде адамның көк түсті көпелерінің кескіні пайда болады.
Өкпелерді таңдап, зерттеу кестесінің жасыл аймағына сүйреп апарыңыз.
Зерттеу кестесінің ортасын адам жүрегінің кескіні алып жатады. Жүректі таңдаңыз
және оны зерттеңіз.
Жүректі бетіңізге қарай жақындатқан сайын соғу дыбысының күшейетінін
байқайсыз. Жүректі зерттеу кестесіне қайта сүйреп апарыңыз.
Жүректің бір бөлігіне бағыттаған кезде, кескінді мөлдір ету үшін қаламның сол
жақтағы артқы түймесін басыңыз. Мөлдірлікті өшіру не қосу үшін әрбір жүрек бөлігін
басуға болады.
Шартты белгілерді көру үшін қаламның оң жақтағы артқы түймесін басыңыз.
Шартты белгілер жүректің әр түрлі бөліктерін қамтиды. Жүрек бөлігінің атауын
басқан кезде, жүректің сол бөлігі мөлдір болады.
Камераны таңдаңыз және оны экран арқылы жылжытыңыз. Нысандардың
жақындатылған көрінісі осы көріністің жоғарғы оң жағындағы сурет жақтауының
ішінде көрінеді. Сурет жақтауын таңдауға және жылжытуға болады.
Бастау экранына оралу үшін жұмыс үстелінің төменгі оң жағындағы көк логотипті
таңдаңыз. Сонымен қатар, көк порталға түтікті, гүл құмырасын, ойыншық кеудені
немесе үйде сүйреп апарып, басқа көріністерді зерттей аласыз.
Есте сақталатын кейбір пайдалы пернелер тіркесімдері
Кадрлар жиілігінің ауысуын (FPS) көрсету үшін экранның төменгі ортасындағы
F пернесін басыңыз
Ағымдағы көріністі әдепкі күйіне қайта орнату үшін S пернесін басыңыз
Негізгі көрініске қайта орнату үшін R пернесін басыңыз
zSpace негізіндегі HP Zvr бағдарламалық құралыңызбен зерттеу және ойнау қызығын
көресіз деп үміттенеміз!
Қазақша
23

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido