Descargar Imprimir esta página

Stihl PS 3000.0 Manual De Instrucciones página 200

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
қазақ
Егер қуаттағыш кабель немесе
ұзартқыш сым зақымдалған болса:
► Зақымданған учаскеге тиіп
кетпеңіз.
► Қуат ашасын розеткадан
суырыңыз.
► Қуаттағыш кабельді, ұзартқыш сымды
және олардың қуат ашасын құрғақ
қолмен ұстаңыз.
► Қуаттағыш кабельдің немесе ұзартқыш
сымның қуат ашасын дұрыс орнатылған
және жерге тұйықтау түйіспесі бар
розеткаға қосыңыз.
► Қуаттағыш кабельді дифференциалды
токтың автоматты ажыратқышы (30 мА,
30 мс) арқылы қосыңыз.
► Егер қуаттағыш кабель немесе ұзартқыш
сым қосылған немесе ажыратылған
болса: әрқашан штепсельден ұстап,
кабельді тартпаңыз.
■ Зақымдалған немесе жарамсыз ұзартқыш
сым электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы мүмкін.
► Қимасы дұрыс болып табылатын
ұзартқыш сымды қолданыңыз,
► Егер портативті қуат беру блогы ашық
ауада қуатталса немесе пайдаланылса:
ашық ауада пайдалануға рұқсат етілген
шашырауға қарсы ұзартқыш сымды
қолданыңыз.
Сақтандыру
■ Қуаттау барысында дұрыс емес болған
желінің кернеуі немесе дұрыс емес болған
желінің жиілігі портативті қуат беру
блогының артық жүктемесіне себеп болуы
мүмкін. Портативті қуат беру блогы
зақымдалуы мүмкін.
► Желінің кернеуі мен электр желісінің
жиілігі портативті қуат беру блогының
зауыттық тақтайшасындағы деректерге
сай келетініне көз жеткізіңіз.
► Портативті қуат беру блогы автокөлікте
қолданылса: автокөліктегі электр
желісінің кернеуі мен жиілігі портативті
қуат беру блогының зауыттық
тақтайшасындағы деректерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
■ Егер портативті қуат беру блогы желілік
розеткаға қосылған болса, қуаттау кезінде
электрлік сымдарға артық жүктеме түсуі
мүмкін. Электрлік құрамдастар қызып кетіп,
тұтану себебі болуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақаттар алуы немесе қайтыс болуы
200
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Желілік розеткадағы қуат сипаттамалары
портативті қуат беру блогының және
желілік розеткаға қосылған барлық
электр құрылғыларының зауыттық
тақтайшасында көрсетілген
сипаттамалардан аспайтындығына көз
жеткізіңіз.
■ Дұрыс жүргізілмеген қуаттағыш кабель
және дұрыс жүргізілмеген ұзартқыш сым
зақымдалуы және оған адамдар сүрініп
қалуы мүмкін. Адамдар жарақат алуы, ал
қуаттағыш кабель немесе ұзартқыш сым
зақымдалуы мүмкін.
► Қуаттағыш кабельді және ұзартқыш
сымды адамдар оған сүрінбейтіндей етіп
жүргізіңіз және белгілеңіз.
► Қуаттағыш кабельді және ұзартқыш
сымды созылмайтындай және
шатаспайтындай етіп жүргізіңіз.
► Қуаттағыш кабельді және ұзартқыш
сымды зақымдалмайтындай,
қысылмайтындай немесе
қажалмайтындай етіп өткізіңіз.
15.2.
► Қуаттағыш кабельді және ұзартқыш
сымды жылудан, май мен химиялық
заттардың түсуінен қорғаңыз.
► Қуаттағыш кабельді мен ұзартқыш
сымды құрғақ жерде жүргізіңіз.
■ Ұзартқыш сым жұмыс жасау кезінде қызып
кетеді. Жылуды бұру мүмкін болмаса,
тұтану орын алуы мүмкін.
► Кабель орауышы қолданылатын болса:
кабель орауышын толығымен
тарқатыңыз.
■ Портативті қуат беру блогын автокөлікте
пайдалануға және қуаттауға болады.
Портативті қуат беру блогы автокөлікте
дұрыс қолданылмаса немесе қуатталмаса,
онда автокөліктің бөлшектері зақымдалуы
мүмкін. Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Портативті қуат беру блогын қозғалыс
кезінде төңкерілмейтіндей және
жылжымайтындай етіп бекітіңіз.
► Портативті қуат беру блогын үнемі
автокөлікке орната бермеңіз және үнемі
автомкөлікте пайдаланбаңыз.
► Автокөліктің қуат желісіне қосу кезінде
орнату жөніндегі қолданыстағы ұлттық
нұсқауларды ұстаныңыз.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
0458-014-9901-A

Publicidad

loading