Descargar Imprimir esta página

Stihl PS 3000.0 Manual De Instrucciones página 198

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
қазақ
Сақтандыру
■ Егер портативті қуат беру блогы мақсаты
бойынша қолданылмаса, адамдар зардап
шегуі немесе қаза табуы, сондай-ақ оларға
материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
► Портативті қуат беру блогы осы қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай
қолданыңыз.
4.3
Пайдаланушыларға
қойылатын талаптар
Сақтандыру
■ Үйретілмеген пайдаланушылар портативті
қуат беру блогының қауіптілігін тани немесе
бағалай алмайды. Пайдаланушы және
басқа да адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Қолдану нұсқаулығын оқып
шығыңыз, түсініңіз және сақтап
қойыңыз.
► Егер портативті қуат беру блогы басқа
тұлғаға берілсе: қолдану нұсқаулығын
қоса беріңіз.
► Пайдаланушы келесі талаптарды
қанағаттандыратынына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушы шаршаған емес.
– Пайдаланушы портативті қуат беру
блогын физикалық, зияткерлік және
сенсорлық тұрғыдан басқара алады.
Егер пайдаланушының физикалық,
сенсорлық немесе психикалық
қабілеті шектеулі болса, онда
пайдаланушы, жауапты тұлғаның
бақылауымен немесе нұсқауларымен
ғана жұмыс істей алады.
– Пайдаланушы портативті қуат беру
блогының қауіптілігін тани алады
және бағалай алады.
– Пайдаланушы кәмелетке толған тұлға
болып табылады немесе
пайдаланушы ұлттық ережелерге
сәйкес бақылаумен кәсіби
даярлықтан өткен.
– Пайдаланушы портативті қуат беру
блогын бірінші рет пайдаланар
алдында STIHL мамандандырылған
дилеріне немесе құзыретті тұлғаға
барып, білім алды.
– Пайдаланушы алкоголь, дәрі-дәрмек
немесе есірткі әсерінде емес.
► Кез келген күмән туындаған жағдайда:
STIHL компаниясының
198
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
мамандандырылған сату орталығына
хабарласыңыз.
4.4
Жұмыс кеңістігі және
қоршаған орта
Сақтандыру
■ Бөтен тұлғалар, балалар және жануарлар
портативті қуат беру блогынан туындайтын
қауіптілікті тани және бағалай алмауы
мүмкін. Бөгде адамдар, балалар және
жануарлар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
алшақ жерде болуы тиіс.
► Портативті қуат беру блогы балалар
ойнай алмайтын жерде екеніне көз
жеткізу керек.
■ Портативті қуат беру блогы қоршаған
ортаның барлық әсерлерінен қорғалмаған.
Егер портативті қуат беру блогы белгілі бір
қоршаған ортаға әсер етсе, ол жануы,
жарылуы немесе қалпына
келтірілмейтіндей зақымдалуы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Портативті қуат беру блогын
қызудан және оттан қорғаңыз.
► Портативті қуат беру блогын отқа
тастамаңыз.
► Портативті қуат беру блогын белгіленген
температура шектерінен тыс
қуаттамаңыз, пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз,
► Портативті қуат беру блогын
сұйықтыққа батыруға болмайды.
► Портативті қуат беру блогын жоғары
қысымға ұшыратпаңыз.
► Портативті қуат беру блогын қысқа
толқындардың әсеріне ұшыратпаңыз.
► Портативті қуат беру блогын химикаттар
мен тұздардан қорғаңыз.
► Портативті қуат беру блогын жеңіл
тұтанатын және жарылу қаупі бар
орталарда қолданбау керек.
► Портативті қуат беру блогын жеңіл
тұтанатын бетте пайдаланбаңыз.
► Егер портативті қуат беру блогын
көтергіш жұмыс платформасында немесе
сенімді құрылыс ормандарында
пайдалану қажет болса: портативті қуат
беру блогын құлаудан қорғау құралы
арқылы бекітіңіз.
■ Егер портативті қуат беру блогы жұмыс беті
ретінде пайдаланылса, портативті қуат беру
15.3
0458-014-9901-A

Publicidad

loading