қазақ
► Зақымдалған немесе ақаулы
аккумуляторды қуаттамаңыз.
► Егер аккумулятор кір болса:
аккумуляторды тазартыңыз және
кептіріңіз.
► Егер аккумулятор ылғалды немесе
дымқыл болса: аккумуляторды кептіріңіз,
20.7.
► Аккумуляторды өзгертпеңіз.
► Аккумулятордың саңылауларына заттар
салмаңыз.
► Аккумулятордың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
► Аккумуляторды ашпаңыз.
► Тозған немесе бұзылған көрсеткіш
тақтайшаларды ауыстырыңыз.
■ Зақымдалған аккумулятордан сұйықтық
жылыстауы мүмкін. Егер сұйықтық теріге
немесе көзге тиіп кетсе, терінің немесе
көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
► Сұйықтықпен жанасудан аулақ болыңыз.
► Егер теріге тиіп кетсе: зақымдалған
аумақтарды сабындап, судың көп
мөлшерімен жуыңыз.
► Егер көзге тиіп кетсе: көзіңізді кемінде
15 минут бойы судың көп мөлшерімен
шайыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
■ Зақымдалған немесе жарамсыз
аккумулятор жағымсыз иіс шығаруы,
түтіндеуі немесе жануы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Егер аккумулятор әдеттен тыс иіс
шығарса немесе түтіндесе:
аккумуляторды пайдаланбаңыз және оны
тұтанатын материалдардан алшақ
ұстаңыз.
► Егер аккумулятор жанса: аккумуляторды
өрт сөндіргішпен немесе сумен сөндіріп
көріңіз.
4.6.4
Қуаттағыш
Егер келесі шарттар сақталса, қуаттағыш
қауіпсіз күйде болады:
– Қуаттағыш жарамды.
– Қуаттағыш құрғақ және таза.
Сақтандыру
■ Қауіпсіз емес күйде толықтырушы
бөлшектер дұрыс жұмыс істемеуі және
қауіпсіздік қондырғысының күші әрекет
етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Жарамды қуаттаағышын қолданыңыз.
444
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Егер қуаттағыш кір немесе ылғалды
болса: Қуаттағышты тазартыңыз және
кептіріңіз.
► Қуаттағышты өзгертпеңіз.
► Заттарды қуаттағыштың тесіктеріне
тықпаңыз.
► Қуаттағыштың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
► Қуаттағышты ашпаңыз.
4.7
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Пайдаланушы белгілі бір жағдайларда зейін
қойып жұмыс істей алмауы мүмкін.
Пайдаланушы сүрінуі, құлап қалуы және
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
► Жарық пен көру мүмкіндіктері
нашарлаған кезде: көгалшапқышпен
жұмыс жүргізбеңіз.
► Көгалшапқышты бір адам ғана басқаруы
керек.
► Кедергілерден абай болыңыз.
► Көгалшапқышты аудармаңыз.
► Жерде тік тұрып жұмыс істеңіз және
тепе-теңдікті сақтаңыз.
► Егер шаршау белгілері пайда болса:
жұмысты тоқтатып, үзіліс жасаңыз.
► Беткейде шөп шабу кезінде: беткейдің
көлденең бойымен шабыңыз.
► 25°-тан (46,6 %) асатын беткейлерде
жұмыс істеуге болмайды.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушыны кесіп
алуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
► Егер пышақ бөгде затпен
бұғатталып қалса:
Көгалшапқышты өшіріп,
аккумуляторды шығарыңыз. Содан
кейін ғана бөгде затты алып
тастаңыз.
■ Егер жұмыс кезінде қозғалғыш механизм
жетегінсіз жұмыс істелсе, қозғалғыш
механизм жетегі байқаусызда қосылып
кетіп, көгалшапқыш қозғала бастауы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Қозғалғыш механизм жетегін қосу керек
болса ғана, қозғалғыш механизм
жетегінің ауыстыру тұтқасын
қолданыңыз.
0478-131-9805-A