Жалпы нұсқаулар:
Тіркемедегі іштен жанатын
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтағы пайдалану жəне қызмет
көрсету жөніндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Ұзақ мерзімді пайдалану үшін май
мөлшерінің əрқашан жеткілікті болуы
жəне май мен ауа сүзгісін ауыстыру
əсіресе маңызды.
Ұсынылатын майды
ауыстыру-аралығы, сондай ақ мотор
майы жəне майды толтыру мөлшері
туралы ақпарат іштен жанатын
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта қолжетімді.
Суыту қабырғалары үнемі таза тұруы
керек, себебі тек сонда ғана іштен
жанатын қозғалтқыштың жеткілікті
түрде суытылуы қамтамасыз етіледі.
12.6 Дөңгелектер мен беріліс
қорабы
Дөңгелектердің иінтіректері қызмет
көрсетуді талап етпейді.
Беріліс қорабы (MB 3 RT, MB 3 RTX)
қызмет көрсетуді талап етпейді.
12.7 Сақтау (қысқы қаңтарылу
кезеңінде)
Қолданыстан шығарған кезде (қысқы
қаңтарылу кезеңі) келесі талаптарды
сақтаңыз:
● Құрылғының барлық сыртқы
бөлшектерін дұрыстап тазалап
шығыңыз.
● Барлық қозғалмалы бөлшектерді
жақсылап майлаңыз.
0478 111 9908 N - KK
● Жағармай багі мен карбюраторды
босатыңыз (мысалы, жағармайды
əбден тауысыңыз).
● Оталдыру білтені бұрап алып
шығыңыз (қозғалтқышты қолдану
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз)
жəне оталдыру білтесіне арналған
саңылау арқылы қозғалтқышқа
шамамен мотор майының 3 см³
құйыңыз. Қозғалтқышты оталдыру
білтесінсіз-ақ бірнеше рет
айналдырып көріңіз (стартердің
арқанын тартып).
Өрттің туындау қаупі бар!
Тұтандыру білтесінің түйіспелі
ұштығын ұяшықтан алшақ
ұстаңыз, себебі оның жану қаупі
бар.
● Оталдыру білтені қайтадан орнына
бұрып қойыңыз (қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз).
● Майды ауыстырыңыз (қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз).
● Көгалшапқышты құрғақ, жабық əрі
шаңсыз жерде сақтаңыз. Үй-жай
балалардан алшақ екеніне көз
жеткізіңіз.
13. Тасымалдау
13.1 Тасымалдау
Жарақат алу қаупі бар!
Тасымалдар алдында «Сіздің
қауіпсіздігіңіз үшін» бөлімін оқып
алыңыз. (
4.4)
Құралды тек екінші адамның
көмегімен тасымалдаңыз. Бұл
арада əрқашан да ыңғайлы киім
киіңіз (қорғаныс аяқ киімі, берік
қолғап).
Көтерер немесе тасымалдар
алдында, тұтандыру білтесінің
түйіспелі ұштығын ағытыңыз.
Құрылғыны тасымалдау немесе
көтеру:
● A Бас тұтқа орнатылған:
Құрылғыны дөңгелек ашасынан (1)
жəне бас тұтқаның жоғарғы
бөлігінен (2) көтеріңіз немесе
тасымалдаңыз.
● B Бас тұтқа ашылған (тасымалдау
позициясы):
Құрылғыны дөңгелек ашасынан (2)
жəне бас тұтқаның төменгі
бөлігінен (3) көтеріңіз немесе
тасымалдаңыз.
● Көтеру немесе тасымалдау кезінде,
əрдайым қол мен аяқ жəне шапқыш
пышақ арасындағы жеткілікті
қашықтықты қадағалаңыз.
18
513