қазақ
► От алдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
► Көгалшапқышты ол төңкерілмейтіндей
және қозғалмайтындай қыспа
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен жарамды жүк тиеу бетіне
бекітіңіз.
■ Қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін,
дыбысты басқыш пен қозғалтқыш қызып
кетуі мүмкін. Пайдаланушы тасымалдау
кезінде күйіп қалуы мүмкін.
► Көгалшапқышты жылжытыңыз.
■ Көгалшапқыш ауыр. Пайдаланушы
көгалшапқышты жалғыз тасымалдаса,
пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Жұмыс қолғаптарын киіңіз.
► Көгалшапқышты екілеп тасымалдаңыз.
4.10
Сақтау
Сақтандыру
■ Балалар көгалшапқыш тәуекелдерін
анықтай алмауы және бағалай алмауы
мүмкін. Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Металл компоненттерді ылғал әсерінен тот
басуы мүмкін. Көгалшапқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Көгалшапқышты таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
■ Көгалшапқыш құлама беттерге сақтауға
қойылған жағдайда, ол кенет домалап кетуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы және
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Көгалшапқышты тек тегіс беттерге
сақтауға қойыңыз.
4.11
Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрса, адамдар ауыр жарақат
алуы немесе материалдық зияннан зардап
шегуі мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
288
5 Көгалшапқышты пайдалануға дайындау
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
■ Қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін,
дыбысты басқыш пен қозғалтқыш қызып
кетуі мүмкін. Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
► Дыбысты басқыш пен қозғалтқыш
суығанша күтіңіз.
■ Өткір тазалағыш құралдар, су ағынымен
тазалау немесе үшкір заттар
көгалшапқышқа немесе пышаққа зақым
келтіруі мүмкін. Көгалшапқыш немесе
пышақ тиісінше тазаланбаған жағдайда,
құрамдас бөлшектер тиісінше жұмыс
істемеуі және сақтандырғыш құрылғылар
бұзылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Көгалшапқышты және пышақты аталмыш
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталғандай тазалаңыз,
■ Көгалшапқыш немесе пышақ тиісінше
күтілмеген немесе жөнделмеген жағдайда,
құрамдас бөлшектер тиісінше жұмыс
істемеуі және сақтандырғыш құрылғылар
бұзылуы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Тозған немесе зақымдалған бөлшектерді
ауыстырыңыз.
► Көгалшапқышқа техникалық қызмет
көрсету немесе оны жөндеу қажет болса:
STIHL делдалына хабарласыңыз.
► Пышаққа аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай техникалық
қызмет көрсетіңіз.
■ Пышақты тазалаған, жөндеген немесе оған
техникалық қызмет көрсеткен жағдайда,
пайдаланушыны өткір жиектер кесіп алуы
мүмкін. Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіңіз.
■ Қайрау кезінде пышақ қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланушы өзін күйдіріп алуы мүмкін.
► Пышақ суығанша күтіңіз.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіңіз.
5
Көгалшапқышты
пайдалануға дайындау
5.1
Көгалшапқышты пайдалануға
дайындау
Әр жұмысты бастамас бұрын төмендегі
әрекеттерді орындау қажет:
15.2.
0478-111-9950-A