P/N 10102429
ҚАЗАҚША
Күші сенімсіздік тудыратын анкерлік бекіту нүктелеріне жақындамаңыз. Арнайы осы мақсаттарға арналған (EN 795 стандартына
сәйкес) құрылымдық бекіткіштерді, немесе ең аз күші 10кН құрайтын бекіту нүктелерін ҚОЛДАНЫҢЫЗ.
Əрбір пайдалану алдында сақтандыру арқанын МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қарап шығыңыз және оның дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар, белдікті қолдану еліндегі қолданыстағы заңдарға сәйкес әрбір он екі ай сайын тиісті бақылау органдарының білікті
мамандары қарап шығуы КЕРЕК. Сақтандыру арқанының белдіктерін, бауларын қатты тозу, жыртылу, жанған жерлерін, шеттерінің
мүжілу, қырылу және басқа да зақымдану жағдайларын тексеріп алыңыз. Тігістерінің созылған, кеңейген немесе жыртылған жерлерін
тексеріп шығыңыз. Өнімдегі таңбалау белгілерінің анық әрі айқын екендігіне көз жеткізіңіз. Тексеру кезінде ауытқулар байқалған
жағдайда, өкілетті тұлғадан жазбаша рұқсат алғанша белбеуді қолданбаңыз.
Ішкі жүйелерде берілетін ерекше нұсқаулар орындалуы тиіс.
Сақтандыру арқанын ӨЗГЕРТПЕҢІЗ және өз бетімен ЖӨНДЕУГЕ ТЫРЫСПАҢЫЗ.
Егер арқан қатты соққы жүктемесінің немесе сақтандыру жүйесі жүктемесінің әсеріне ұшыраса, оны дереу ажыратып, жою ҚАЖЕТ.
Белбеуді басты айналдыра немесе бас арқылы ӨТКІЗБЕҢІЗ және белбеуді құлауды бәсеңдету жүйелерінде қосқыш ретінде
қолданбаңыз. ӨЖА электр тогы соғу қаупі бар ортада орнатпаңыз және пайдаланбаңыз.
Белбеу қолдың астынан, аяқ арасынан немесе мойын арқылы өткізілмеуі ҚАЖЕТ.
Мүмкіндігінше ұзындығы келтірілген белбеуді қолданыңыз. ЕШҚАШАН ДА белбеуді орау арқылы кішірейтпеңіз. Бұл күшті 50% және
одан да жоғары пайызға кемітеді. ЕШҚАШАН ДА екі немесе одан да көп белбеулерді өзара байлау арқылы ұзартпаңыз. Болат
белбеулер, егер олар энергияны түрлендіргіштермен бірге қолданылмаса, жұмыскердің дене қалпын бекіту үшін ғана қолданылуы
тиіс.
Пайдаланушының қауіпсіздігі үшін төмендегі шарт маңызды болып табылады: егер өнім арналған елдің шектерінен тыс қайта
сатылатын болса, сауда делдалы қосымша өнім пайдаланатын елдің тілінде іске пайдалану, техникалық қызмет көрсету, мезгілдік
тексеру және жөндеу жүргізу үшін қажет нұсқаулықтар мен ақпарат беруге тиіс.
Бұл талаптарды орындамау немесе дұрыс қолданбау қауіпті жарақаттарға немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН САҚТАУ
Белбеулер нейлонды/полиэстер жіптерден, нейлонды/полиэстер арқандардан, мырышпен қапталған болат арқандардан немесе
шынжырланған болаттан жасалған. Барлық күш беретін техникалық қамтамасыз ету құралдары мырышпен қапталған қоспасыз
болаттан жасалған. Белбеулерді дайындауда пайдаланылған материалдарға зақым келуін болдырмау үшін, осы бөлімде келтірілген
тазалау жөніндегі нұсқауды дұрыс орындаңыз. Сақтандыру арқанын суға ерітілген жуғыш құралдың көмегімен тазалаңыз. Оны таза
сулық орамалмен сүртіп, ауада жайып кептіріңіз. Кебуді жылумен жылдамдатпаңыз. Кірдің, бояудың немесе басқа да бөтен заттардың
шамадан тыс жиналуы сақтандыру арқанының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауы және тіпті матасын бүлдіруі мүмкін. Белбеулерді
қауіпсіз пайдалану және тазалау мәселелері бойынша MSA хабарласыңыз.
Зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін сақтандыру жабдықтары «ЖАРАМСЫЗ» деп таңбалануы және
пайдаланудан алынып тасталуы қажет. Ақауларды жоюға қатысты техникалық қызметтер (тазалаудан басқалары) және элементтерін
ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары MSA зауытында жүргізілуі керек. Дала жағдайында өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз.
Сақтандыру арқанын тікелей күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ және таза жерде сақтаңыз. Жоғары температуралы аймақтарда,
сонымен қатар майлар, химикаттар сақталған жайларда олардың булары немесе басқа бүлдіргіш факторлар болуы мүмкін.
Зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін жабдықтарды жарамды жабдықтармен бірге сақтамаңыз. Сақтар
алдында қатты былғанған, ылғалданған немесе басқа жолдармен ластанған жабдықтарға тиісті техникалық қызмет көрсету керек
(мысалы, кептіру және тазалау). Ұзақ сақталған жабдықты пайдаланар алдында білікті органның өкіліне ресми тексертіп алған жөн.
Сақтандыру арқандарын жыртылудан, ылғалдың, химикаттардың және олардың буларының әсерінен, экстремальді температурадан
және ультракүлгін сәулелерінен сақтау үшін орамда тасымалдау керек.
Өнім пайдаланылмаған немесе өте сирек пайдаланылған және оңтайлы сақтау шарттары сақталған жағдайда өнімнің қызмет ету
мерзімі 10 жылға тең. Дегенмен, пайдаланылуға жарамдылықтың бастапқы көрсеткіші өнімнің жиі тексерілуі болып табылады.
Тексеруден өтпеген кез келген өнім пайдаланылу ұзақтығына байланыссыз бірден қызметтен шығарылуы керек. Мына факторлар
өнімнің тиімділігін және қызмет ету мерзімін азайтады: дұрыс сақтамау, дұрыс пайдаланбау, тозу және сызат, химикаттарға (қышқылдар
мен сілтілер) тиіп кету, жоғарғы температураларға және ультра күлгін сәулеленуге шығару. Осы орталарда тексеруді жиілету керек.
Page 46
© 2021 MSA