Descargar Imprimir esta página

Stihl RM 248.3 T Manual De Instrucciones página 298

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
қазақ
6.3
Ұзартқышты ілу және
ажырату
6.3.1
Ұзартқышты ілу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Ұзартқышты (1) басып тұрыңыз.
► Қапталдан түсіріп тастау қақпағын (2)
ашыңыз және ұстаңыз.
► Ілгекті (3) төменгі жағынан оське (4) іліңіз.
► Қапталдан түсіріп тастау қақпағын (2)
ұзартқышқа (5) қойыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
6.3.2
Ұзартқышты ажырату
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Қапталдан түсіріп тастау қақпағын (1)
ашыңыз және ұстаңыз.
► Ілгекті (2) ажыратыңыз.
► Ұзартқышты (3) жоғары қарай қайырып, оны
алыңыз.
► Қапталдан түсіріп тастау қақпағын (1)
жабыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
6.4
Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
298
7 Көгалшапқышқа отын құю
Мотор майының спецификациясы және
толтыру көлемі қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілген.
Нұсқау
■ Бастапқы күйде мотор майы құйылмайды.
Қозғалтқышты мотор майынсыз немесе тым
аз мотор майымен іске қосу нәтижесінде
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
► Әр іске қосу әрекетінің алдында мотор
майын тексеріңіз және қажет болса,
мотор майын тағы құйыңыз.
► Мотор майын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында сипатталғандай
құйыңыз.
7
Көгалшапқышқа отын құю
7.1
Көгалшапқышқа жанармай
құю
Нұсқау
■ Егер дұрыс жанармай құйылмаса,
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
► Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығын қараңыз.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Жанармай багы қақпағының айналасын
ылғал шүберекпен сүртіңіз.
► Жанармай багының қақпағын (1) шығарып
алу мүмкін болғанша сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
► Жанармай багының қақпағын ашып
алыңыз.
► Жанармай багының шетіне дейін кемінде 15
мм бос орын қалатындай күйде тиісті құю
құралы арқылы жанармайды толтырыңыз.
► Жанармай багының қақпағын жанармай
багына салыңыз.
► Жанармай багының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап, қолмен мықтап
қатырыңыз.
Жанармай багының қақпағы жабылды.
0478-111-9815-B

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 253.3 tRm 248.3Rm 253.3Wb21 011 3400