Capitolo 1
OKBABY BODY GUARD велосипедке арналған бала орындығы
Seggiolino da bicicletta per bambini OKBABY BODY GUARD
OKBABY BODY GUARD
велосипедке арналған бала орындығы
OKBABY S.r.l.
КАЗАҚ
Пайдаланушыға және жинауға арналған нұсқаулық
МАҢЫЗДЫ/ЕСКЕРІМ:
Осы нұсқауларды оқып, сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқауларын сақтаңыз және орындаңыз!
Бала орындығын пайдаланбас бұрын оны орнату мен пайдалану
жолдарын біліп алуыңыз қажет.
Мазмұны
1
Қауіпсіздік шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
2
Дұрыс пайдалану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
3
4
Өнім сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5
6
7
8
Пайдаланушы нұсқаулығы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
9
© 2009 Okbaby S.r.l.
Via del Lavoro 26
24060 Telgate BG Italy
Тұтас не жартылай аудару, қайта басып шығару не барлық не кейбір
тәсілдерді пайдаланып адаптациялау құқықтары барлық елдер үшін
сақталған.
Пайдаланушыға және жинауға арналған нұсқаулық
Pagina 2
2-ші бет
LIB093R01EU Өңдеуі: 03-2010
1-ші бөлім
Capitolo 1
Seggiolino da bicicletta per bambini OKBABYBODY GUARD
OKBABY BODY GUARD велосипедке арналған бала орындығы
1
Қауіпсіздік шаралары
ҚАУІПТІ! Қауіпсіздік нұсқауларын сақтаңыз және орындаңыз!
Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда апат не дефект балаңыздың
өміріне қауіп төндіреді.
Жалпы ескертулер
Жүргізуші, бала мен орындықтың жалпы салмағы велосипед үшін рұқсатталған
жалпы салмақтан аспауға тиіс.
Велосипедтің қосымша жүк артуға жарамдылығын тексеріңіз. Біз сонымен
қатар велосипедпен бірге берілген ақпаратты тексеріп не өндірушіден
ақпарат не ақыл-кеңес алуды ұсынамыз.
Велосипедпен бір уақытта екі баланы алып жүруге не екі баланы орындыққа
қатар отырғызып алып жүруге болмайды.
Артық салмақ велосипедті дұрыс жүргізуге бөгет жасайды. Сонымен қатар,
бала қауіпсіздігінің дұрыс сақталуына ешқандай кепілдік жоқ.
Бала салмағының орындық көтере алатын салмақ межесінен асып кетпегенін
мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
Бала орындығына ешбір өзгеріс енгізуге болмайды! Апат орын алған соң
орындықты уәкілетті дилер не маманға тексертіп алыңыз да, бүлінген
бөлшектерін алмастырыңыз.
Тексерілмеген не бөлшектері бүлінген орындықты ешқашан да
пайдаланбаңыз!
Орындықты табиғи құбылыстар (күн, жаңбыр, мұз т.б.), әсеріне ұзақ уақыт
бойы қалдырғанда оның материалы (полипропилен) уақыт өте келе өз
механикалық қасиеттерін жоғалта бастайды.
Қалыпты пайдаланылып және табиғи жағдайлар әсеріне де қалыпты ұшыраған
орындықты 3 жылдан соң алмастыру керек.
Велосипедті автокөлік төбесіне артып не арнайы велосипед тасымалдайтын
құрылғымен алып жүру қажет болған жағдайда орындықты міндетті түрде
алып қойыңыз. Ауа ағысына қарсы жүру орындыққа нұқсан келтіріп не
болмаса оның велосипедтен алынып қалуына себеп болуы мүмкін. 7
жасқа толмаған баланы орындыққа отырғызып алып жүру үшін велосипед
жүргізушісі кем дегенде Италиядағы қазіргі "Жол ережесіне" сай 18 жасқа
толған болуы тиіс. Егер орындық басқа елдерде пайдаланылатын болса, оны
пайдалану мерзімінде өз күшіне ие заңмен танысыңз.
Қауіпсіздік мақсатында бала мен жүргізушінің екеуі де қауіпсіздік каскасын
киюге тиіс.
Велосипедті әрқашан жол ережесін сақтай отырып сақ жүргізіңіз.
OKBABY BODY GUARD велосипедке арналған бала орындығы
Ешкімнің көмегінсіз өз орнында орнықты отыра алатын баланы ғана (тоғыз
айдан бастап және/не салмағы шамамен 9 кг) орындыққа отырғызыңыз. Бала
ешкімнің көмегінсіз ұзақ отыра алатындай, кем дегенде сапар аяқталғанша өз
орнында өз бетінше отыра алатын болуға тиіс.
Орындықты велосипедке орналастырғанда сақталуға тиісті қауіпсіздік
шаралары
Бала орындығы қыдыруға арналған, доңғалақтары қалыпты велосипедке
орнатылуға тиіс. Орындықты жұқа доңғалақты жарыс велосипедтеріне орнату
қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін.
Орындық астындағы серіппелердің барлығын да баланың саусақтары
Пайдаланушыға және жинауға арналған нұсқаулық
Pagina 3
3-ші бет
LIB093R01EU Өңдеуі: 03-2010