Descargar Imprimir esta página

Bosch GAS 12-40 MA Professional Manual Original página 205

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
Контейнерді (1) артқы ұстау аймағынан (25) ұстап алып,
сұйықтықты ағызу үшін алға қайырыңыз.
Ылғалды сорғаннан кейін
Әр ылғалды сорғаннан кейін толтыру деңгейінің датчигін
(43) тазалаңыз (қараңыз „Толтыру деңгейінің датчигін
тазалау (P−Q суреттерін қараңыз)", Бет 206).
Ылғалды шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу
үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (34) шығарып, оны жақсылап
кептіріңіз.
– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (16) алып, сүзгі
қаптамасын (40) ашыңыз және екеуін де жақсылап
кептіріңіз.
Сүзгіні автоматты түрде/қолмен тазалау
(L суретін қараңыз)
Сүзгіні автоматты түрде тазалау
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
сорғышты қосқан кезде әдепкі бойынша орнатылып
тұрады.
A жарық диодты индикаторы (5) үздіксіз жанып тұрады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау кезінде жалпақ қатпарлы
сүзгі (34) 2 ауа ағыны арқылы тазаланады (соғып
тұратын шу). Бұл жағдай, датчик ауа ағынының белгілі бір
деңгейден төмен түскенін анықтағанда орын алады.
Сүзгіні тазалау функциясын жүйелі түрде пайдалану
арқасында сүзгінің пайдалану мерзімі ұзарады.
Сүзгінің оңтайлы пайдалану мерзіміне қол жеткізу үшін
сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек ерекше
жағдайда өшіріңіз, мысалы, ылғалды сору кезінде.
Сүзгіні қолмен тазалау
Сүзгіні қолмен тазалау функциясын іске қосу үшін сүзгіні
автоматты түрде тазалау түймесін (10) басыңыз.
Осылайша сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
ажыратылып, A жарық диодты индикаторы (5) сөнеді.
Сүзгіні қолмен тазалау әрекетін орындау үшін сүзгіні
қолмен тазалау түймесін (9) басыңыз. Жалпақ қатпарлы
сүзгі (34) 2 ауа ағыны арқылы тазаланады. M жарық
диодты индикаторы (6) 2 секунд ақ түспен жанып тұрады.
M жарық диодты индикаторы (6) сөнгенде, келесі ауа
ағыны шығарылуы мүмкін. Ол үшін сүзгіні қолмен тазалау
түймесін (9) қайтадан басыңыз.
Нұсқау: сүзгіні қолмен тазалау кезінде түймені әр басу
арасындағы уақыт аралығының 2−3 с құрауы керек
екендігін ескеріңіз. Сүзгіні қолмен тазалау түймесі (9)
бірнеше рет қайта-қайта басылса, сорғыштың қатты
қызудан қорғанысы іске қосылады. Қатты қызудан
қорғаныс біраз уақыттан кейін автоматты түрде өшіріледі
(қараңыз „Ақауларды жою", Бет 206).
Сүзгіні қолмен тазалау функциясын өшіру үшін сүзгіні
автоматты түрде тазалау түймесін (10) басыңыз.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа
қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп
тазарту керек емес және мұндай әрекет нәтижесінде
сүзгіге зақым тиюі мүмкін.
Bosch Power Tools
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін,
сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше
қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет
көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді.
Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты
бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу
жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін
техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс
алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың
саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы
сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы
қажет.
Ластанған ортада тұрған М класындағы сорғыштардың
сыртқы жағы және барлық машина бөлшектері тазалануы
керек. Егер сорғыш денсаулыққа зиянды заттектер бар
аймақтарда қолданылса, оны қауіпті аймақтан шығармас
бұрын оның сыртын шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз
немесе саңылаусыз етіңіз. Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде
тазаланбайтын барлық бөлшектерді алып тастау керек.
Бұл бөлшектерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
Контейнерді тазалаңыз
Контейнерді (1) стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні тазалау/алмастыру
(M−N суреттерін қараңыз)
Сүзгі қаптамасын ашу кезінде жапқыш
u
ысырмасынан ұстап алыңыз және ашық сүзгі
қаптамасының тік күйде бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Сүзгі қаптамасы құлаған жағдайда,
жарақат алу қаупі туындайды.
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сондықтан
сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Қазақ | 205
1 609 92A 91Y | (02.02.2024)

Publicidad

loading