3.0 ОРНАТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
3.1
ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ: Жұмысқа кірісуден бұрын құлаудан қорғау жүйесін пайдалануға қатысты жоспар құрыңыз. Құлаудан
бұрын, құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық факторларды ескеріңіз. 1-бөлімде
берілген барлық талаптар мен шектеулерді ескеріңіз.
3.2
БЕКІТУ НҮКТЕСІ: 8-суретте амортизаторлы ілгіш бауды бекіту нүктесі көрсетілген. Еркін құлау аралығы және тербеліс
салдарынан құлау қаупі ең төмен болатын бекіту нүктесін таңдаңыз (1-бөлімді қараңыз). 1-бөлімде берілген статикалық
жүктемелерді көтере алатын берік бекіту нүктесін таңдаңыз. Бас жақтағы тұсқа бекіту ыңғайсыз болса, ілгіш бауларын
қолданушының Dorsal D тәрізді сақинасы деңгейінен төмен орналасқан бекіту нүктесіне бекітіңіз, бірақ жұмысшының аяғынан
төмен бекітпеңіз.
3.3
САҚТАНДЫРҒЫШ БЕЛДІК БЕКІТПЕСІ: Амортизаторлы ілгіш бау денені толық сақтандыратын белдікпен бірге пайдаланылуы
тиіс. Биіктіктен құлаудан сақтайтын баудың тіркеме элементтері «A» әрпімен белгіленген. Биіктіктен құлаудан сақтайтын бауды
пайдаланар кезде, ілгіш баудың амортизаторы бар ұшын баудың артқы Dorsal тіркеме элементіне (D тәрізді сақина) (8-суретті
қараңыз) немесе төс жақтағы алдыңғы артқы тіркеме элементіне (D тәрізді сақина) іліңіз. Ілмекті өзге жағдайларда пайдалану
мен ұсынылған бекіту нүктелері туралы білу үшін сақтандырғыш белдікпен бірге берілген нұсқауларды қараңыз.
Кейбір ілгіш бау үлгілерінде сақтандырғыш белдіктің D тәрізді сақина бекітпесін немесе тоқыма бау бұғалығын (9-суретті
қараңыз) қысып буатын қысу бұғалығы болады. Ілгіш бауды сақтандырғыш белдіктің D тәрізді сақина бекітпесіне немесе
тоқыма бау бұғалығына буу үшін:
1.
Ілгіш баудың тоқыма бау бұғалығын сақтандырғыш белдіктегі тоқыма бау бұғалығы немесе D тәрізді сақина арқылы
өткізіңіз.
2.
Ілгіш баудың тиісті ұшын баудың бұғалығы арқылы өткізіңіз.
3.
Ілгішті бауды бекіту үшін тоқыма бау бұғалығы арқылы тартыңыз.
3.4
АНКЕРЛІ БЕКІТПЕ: 8-суретте амортизаторлы ілгіш бауды әртүрлі бекіту нүктелеріне бекіту әдістері көрсетілген. Амортизаторлы
ілгіш баудың бекітілетін ұшында бекітуге болатын әртүрлі ілмектерге ілу, артқы ілмекке ілу және арқанды ілу нұсқалары бар:
•
Ілмектерді бекіту: 8A суретінде ілгіш баудың арматураға арналған ілмегімен арматураға жалғау әдісі көрсетілген. 8B
суретінде ілгіш баудың ілмек-карабині көмегімен қоставр қыса буатын ілу адаптеріне жалғау әдісі көрсетілген. Жалғағыш
элементтер үйлесімділігіне және дұрыс жалғау әдістеріне қатысты мәлімет алу үшін 2-бөлімді қараңыз.
•
Артқы ілмекті ілу: 8C суретінде артқы ілмегі бар ілгіш баумен бұрыш боп иілген темірді айнала ілінетін әдіс көрсетілген.
Артқы ілмегі бар ілгіш бауды бекіту құрылымына 10-суретте көрсетілгендей орағыта бекітіңіз:
1.
Артқы ілмегі бар ілгіш баудың бір бөлігін бекіту құрылымына бау бұратылып қалмайтындай іліңіз. Еркін қозғалатын
D тәрізді сақинаны (A) бекіту құрылымынан төмен ілініп тұратындай реттеңіз. Ілгіш баудың ілмек-карабинін еркін
қозғалатын D тәрізді сақинаға бекітіңіз. Ілгіш баудың бекіту құрылымына мықты бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
2.
Ілмек-карабиндегі бекіткіш қақпақтың (B) бекіту құрылымына тиюіне жол бермеңіз.
•
WrapBax бекітпесі: 10-суретте WrapBax бауы арқылы бекіту құрылымын айналдыра ілу әдісі көрсетілген.
WrapBax баулары өздерінің жеке бөлігіне ілінетін арнайы WrapBax ілмектерімен жабдықталған:
1.
WrapBax бауының бір бөлігін бекіту құрылымының үстіне ілгіш бауды бұрамастан іліңіз. Ілгіш бау бөлігін
бекіту құрылымына орап, WrapBax ілмегін өзінің жеке бөлігіне бекітіңіз. Ілгіш бау бөлігі құрылымға
бірнеше рет оралуы мүмкін, бірақ WrapBax ілмегі өз бөлігіне бір рет оралу арқылы бекітілуі тиіс.
2.
Бекіту нүктесін айналдыра ілу үшін WrapBax ілмектері бар ілгіш бауларды ғана пайдаланыңыз және тек
өз бөлігіне жалғаңыз. WrapBax түріне жатпайтын ілмегі бар ілгіш бауды бұлай бекітпеңіз.
•
Арқанды ілу ілмегіне бекіту: 8C суретінде тікесінен тартылған тросқа жалғанған арқан ұстағыш элементі бар
амортизаторлы ілгіш бау көрсетілген. Арқан ұстағыш элементті орнату және пайдалануға қатысты мәлімет алу үшін
тікесінен тартылған троспен бірге берілген нұсқауларды қараңыз.
;
Өздігінен жиналмалы құрылғылар: Амортизаторлы ілгіш бауды немесе амортизаторды өздігінен жиналмалы
құрылғыға (ӨЖҚ) жалғамаңыз. ӨЖҚ-ға жалғау рұқсат етілуі мүмкін арнайы жағдайлар бар. 3M құлаудан қорғау бөліміне
хабарласыңыз.
3.5
ІЛГІШ БАУДЫ РЕТТЕУ: Кейбір ілгіш бау үлгілері баудың бөлігін қысқарту немесе ұзартуға және баудың бостығын жоюға
арналған реттегішпен жабдықталған. Ілгіш бауды тартылған күйде ұстау бауға сүріну немесе баудың төңіректегі заттарға ілініп
қалу мүмкіндігін азайтады.
•
Бекіткішті реттегіш (11-сурет): Бау бөлігінің ұзындығын реттеу үшін:
1.
Бұғалық фиксаторын (A) бекіткіш реттегіштен (B) алысырақ сырғытыңыз.
2.
Бау бөлігін қысқарту немесе ұзарту үшін бекіткіш реттегішін тоқыма баудың бойымен жоғары немесе төмен
жылжытыңыз.
3.
Тоқыма бау мен бекіткіш реттегішін бекіту үшін бұғалық фиксаторын кейін қарай сырғытыңыз.
4.0 ПАЙДАЛАНУ
;
Амортизаторлы ілгіш бауларды (ілгіш бауларды) алғашқы рет немесе сирек пайдаланатын қолданушылар ілгіш
бауды пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықтың басындағы «Қауіпсіздік мәліметімен» танысуы керек.
4.1
ЖҰМЫСШЫ ТАРАПЫНАН ӨТКІЗІЛЕТІН ТЕКСЕРІС: Әр пайдаланудан бұрын амортизаторлы ілгіш бауды тексеру және күтім
жасау кітапшасы (2-кесте) бөліміндегі тексеру тізіміне сай тексеріңіз. Егер тексеріс қауіпсіз жағдайдың бар екенін немесе ілгіш
баудың зақымданғанын немесе құлау кезінде пайдаланылғанын анықтаса, ілгіш бауды пайдалануды доғарып, жойып жіберіңіз.
4.2
ҚҰЛАҒАННАН КЕЙІН: Құлау кезінде ұстап қалу күштері әсер еткен немесе орнату және күтім жасау кітапшасы (2-кесте)
163