Bosch GCM 10 MX Manual Original página 204

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 41
орналастырылуын қамтамасыз етіңіз. Тегіс және
тұрақты жұмыс аймағы бұрыштық араның қимылдап
кету қауіпін кемітеді.
Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу
u
бұрышының параметрін өзгерткеніңізде,
реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс
реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне
тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты "ҚОСУ"дан алдын
және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін
бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі
болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз.
Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел
u
кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші
аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз
етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең
дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін.
Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса,
ол төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған
дискімен лақтырылуы мүмкін.
Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына
u
басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты
бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу
кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған
дискіге жақындатуы мүмкін.
Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып
u
тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген
болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген
бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін.
Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
u
материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе
бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен
соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі тістеп
дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы
мүмкін.
Дайындамаға тиюден алдын дискі толық
u
жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама
лақтырылу қауіпін кемітеді.
Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса,
u
бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған
бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат
көзінен шығарыңыз /немесе батарея жинағын
шығарыңыз. Сосын тұрып қалған материалды
шығарыңыз. Дайындама тұрып қалған кезде
аралауды жалғастыру бұрыштық араның бақылауы
жоғалуына немесе зақымдалуына алып келуі мүмкін.
Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара
u
басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар
алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып
тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті.
Толық емес кесікті орындағанда немесе өшіргішті
u
жібергенде тұтқаны ара басы толығымен төменгі
күйге түскенше қатты ұстаңыз . Араның тоқтау
әрекеті ара басын кездейсоқ төменгі тартып
жарақаттану қауіпіне алып келуі мүмкін.
Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары
u
өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау
дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге,
артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға
әкелуі мүмкін.
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және
u
өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз.
Араның орнату құралдарына сай болмаған дискілер
теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді.
Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын,
u
ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан
алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен
тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
u
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда
маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
Электр құралы айналып тұрғанда,
аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара
дискісіне тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
мүмкін.
Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ
немесе қолды осы аймақтан
мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз.
Аралау дискісінің өлшемдеріне назар
30mm
аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз
аспап шпинделіне сай келуі керек.
Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану
керек болса, жалғастырғыш тетік
Autogoods "130"
Қазақ | 203
1 609 92A 5U4 | (07.10.2020)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gcm 10 mx

Tabla de contenido