C) Кез келген реттеулер жасамас бұрын,
керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын
немесе электр құралдарын ұзақ уақытқа
сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен
ажыратыңыз және/немесе батареясы
бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай
сақтық шаралары электр құралының
кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
D) Пайдаланылмайтын электр
құралдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Электр құралымен
немесе осы нұсқаулармен таныс емес
адамдарға құралды пайдалануға
рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын
жаттықтырылмаған пайдаланушылар
қолданса, қауіп төнеді.
E) Электр құралдарына және керек-
жарақтарға техникалық қызмет
көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің
қисаюын немесе кептелуін, бөлшектердің
бұзылуын және электр құралының
жұмысына әсер етуі мүмкін басқа барлық
жағдайдың бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралы зақымдалса, оны пайдаланар
алдында жөндеңіз. Көптеген оқыс
оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде
техникалық қызмет көрсетпеу салдарынан
орын алады.
2.5 БАТАРЕЯ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
A) Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш
құрал арқылы зарядтаңыз. Батарея
блогының белгілі бір түріне арналған
зарядтағыш құралды басқа түрдегі
батарея блогымен пайдалану өрт қаупін
тудыруы мүмкін.
B) Электр құралдарын тек арнайы
жасалған батарея блоктарымен
пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея
блоктарын пайдалану жарақат немесе өрт
қаупін тудыру мүмкін.
C) Батарея блогын пайдаланбаған кезде,
оны бір клеммадан басқасына қосылуына
себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар,
тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар
сияқты басқа да ұсақ металл заттардан
алшақ ұстаңыз. Батарея клеммаларының
бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт
шығуына себеп болуы мүмкін.
F) Кескіш құралдарды өткір және таза
күйде ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық
қызмет көрсетілген шеттері өткір кескіш
құралдар бүгіліп қалмайды және оларды
басқару оңай болады.
G) Электр құралын, керек-жарақтарды
және құрал ұштықтарын, т.б.
пайдаланыңыз. Осы нұсқауларға сәйкес
еңбек жағдайлары мен орындалатын
жұмысты ескеріңіз. Электр құралын
тағайындалған мақсатынан басқа
мақсаттарда пайдалану әсерінен қауіпті
жағдай орын алуы мүмкін.
H) Тұтқалардың және қолмен ұстайтын
беттердің құрғақ, таза болуын қадағалап,
май мен шырыштан тазалап тұрыңыз.
Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер
тайғақ болса, күтпеген жағдай орын
алғанда, құралды пайдалану және оған ие
болу мүмкін болмайды.
D) Қолайсыз жағдайларда батареядан
сұйықтық шығуы мүмкін; оған тимеңіз.
Байқаусызда тисеңіз, сумен шайыңыз.
Егер сұйықтық көзге тиіп кетсе, қосымша
медициналық көмек алыңыз. Батареядан
шыққан сұйықтық тітіркенуге немесе
күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
E) Зақымдалған немесе өзгертілген
батарея блогын немесе құралды
пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген батареялар өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупі бар күтпеген
әрекетке әкелуі мүмкін.
F) Батарея блогын немесе құралды
отқа немесе шамадан тыс температура
әсеріне ұшыратпаңыз. Отқа немесе 130°C
шамасынан жоғары температура әсеріне
ұшырату жарылыс туғызуы мүмкін.
145
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN