Өлшеп болғаннан кейін лазер сәулесі өшеді.Кейінгі өлшеу үшін осы әрекетті
қайталаңыз.
Өлшеу мәндерін немесе соңғы нәтижелерді қосуға немесе алуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына
жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжыту мүмкін емес (ұзақтықты өлшеу
функциясын қоспағанда). Сондықтан өлшеу құралын мүмкіндігінше берік тіреу
немесе жанасу бетіне қойыңыз.
Қабылдау линзасы (15) мен лазер сәулесінің шығысын (16) өлшеу кезінде
жабуға болмайды.
Негізгі жазықтықты таңдау
Өлшеу үшін әртүрлі негізгі жазықтықтардың арасынан таңдауға болады:
өлшеу құралының артқы жиегін (мысалы, қабырғаға орналастырғанда)
штатив ирек оймасының (14) ортасын (мысалы, штативпен өлшегенде)
өлшеу құралының алдыңғы жиегін (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде)
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына
жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Негізгі реттеулер мәзірі
Негізгі реттеулер мәзірінде төмендегі негізгі реттеулер бар:
–
Таңдаулы функция
–
Негізгі жазықтықты өзгерту (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау", Бет 279)
–
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
–
Дисплей жарығын қосу/өшіру
–
Батарея қуатын үнемдеу режимін қосу/өшіру
–
Өлшем бірлігін ауыстыру
Bosch Power Tools
Қазақ | 279
1 609 92A 7P5 | (24.06.2022)