Техникалық Күтім Және Қызмет; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch GCM 10 MX Manual Original

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 41
210 | Қазақ
Тексеру (Q1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық калибрді 45° шамасына реттеп, оны аралау
үстеліне (7) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша
ара дискісінде (41) жатуы керек.
Реттеу (Q2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (23) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (13 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (26) қайтадан тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (23) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (31) реттелген соң шкаланың
(32) 45° белгісімен бір сызықта болмаса, алдымен тік
еңіс бұрышы мен бұрыш индикаторының 0° реттеуін
тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының
реттеуін тексеріп шығыңыз.
Тасымалдау (S суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін
мүмкіндігінде жабық контейнерге салыңыз.
– Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (28) ұстап
тасыңыз немесе аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау
ойықтарынан (15) ұстаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспабын пайдаланыңыз, ешқашан қорғаныш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі
жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш
қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз.
Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп
шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және
жоңқаны кетіріңіз.
1 609 92A 5U4 | (07.10.2020)
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Керек-жарақтар
Ұзартқыш дөңес
Қатты ағаш, композиттік материалдар, пластик пен
түрлі-түсті металдарға арналған ара дискілері
Ара дискісі, 254 x 30 мм, 96 тісті
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Autogoods "130"
Өнім нөмірі
1 619 PA6 916
2 608 640 451
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gcm 10 mx

Tabla de contenido