Descargar Imprimir esta página

Bosch GAS 12-40 MA Professional Manual Original página 204

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
204 | Қазақ
ретінде пайдалануға болады (мысалы, сору жүйелерімен
жұмыс істеген кезде). 1+ позициясында шаңсорғыштың
автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысы іске
қосылады. Жалғанған электр құралы арқылы сорғышты
қашықтан қосуға болады.
Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
Сорғышты қосу үшін басты ажыратқышты
(2) 1 позициясына бұраңыз.
Сорғышты өшіру үшін басты ажыратқышты
(2) 0 позициясына бұраңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (K суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге қайтып оралса, бөлмеде жеткілікті ауа
u
алмасу дәрежесі болуы керек. Тиісті заңдарға
назар аударыңыз.
Сорғышқа электр құралдарына арналған розетка (4)
кіріктірілген. Бұл розеткаға сыртқы электр құралын
жалғауға болады. Жалғанған электр құралының
максималды рұқсат етілген қосылым қуатына назар
аударыңыз.
Құрама сору адаптерін (27) монтаждау (B суретін
қараңыз).
Құрама сору адаптерін (27) электр құралының сору келте
құбырына жалғаңыз.
Сорғыштың аавтоматты түрде іске қосу/
тоқтату құрылғысын қосу үшін басты
ажыратқышты (2) 1+ позициясына бұраңыз.
Сорғышты қолданысқа енгізу үшін
розеткаға (4) жалғанған электр құралын қосыңыз.
Сорғыш автоматты түрде іске қосылады.
Соруды тоқтату үшін электр құралын өшіріңіз.
Автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысы сорғыш
шлангіде қалған шаңды сорып шығару үшін ең көбі
15 секунд қосымша жұмыс істейді.
Сорғышты өшіру үшін басты ажыратқышты
(2) 0 позициясына бұраңыз.
Сорып шығару жүйесін (керек-жарақ) пайдалану
Сорып шығару жүйесін сорғыш
шлангіге (30) жалғаңыз.
Шаңды сорып шығару жүйесінен сору
үшін басты ажыратқышты (2)
1 позициясына бұраңыз.
Сорып шығару жүйесін қабырғада ұстап тұрып, электр
құралын қосыңыз. Пайда болатын кері қысым арқылы
сорып шығару жүйесі өз бетінше жабысады.
Электр құралын өшіріп, сорып шығару жүйесін абайлап
қабырғадан алыңыз.
1 609 92A 91Y | (02.02.2024)
Сорғышты өшіру үшін басты
ажыратқышты (2) 0 позициясына бұраңыз.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Нұсқау: өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (M шаң
класы) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
Ылғал шаңсору алдында
Контейнерді (1) босатып, тоқыма сүзгі қабын (33)
шығарыңыз.
Толтыру деңгейінің датчигінде (43) ластанған жерлердің
бар-жоғын тексеріңіз. Тек таза толтыру деңгейінің датчигі
контейнердің толық толтыру деңгейіне жеткен кезде
сорғышты автоматты түрде өшіруге мүмкіндік береді
(қараңыз „Толтыру деңгейінің датчигін тазалау
(P−Q суреттерін қараңыз)", Бет 206).
Ылғалды сору кезінде сүзгіні автоматты түрде
u
тазалау функциясы ажыратылған болуы керек.
Сүзгіні қолмен тазалау (қараңыз „Сүзгіні қолмен тазалау",
Бет 205) функциясын іске қосу үшін сүзгіні автоматты
түрде тазалау түймесін (10) басыңыз. Осылайша сүзгіні
автоматты түрде тазалау функциясы ажыратылып, A
жарық диодты индикаторы (5) сөнеді.
Сұйықтықтарды сорып алу
Көбік немесе су шықса
ЕСКЕРТУ
шаңсорғышты бірден өшіріп,
контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш
зақымдануы мүмкін.
Сорғышты қосу үшін басты ажыратқышты (2)
1 позициясына бұраңыз.
Сорғыш толтыру деңгейінің датчиктерімен (43)
жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жеткен
жағдайда, сорғыш автоматты түрде өшіп, A (5) және M
(6) деген жарық диодтарының екеуі де секундына 1 рет
бір уақытта жыпылықтайды. Қайта іске қосылудан
қорғаныс іске қосылып, оны сорғышты 1 рет қосу/өшіру
арқылы ажыратуға болады.
Нұсқау: толтыру деңгейін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз
және контейнерді дер кезінде босатыңыз. Егер ылғалды
сору кезінде дыбыстық ескерту сигналы берілсе,
ешқандай шаралар қолдану керек емес. Сорғыштың
жұмыс қауіпсіздігіне әсер тимейді.
Сорғышты өшіру үшін басты ажыратқышты (2)
0 позициясына бұраңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading