Техникалық Сипаттар; Стандартты Жабдық; Пайдалану Алдында Тексеру - RIDGID 700 Manual Del Operario

Ocultar thumbs Ver también para 700:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
700 электр жетегі
Электр жетегін әрі RIDGID 258 құбыр кескішіне немесе өзге
қолдануға қуатты қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады,
("Өзге пайдалану" бөлімін қараңыз).
Қосқыш
Қозғалтқыш
Сериялық нөмір
корпусы
түймесі
тақтасы
Тұтқа
Қылшақ қақпағы
Айналу
кезінің тетігі
1-сурет – 700 үлгісіндегі электр жетегі
Техникалық сипаттар
Бұрандакесу қуаттылығы ... Құбыр 1/8 дюйм-2 дюйм (3-50 мм)
Болт 1/4 дюйм-1 дюйм (6-25 мм)
00-RB бастиегімен
Қозғалтқыш:
Түрі ........................................ Әмбебап, айналмалы
Қуаты .................................... 1/2 а.к
Кернеуі .................................115 В, 50/60 Гц; 230 В, 50/60 Гц
Жұмыс жылдамдығы ........... 26-30 айн/мин, жүктемесіз
Басқару тетіктері ................... Қос полюсті айналмалы қосқыш,
серіппенің ӨШІРУЛІ күйіне
оралуымен
Редуктор................................. Соғылған алюминий, цилиндрлік
тісті дөңгелек, серіппелі жалғағыш
ілмектері, шыңдалған болаттан
шпиндельдегі тісті дөңгелек
Өлшемдері:
Ұзындығы ............................. 28¼ дюйм (717 мм)
Ені ..........................................61/16 дюйм (154 мм)
Биіктігі ...................................713/16 дюйм (198 мм)
Салмағы ...............................25 фунт. (11 кг)
Стандартты жабдық
700 үлгісіндегі электр жетегі мына заттармен жеткізіледі:
• 700 электр жетегі
• Айналу кезінің тетігі
• Пайдаланушы нұсқаулығы
334
Ескерту жапсырмасы
(қозғалтқыш корпусында) Жақпа май
нүктесі
Тұтқа
Редуктор
корпусы
Желдеткіш
корпусы
Жалғағыш
ілмегі
700 электр жетегінің сериялық нөмір тақтасы қозғалтқыш
корпусының астында орналасқан. Соңғы 4 сан өндірілген айы
мен жылын білдіреді. (12 = ай, 15 = жыл).
2-сурет – Құрылғының сериялық нөмірі
ЕСКЕРТПЕ
Тиісті материалдарды таңдау және орнату,
біріктіру және түзу әдістері жүйе жасақтаушысының
және/немесе орнатушысының жауапкершілігіне жатады.
Жарамсыз материалдарды және әдістерді таңдау жүйенің
істен шығуына әкелуі мүмкін.
Тот баспайтын болат және басқа коррозияға төзімді
материалдар орнату, біріктіру және түзу кезінде ластануы
мүмкін. Бұл ластану коррозияны және мезгілінен бұрын
бұзылуға әкелуі мүмкін. Химиялық зат пен температураны
қоса белгілі бір қызмет көрсету жағдайларына материалдар
мен әдістердің жіті бағалануы кез келген орнату әрекеті
алдында орындалуы қажет.
Пайдалану алдында тексеру
ЕСКЕРТУ
Әрбір пайдалану алдында 700
электр жетегін тексеріңіз және
электр тогының соғу, езу және
өзге себептерге байланысты
ауыр жарақат қаупін азайту және электр жетегі
зақымдалуының алдын алу үшін ақаулықтарды
түзетіңіз.
1. Электр жетегінің ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
2. Тұтқаларын және басқару тетіктерін қоса электр
жетегінен және тіреу құрылғысынан майды, жақпа
майды немесе кірді тазалаңыз. Бұл тексеруге көмектеседі
және құрылғының немесе басқару тетігінің қысқыштан
сырғып кетуіне жол бермейді.
3. Электр жетегінде мыналарды тексеріңіз:
• Сымның және ашаның зақымдалуы немесе өзгертілуі.
• Тиісті түрде жинақтау, техникалық қызмет көрсету және
бөліктерінің толықтығы.
• Зақымдалған, дұрыс реттелмеген немесе шатысқан
бөліктер.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido