15. Тозу дəрежесін
барынша азайту жəне
зақымдардан қорғау
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Бензинді көгалшапқыш
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нəтижесінде,
əсіресе қолдану мен қызмет көрсету
қауіпсіздігіне немесе рұқсат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нəтижесінде
алынған кез-келген материалдық
зияндар немесе жарақаттар үшін
VIKING компаниясы жауапкершілік
тартпайды.
VIKING құрылғысының зақымдалуын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін келесі маңызды
сілтемелерді орындаңыз:
1. Тез тозатын бөлшектер
VIKING құрылғының кейбір бөлшектерін
мақсатына сай пайдаланған кездің
өзінде де, олар қалыпты түрде тозуы
мүмкін, сондықтан уақытына қарай
пайдаланудың ұзақтығына жəне түріне
байланысты ауыстырылуы қажет.
Оларға мыналар жатады:
– Пышақ
– Сына тəрізді белдік
2. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтағы ақпаратқа сəйкестілік
VIKING құрылғыларын пайдалану,
оларға техникалық қызмет көрсету жəне
сақтау жөніндегі осы нұсқаулықтың
талаптарын мұқият орындаңыз.
Қауіпсіздік, басқару жəне қызмет
көрсету бойынша нұсқауларды
504
сақтамау нəтижесінде келтірілген кез-
келген залал үшін пайдаланушы
жауапкершілік тартады.
Бұл əсіресе мынаған жатқызылады:
– өнімге VIKING компаниясы
тарапынан рұқсат етілмеген өзгеріс
енгізу.
– VIKING компаниясы тарапынан
рұқсат етілмеген пайдаланылатын
материалдарды қолдану (майлау
материалдары, бензин жəне мотор
майы, іштен жанатын қозғалтқыш
өндірушісінің деректерін қараңыз).
– Аспап үшін жол бергісіз, жарамсыз
немесе сапасыз құрылғыларды
немесе керек-жарақтарды қолдану.
– өнімді, оның мақсатына сай
қолданбау.
– құрылғыны спорттық немесе
конкурстық іс-шараларда қолдану.
– ақаулы бөлшектері бар өнімді одан
əрі қолданудың нəтижесінде
туындаған зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
"Техникалық қызмет көрсету" бөлімінде
көрсетілген барлық жұмыстар тұрақты
жүзеге асырылуы тиіс.
Егер пайдаланушы өз бетімен бұл
жұмыстарды орындай алмаған болса,
делдалға жүгіну керек.
VIKING компаниясы, ТҚ жəне жөндеу
жасау үшін тек ресми делдалдарға
жүгінуді ұсынады.
VIKING компаниясы тұрақты оқыту
курстарын өткізіп тұрады жəне ресми
делдалдар үшін техникалық ақпарат
ұсынады.
Техникалық қызмет көрсетілмеген
жағдайда аспап істен шығуы мүмкін, ол
үшін жауапкершілік пайдаланушыға
жүктеледі.
Оларға мыналар жатады:
– тоттануға жəне дұрыс сақтамауға
байланысты басқа да зақымдары.
– сапасыз қосалқы бөлшектерді
қолдануға байланысты сынған
жерлері.
– уақытында өткізілмеген немесе
жеткіліксіз түрде өткізілген
техникалық қызметтен туындаған не
болмаса біліксіз тұлғалар тарапынан
өткізілетін сервистік жəне жөндеу
жұмыстарының кезінде пайда болған
зақымдар.
16. Қосалқы құрал
Disk Cut
6909 700 5106
17. Басқа да қосалқы
бөлшектер
Шапқыш пышақ (топырақ бетін жабу
жабындарына арналған пышақ)
6105 702 0121
Пышақ бұрандамасы
9008 319 9075
Қауіпсіз əйнек
0000 702 6600
0478 111 9933 A - KK