11 Көгалшапқышты қосу және өшіру
11 Көгалшапқышты қосу
және өшіру
11.1
Көгалшапқышты іске қосу
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Іске қосу түймесін (1) басыңыз.
Көгалшапқыш іске қосылады.
Үш секундтан кейін алдын ала орнатылған
шабу режимінің индикаторы жанады.
Жарық диодты шамдар (2,3) 1- және 2-
аккумулятор бөлімдеріндегі
аккумуляторлардың заряд деңгейін
көрсетеді.
Бес минут ішінде ешқашан әрекет болмаса,
көгалшапқыш ұйқы режиміне ауысады.
11.2
Пышақты қосу және өшіру
11.2.1
Пышақты қосу
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Іске қосу түймесін (1) басыңыз.
► Үш секунд ішінде шабу режимінің
берілістерді ауыстыру айырын (2) сол
қолмен бас тұтқаға (3) қарай толықтай
тартып, бас бармақ бас тұтқада (3)
жататындай етіп ұстаңыз.
Пышақ айналып тұрады.
► Бас тұтқаны (3) және шабу режимінің
берілістерді ауыстыру айырын (2) оң
қолмен бас бармақ бас тұтқада (3)
жататындай етіп ұстаңыз.
11.2.2
Пышақты өшіру
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын жіберіңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
0478-131-9870-B
► Пышақ айналуын жалғастырса:
аккумуляторды шығарыңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
Көгалшапқыш ақаулы.
11.3
Қозғалғыш механизм жетегін
қосу және өшіру
11.3.1
Қозғалғыш механизм жетегін қосу
Бас тұтқадағы
және
көмегімен қозғалыс жылдамдығын 5 деңгей
бойынша алдын ала таңдауға болады.
түймесі басылса, қозғалыс жылдамдығы
көтеріледі, ал
түймесі басылса, қозғалыс
жылдамдығы азаяды. Басқару элементіндегі
жарықдиодтар алдын ала орнатылған
қозғалыс жылдамдығын көрсетеді. Егер
жарықдиод жанбаса, бұл қозғалғыш механизм
жетегінің өшірулі екендігін білдіреді.
Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айырының көмегімен жылдамдықты
2,0 км/сағ шамасынан алдын ала таңдалған
максималды жылдамдыққа дейін біркелкі
реттеуге болады. Қозғалғыш механизм
жетегінің берілістерді ауыстыру айыры бас
тұтқаға қарай қаншалықты тартылса,
жылдамдық соншалықты жоғары болады,
21.1.
Реттелген жылдамдық аккумулятордың
жұмыс уақытына әсер етеді. Жылдамдық
қаншалықты төмен болса, аккумулятордың
жұмыс уақыты соншалықты ұзақ болады.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Көгалшапқышты іске қосыңыз.
► Пышақты қосыңыз.
► (1) және (2) түймелерінің көмегімен қажетті
қозғалыс жылдамдығын орнатыңыз.
Алдын ала орнатылған қозғалыс
жылдамдығын жарық диодтарынан (3) оқып
шығуға болады.
қазақ
түймелерінің
457