Descargar Imprimir esta página

Bosch GAS 12-40 MA Professional Manual Original página 202

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
202 | Қазақ
Сору керек-жарақтарын орнату
(A суретін қараңыз)
Сорғыш шланг (30) сору керек-жарағын (құрама сору
адаптері (27), қисайған қондырма (31), құрама қылшақ
қондырмасы (26)) жалғауға мүмкіндік беретін қысқыш
жүйесімен жабдықталған.
Қисайған қондырманы монтаждау
– Қисайған қондырманы (31) сорғыш шлангіге (30),
сорғыш шлангінің әр батырмасы (35) шерту
дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
– Бөлшектеу үшін батырмаларды (35) ішке басып,
құрамдас бөлшектерін ажыратыңыз.
Құрама сору адаптерін монтаждау
Құрама сору адаптері (27) PowerTool адаптерінен
(алдыңғы бөлік) (36) және PowerTool адаптерінен (артқы
бөлік) (37) тұрады.
Құрама сору адаптері (27) Bosch электр құралдарымен
үйлесімді.
PowerTool адаптерін (артқы бөлік) (37) 38,5 мм ішкі
диаметрі мен 45 мм сыртқы диаметрінің арқасында басқа
өндірушілердің электр құралдарымен бірге пайдалануға
болады.
PowerTool адаптерін (алдыңғы бөлік) (36) PowerTool
адаптеріне (артқы бөлік) (37) енгізіп, екі адаптерді бір-
біріне қарама-қарсы бұрау арқылы байланыстырыңыз
(B суретін қараңыз).
Құрама сору адаптерін (27) сорғыш шлангіге (30),
сорғыш шлангінің әр батырмасы (35) шерту дыбысымен
тірелгенше енгізіңіз.
Бөлшектеу үшін батырмаларды (35) ішке басып, құрама
сору адаптерін сорғыш шлангіден суырып алыңыз.
Екі адаптерді ажырату үшін бір-біріне қарама-қарсы
бағытпен бұрау арқылы қосылымды босатыңыз да,
адаптерді бөлшектеңіз.
Құрама қылшақ қондырмасын монтаждау
Құрама қылшақ қондырмасын (26) сорғыш шлангіге
(30), сорғыш шлангінің әр батырмасы (35) шерту
дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
Бөлшектеу үшін батырмаларды (35) ішке басып,
құрамдас бөлшектерін ажыратыңыз.
Құрама қылшақ қондырмасын реттеу (C суретін
қараңыз)
Құрама қылшақ қондырмасын (26) қуыс қондырмасы
ретінде пайдалануға болады.
Құрама қылшақ қондырмасын (26) қылшақ ретінде
пайдалану үшін құлыптан босату түймесін (38) басып,
қылшақты алға жылжытыңыз.
Құрама қылшақ қондырмасын (26) қуыс қондырмасы
ретінде пайдалану үшін құлыптан босату түймесін (38)
басып, қылшақты артқа тартыңыз.
1 609 92A 91Y | (02.02.2024)
Сорғыш шлангіні монтаждау
(D суретін қараңыз)
Тығынды (23) шланг бекіткішінен (3) тартыңыз.
Сорғыш шлангіні (30) шланг қысқышына (3) салып, оны
сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Сорғыш шлангіні алар кезде сору келтеқұбырын
u
әрдайым тығынмен жабыңыз. Бұл шаңның шығуына
жол бермейді.
Нұсқау: Соруда сору шлангында және жабдықтарында
шаң үйкелісі арқылы электр заряд пайда болады, оны
пайдаланушы статикалық тоқ ажыралуы арқылы сезуі
мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне
байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангін
(жабдық) майда шаң немесе құрғақ материалдарды
соруда пайдалануды ұсынады.
Сорғыш шлангіні сорғышқа бекіту
(E суретін қараңыз)
Монтаждалған сорғыш шлангіні (30) сорғыш шлангіге
арналған бөлімге ораңыз. Екі тартпалы таспаны (17)
жоғары қарай тартып, оларды бекіткіш
саңылауларға (18) іліп қойыңыз.
Тоқыма сүзгі қабын алмастыру (құрғақ сору)
M шаң класы бойынша заттектерді құрғақ сору үшін
тоқыма сүзгі қабын (33) орнату қажет.
3
Шектік мәні ≥ 1 мг/м
болатын немесе болмайтын
заттектер (L шаң класы бойынша) сорылса, контейнерге
тікелей соруға болады.
Нұсқау: тоқыма сүзгі қабын пайдалану кезінде сүзгіні
автоматты түрде тазалау функциясын өшіріңіз (қараңыз
„Сүзгіні автоматты түрде/қолмен тазалау
(L суретін қараңыз)", Бет 205).
Сорғыш денсаулыққа зиян
ЕСКЕРТУ
келтіретін шаңды жұтады.
Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін,
соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау
бойынша жұмыстарды мамандандырылған
кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті
қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық
және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз
пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян
келуі мүмкін.
Тоқыма сүзгі қабын енгізу/шығару (F−G суреттерін
қараңыз)
Жапқыштарды (19) ашып, сорғыштың жоғарғы
бөлігін (16) алып тастаңыз.
Енгізу үшін тоқыма сүзгі қабын (33) тоқыма сүзгі
қабының ұстағышына (32) жалғап, тоқыма сүзгі
қабын (33) ұстағышымен (32) бірге контейнерге (1)
салыңыз.
Шығару үшін бүкіл тоқыма сүзгі қабының саңылауын
жапқышынан тарту арқылы жабыңыз. Жабылған тоқыма
сүзгі қабын (33) тоқыма сүзгі қабының ұстағышынан (32)
тартып алыңыз да, сорғыштан шығарыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading