Жанар-Жағар Май Толтыру - Бензинді Қолдану Ережесі - Viking MB 3 RT Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 109
Қауіпсіздік мақсатында VIKING
компаниясымен рұқсат етілген,
қосымша құрылғыны монтаждаудан
басқа – құралдың құрылымына кез
келген өзгерістер енгізуге тыйым
салынады, сонымен қатар мұндай
əрекеттер кепілдіктің жойылуына
əкеледі. Рұқсат етілген қосымша
жабдықтау туралы ақпаратты VIKING
компаниясының делдалынан білуге
болады.
Сонымен қатар, іштен жанатын
қозғалтқыш пен электр мотордың
айналу жиілігіне немесе қуаттылығына
əсер ететін құрылғыны қолмен
қозғалтуға тыйым салынған.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, əсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл жəне
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
Назар аударыңыз! Діріл
арқылы денсаулыққа қауіп
төнеді! Дірілдерге
байланысты тым артық жүк
салмақтың түсуіне орай, əсіресе қан
тасу жолдарының ауруларымен
ауыратын адамдарда қан тасу
жолдарының аурулары, жүйке жүйесінің
ауытқуы пайда болуы мүмкін.
Тербелмелі жүк-салмағының түсуіне
орай пайда болуы мүмкін симптомдар
анықталған жағдайда дəрігерге
қаралыңыз.
Ең бастысы, тіс, алақан немесе білек
тұсында пайда болатын симптомдар
мынадай (тізімі толық емес):
– апатия,
– аурулар,
490
– бұлшық еттердегі əлсіздік,
– терінің пигменттенуі,
– жағымсыз қышыма.
4.2 Жанар-жағар май толтыру -
бензинді қолдану ережесі
Өміріңіз үшін қауіпті!
Бензин - улы əрі оңай тұтанатын
зат болып табылады.
Бензинді тек осыған арналған жəне
сертификатталған сыйымды
ыдыстарда (канистраларда) ғана
сақтаңыз. Сұйыққоймалардың
қақпақтарын əрқашан дұрыс бұрап
алып, дұрыс бұраңыз. Қауіпсіздік
талаптарына орай ақаулықтары бар
қақпақтарды жаңасына ауыстырған
жөн.
Жанармай секілді қолданыс
материалдарын пайдаға асыру жəне
сақтау мақсатында, сусындардың
бөтелкелері мен соған ұқсас заттарды
ешқашан қолданбаңыз. Бөтен адамдар,
əсіресе балалар, осы бөтелкенің
ішіндегісін ішіп қоюы мүмкін.
Бензинді жанып тұрған оттан,
жылу қайнарларынан жəне
ұшқынның басқа да ықтимал
қайнарларынан алшақ
ұстаңыз. Шылым шекпеңіз!
Жанармайды тек ашық ауада құйыңыз.
Жанар-жағар майды құйған кезде
шылым шекпеңіз.
Жанар-жағар май құяр алдында,
қозғалтқышты сөндіріңіз жəне
суытыңыз.
Қозғалтқышты қосар алдында оған
бензин құйыңыз. Жұмыс істеп тұрған
немесе əлі суымаған қозғалтқыштың
жанармай багын ашуға жəне оған
бензин құюға болмайды.
Жанармай багын артық
толтырмаңыз!
Жанармай орнының кеңеюіне
мүмкіндік беру үшін,
жанармай багын ешқашан
толтыру мойнының астыңғы
жиегінен асыра толтырмаңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
қосымша нұсқауларды орындаңыз.
Егер бензин ағып кеткен болса, онда
алдымен бензинмен кірленген қабатты
тазартып болғаннан соң, қозғалтқышты
іске қосыңыз. Бензин булары
буланбағанша, оталдыратын əрекет
жасамаңыз (құрғақ шүберекпен сүртіп
жіберіңіз).
Ағып кеткен жанармайды əркез сүртіп
отырыңыз.
Егер бензин киімге тиіп кеткен болса,
киімді ауыстыру керек.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Қажет болса, жағармайы бар бакты
босату керек, бұл шара ашық ауада
жасалады.
0478 111 9933 A - KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Mb 3 rtx

Tabla de contenido