Descargar Imprimir esta página

Hilti PM 2-PG Manual De Instrucciones Original página 250

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 49
▶ Жылдам өзгеретін өлшеу шарттары өлшеу нәтижелеріне әсер ете алады.
▶ Өнім температураның кенет өзгерістеріне ұшыраған жағдайда, өнім қоршаған орта
температурасын қабылдағанша күтіңіз. Қатты жылу айырмашылықтары қате жұмыс істеуге
және дұрыс емес өлшеу нәтижелеріне апарып соғуы мүмкін.
▶ Адаптерлерді және керек-жарақты қолданғанда керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
▶ Өлшеу құралы құрылыс алаңдарының қатаң жағдайларында қолдануға арналғанымен, оған
дәл басқа оптикалық және электр өнімдеріне (жорық дүрбісі, көзілдірік, фотоаппарат) сияқты
ұқыпты қарау керек.
▶ Берілген жұмыс және сақтау температураларын сақтаңыз.
2.2
Лазерлік өлшеу құралдарына арналған қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
▶ Өнім дұрыс ашылмаған жағдайда, 2-кластан асатын лазерлік сәулелену орын алуы мүмкін.
Өнімді тек Hilti қызмет көрсету орталығында ғана жөндетіңіз.
▶ Өлшеу орнын қорғаңыз. Өнімді орнатқан кезде лазерлік сәуленің басқа адамдарға немесе
өзіңізге бағытталмағанына көз жеткізіңіз. Лазерлік сәулелер көз деңгейінен айтарлықтай төмен
немесе жоғары өтуі керек.
▶ Қате өлшемдерді болдырмау үшін, лазерлік сәуленің шығу терезесін таза ұстаңыз.
▶ Өлшеу/қолдану алдында және өнімді қолдану барысында бірнеше рет өнімнің дәлдігін тексеріңіз.
▶ Қайтаратын нысандар немесе беттер жанында орындалған өлшемдер, әйнек немесе ұқсас
материалдар өлшеу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
▶ Өнімді жарамды ұстағышқа, штативке монтаждаңыз немесе оны тегіс бетке қойыңыз.
▶ Өлшеу рейкаларымен жоғары кернеу желілерінің жанында жұмыс істеуге тыйым салынады.
▶ Айналаңызда өлшеу әрекетіне әсер ете алатын ешқандай басқа лазерлік өлшеу құралының
жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Лазерлік сәулелердің қадағаланбайтын аймақтардан тыс шықпауын қадағалаңыз.
2.3
Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастау алдында монтаждалатын керек-жарақтың берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз.
2.4
Электрмагниттік үйлесімділік
Аспап сәйкес директивалардың қатаң талаптарына сай болғанымен, Hilti компаниясы оны пайда-
лану кезінде күшті өрістердің әсерінен қате өлшеулерге әкелуі мүмкін кедергілердің пайда болуы
мүмкіндігі бар екенін жоққа шығармайды. Осы және басқа жағдайларда бақылау өлшеулерін өткізу
керек. Сондай-ақ Hilti компаниясы аспапты пайдалану кезінде басқа аспаптардың әсерінен (мысалы,
ұшақтарда қолданылатын навигациялық құрылғылардың) кедергілердің пайда болу мүмкіндігін жоққа
шығармайды.
2.5
2-ші лазер класындағы өнімдерге арналған лазерлік жіктеу
Өнім IEC ⁄ EN 60825­1:2014 және CFR 21 § 1040 (FDA) стандарттары бойынша 2-ші лазер класына сәйкес
келеді. Бұл өнімді пайдаланған кезде қосымша қорғауыш құралдар қажет емес. Бұған қарамастан,
күнге қарау ұсынылмайтындай, лазерлік сәулелену көзіне қарауға болмайды. Көзге тікелей тиген
жағдайда, көзіңізді жауып, сәуле диапазонында басыңызды қозғалтыңыз. Лазерлік сәулені адамдарға
бағыттауға тыйым салынады.
2.6
Батареялармен дұрыс жұмыс істеу және оларды дұрыс пайдалану
▶ Өнімді ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, ішінен батареяларды шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан
батареяларды тот басуы мүмкін және олар өздігінше зарядынан айырылуы мүмкін.
▶ Батареялардың балалардың қолына түспеуін қадағалаңыз.
▶ Жаңа және ескі батареяларды бірге қолданбаңыз. Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз.
Әртүрлі өндірушілер ұсынған немесе әртүрлі үлгідегі батареяларды қолданбаңыз.
▶ Зақымдалған батареяларды қолданбаңыз
▶ Тек осы өнімге арналған батарея түрін пайдаланыңыз. Басқа батареяларды пайдалану жарақаттарға
әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Батареяны алмастыру кезінде полюстардың дұрыстығын сақтаңыз. Жарылыс қаупі бар.
244
Қазақ
2341493
*2341493*

Publicidad

loading