қазақ
және шарттар бойынша UN нұсқаулығының III
бөлімі, 38.3 тарауына сәйкес тексерілді.
Тасымалдау ережелері www.stihl.com/safety-
data-sheets сілтемесі бойынша қолжетімді.
16 Сақтау шарттары
16.1
Көгалшапқышты сақтау
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты суытыңыз.
► Шөп жинағыштың ішін босатыңыз.
► Көгалшапқышты төмендегі шарттарға
сәйкес сақтаңыз:
– Көгалшапқыш балалардың қолы
жетпейтін жерде тұруы тиіс.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Көгалшапқыш аударылып кетпейді.
– Көгалшапқыш домалап кете алмайды.
16.2
Сақтау күйі
Сақтау орнын үнемдеу үшін көгалшапқышты
жинауға болады.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Кесік биіктігін ең биік күйіне қойыңыз.
13.2
► Бас тұтқаны жинаңыз.
► Көгалшапқышты бір қолыңызбен
тұтқадан (1), екінші қолыңызбен
тасымалдау тұтқасынан (2) ұстап, оны
артқа қойыңыз.
16.3
Аккумуляторды сақтау
STIHL компаниясы аккумуляторды 40 % және
60 % аралығындағы заряд деңгейімен (2
жарық диоды жасыл түспен жанып тұрады)
сақтауға кеңес береді.
► Аккумуляторды төмендегі шарттарға сәйкес
сақтаңыз:
– Аккумуляторды балалардың қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
– Аккумуляторды таза және құрғақ ұстаңыз.
– Аккумуляторды жабық үй-жайға қойыңыз.
462
9.2
– Аккумулятор көгалшапқыштан
ажыратылған.
– Аккумулятор қуаттау құрылғысымен
сақталған жағдайда: Желілік штекерді
ажыратыңыз және аккумуляторды 40 %
және 60 % аралығындағы заряд
деңгейімен (2 жасыл түсті жарық диоды
жанып тұр) сақтаңыз.
– Аккумулятор белгіленген температура
шегінен тыс сақталмаған,
Нұсқау
■ Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
сәйкес сақталмаса, аккумулятордың заряды
шектен тыс отырып, салдарынан
жөнделмейтін дәрежеде зақымдалуы
мүмкін.
► Сақтауға қояр алдында заряды біткен
аккумуляторды зарядтаңыз. STIHL
компаниясы аккумуляторды 40 % және
60 % аралығындағы заряд деңгейімен (2
жарық диоды жасыл түспен жанып
тұрады) сақтауға кеңес береді.
► Аккумуляторды көгалшапқыштан бөлек
сақтаңыз.
17 Тазарту
17.1
Көгалшапқышты тігінен қою
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Кесік биіктігін ең биік күйіне қойыңыз.
13.2
► Бас тұтқаны ең төменгі күйіне қойыңыз,
9.3.
► Оны құрылғының оң жағына қойыңыз.
► Лақтырманың қақпағын (1) ашып, ұстап
тұрыңыз.
► Сол қолыңызбен иінтіректі (2) төмен қарай
басып тұрыңыз.
► Оң қолыңызбен көгалшапқышты
тасымалдауға арналған тұтқасынан (3)
ұстап, артқа шалқайтып тігінен қойыңыз.
16 Сақтау шарттары
21.4.
0478-131-9870-B