Bosch GCM 12 GDL Professional Manual Original página 310

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 GDL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
– Реттеу бұрандамасын (64) алты қырлы дөңбек кілтпен
(18) лазер сәулесі бүтін ұзындығында сызылған кесік
сызығына параллельді болуына болғаныша бұраңыз.
Онда сол лазер сәулесі да жылжытылады.
Сағат тіліне қарсы бір айналым лазер сәулесін оңдан
солға жылжытады.
2. Сол лазер сәулесін реттеу:
– Реттеу бұрандамасын (64) ішкі алты қырлы кілтпен
((18) сол лазер сәулесі дайындамадағы сызылған
сызықтан оң лазер сіулесімен бірдей аралықта
болғаныша бүраңыз.
Сағат тіліне қарсы бір айналым лазер сәулесін оңдан
солға жылжытады.
– Лазер қорғау қалпақшасын (27) қайта бекітңіз.
Параллельдігін реттеу (T4 суретін қараңыз)
– Лазер қорғау қалпақшасын (27) алып қойыңыз.
– Бекіткіш бұрандаманы (65) (шам. 1-2 айналым) алты
қырлы дөңбек кілтпен (18) босатыңыз. Бұранданы
толық шығармаңыз.
– Лазердің орнату тақтасын лазер сәулелері бүтін
ұзындығында дайындамада сызылған кесік сызығынан
параллельді болғанша оңға немесе солға
жылжытыңыз.
– Лазердің орнату тақтасын осы күйде ұстап бекіткіш
бұранданы (65) қайта берік бұрап қойыңыз.
– Реттеуден соң кесік сызығының түзулігін тексеріңіз.
Керек болса, лазер сызықтарын реттеу
бұрандамаларымен (64) қайта туралаңыз.
– Лазер қорғау қалпақшасын (27) қайта бекітңіз.
Жылжымалы тұтқаны жылжытуда жақтық ауытқуды
реттеу (T5 суретін қараңыз)
– Лазер қорғау қалпақшасын (27) алып қойыңыз.
– Екі бекіткіш бұрандаманы (66) (шам. 1-2 айналым)
алты қырлы дөңбек кілтпен (18) босатыңыз.
Бұрандаларды толық шығармаңыз.
– Лазер корпусын лазер сызықтары жылжымалы
тұтқаны арқаға жылжытуда жанға ауытқулары жоқ
болғаныша оңға немесе солға жылжытыңыз.
– Реттеуден соң кесік сызығының түзулігін тексеріңіз.
Керек болса, лазер сызықтарын реттеу
бұрандамаларымен (64) қайта туралаңыз.
– Лазердің корпусын осы күйде ұстап бекіткіш
бұрандамаларын (66) қайта берік бұрап қойыңыз.
– Лазер қорғау қалпақшасын (27) қайта бекітңіз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (38) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне
(38) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (40) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Қысқыш тұтқаны (13) босатыңыз.
Bosch Power Tools
– Екі реттеу бұрандамасын (67) (кемінде 1 айналым)
дөңбек кілтпен (10 мм) босатыңыз.
– Бекіткіш бұрандаманы (69) (шам. 3 айналым) алты
қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (17) босатыңыз.
– Реттеу бұрандамасын (68) алты қырлы дөңбек кілтпен
(4 мм) (17) бұрышты калибрдің бір жағы бүтін
ұзындығында ара дискісінде жатқаныша бұраңыз.
– Қысқу тұтқасын (13) қайта берік бекемдеңіз. Алдымен
реттеу бұрандамасын (69) сосын (67) реттеу
бұрандамаларын қайта бұрап қойыңыз.
Егер (33) мен (21) реттеуден соң (32) шкаласының 0°
белгілерімен бір сызықта тұрмаса, бекіткіш бұранданы
крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш көрсеткішін 0°
белгілерінен туралаңыз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышын 45° (солда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (38) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
– Сол реттелетін тіреуіш планканы (5) толық сыртқа
тартыңыз.
– Қысу тұтқасын (13) босатып жылжымалы тұтқаны қол
тұтқасында (1) тірелгенше солға (45°) қисайтыңыз.
Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне
(38) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (40) жатуы керек.
Реттеу (V2 суретін қараңыз)
– Реттеу бұрандамасын (70) айыр тәрізді кілтпен (8 мм)
бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде жатқанша бұраңыз.
– Қысу тұтқасын (13) қайта берік бекемдеңіз.
Егер (33) мен (21) бұрыш көрсеткіштері реттеуден соң
(32) шкаласының 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса
алдымен еңіс бұрышының 0° параметрін сосын бұрыш
көрсеткішін тексеріңіз. Сосын қисайту бұрышының 45°
параметрін тексеріңіз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 45° (оңда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (38) 0° ойығына (15) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
– Оң реттелетін тіреуіш планканы (5) толық сыртқа
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) босатыңыз.
– Жылжымалы тұтқаны қолтұтқада (1) 0° күйінен
аздап солға аударып бұрау тетігін (39) керекті
оң еңіс бұрышының диапазоны көрсетілгенше
бұраңыз.
– Жылжымалы тұтқаны қолтұтқасынан (1) тірелгенше
оңға (45°) қайырыңыз.
Autogoods "130"
Қазақ | 309
1 609 92A 5RR | (02.07.2020)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido