Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио
жиілік арқылы кедергі келтіруі мүмкін көлік
жабдығының жанында пайдаланбаңыз
• Құрылғы электр кардиостимуляторға
кедергі келтіретіндіктен, құрылғыны электр
кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см ауқымында
пайдаланбаңыз.
• Кардиостимуляторға жасалатын кедергіні азайту үшін,
құрылғыны тек дененің кардиостимулятор орналасқан
жағына қарама-қарсы жерде ғана пайдаланыңыз.
• Медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, құрылғыға
осы құрал шығаратын радиотолқындар әсері бар-
жоғын анықтау үшін, құрылғыны қолдану алдында, оны
жасаушымен хабарласыңыз.
• Ұшақта электрондық құрылғыларды пайдалану
ұшақтың электрондық навигациялық құралдарына
кедергі келтіруі мүмкін. Әуе желісімен берілген
ережелерді және ұшақ қызметкерлері нұсқауларын
орындаңыз. Құрылғыны пайдалану рұқсат етілген
жағдайларда үнемі ұшақ режимін пайдаланыңыз.
• Көлігіңіздегі электрондық құрал-жабдықтар осы
құрылғы шығаратын радиотолқындар әсерінен дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін,
өнім жасаушымен хабарласыңыз.
Құрылғыға ауыр түтін әсерін тигізбеңіз
Бұлай істеу құрылғының сыртын зақымдауы немесе оның
дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Есту құралын пайдалансаңыз, радиотолқын кедергісі
туралы мәліметті өнім жасаушыдан біліңіз
Құрылғы шығаратын радиотолқын кейбір есту
құралдарына кедергі жасауы мүмкін. Құрылғыны
пайдаланбас бұрын, есту құралына осы құрал шығаратын
радиотолқындар әсері бар-жоғын анықтау үшін, оны
жасаушымен хабарласыңыз.
Қазақ тілі
385