● Барлық сипатталған жұмыстарды
орындаған кезде шапқыш: жатық,
тегіс жəне берік қабатта тұруы керек.
8.2 Бас тұтқаны жинау
Қысылу қаупі бар!
Айналмалы тұтқаны босату
арқылы бас тұтқаның жоғарғы
бөлігін жинауға болады.
Сондықтан айналмалы тұтқаны
бұрап шығарғанда, бас тұтқаның
жоғарғы бөлігін бір қолмен ең
жоғарғы нүктеде ұстаңыз.
● Желіге қосылуға арналған сымды
тартып шығарыңыз.
Тасымалдау күйі – шағын түрде
тасымалдау жəне сақтау үшін:
● Айналмалы тұтқаны (1) еркін
айналмағанша бұрап босатыңыз.
Айналмалы тұтқалардың еркін
айналуына сіз өзіңіз бұрап кіргізген
бұрандалар кедергі жасайды
(өздігінен бұрап босатылудан
қорғау).
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (2)
жинап, корпустың төменгі бөлігіне
немесе электр қозғалтқыштың
капотына жайып қойыңыз.
Жұмыс күйі – құрылғымен жұмыс істеу
үшін:
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (2)
артқа аударыңыз жəне бір қолмен
ұстап тұрыңыз.
● Айналмалы тұтқаларды (1) бұрап
бекітіңіз.
0478 121 9909 H - KK
8.3 Биіктікті реттеу тұтқасы
Бас тұтқаны (1) 3 позицияда
бекітуге болады:
I төменгі
II орташа
6
III жоғарғы
● Бас тұтқаның биіктігін реттеу
айналмалы тұтқасын (2) сағат
бағытына қарсы (шамамен 5 рет)
бұрау арқылы босатыңыз.
● Бас тұтқаны (1) екі қолмен ұстап,
жоғары-төмен қозғалыстармен
қажетті күйге орнатыңыз. Бас
тұтқаны сол жақта жəне оң жақта
орнату бірдей болуына көз жеткізіңіз.
● Бас тұтқаның биіктігін реттеу
айналмалы тұтқасын (2) сағат
бағытымен қайта бұрап бекітіңіз.
8.4 Орталық кесік биіктігін
орнату
7 кесік биіктігін реттеуге болады.
1-деңгей: 25 мм
7-деңгей: 80 мм
● Құрылғыны тұтқасынан (1) ұстап,
бұғаттау механизмі босатылуы үшін
реттеу иінтірегін (2) жоғары қарай
тартып тұрыңыз. Құрылғыны жоғары
немесе төмен қарай қозғалту арқылы
қалаулы кесік биіктігін орнатыңыз.
● Бұл көрсеткіштер кесік биіктігінің
индикаторында (3) көрсетіледі.
● Реттеу иінтірегін (2) қайта босатып,
кесу биіктігін реттеу құралын енгізіңіз.
8.5 Шөп жинағышты бекіту
жəне босату
7
Бекіту:
● Лақтырманың қақпағын (1) ашып,
ұстап тұрыңыз.
● Шөп жинағышты (2) ойықтармен (3)
құрылғыдағы саңылауларға (4)
енгізіңіз.
● Лақтырманың қақпағын (1) қайтадан
қолмен жабыңыз.
Босату:
● Лақтырманың қақпағын (1) ашып,
ұстап тұрыңыз.
● Шөп жинағышты (2) жоғары көтеріп,
саңылаулардан (4) шығарып
алыңыз.
● Лақтырманың қақпағын (1) қайтадан
қолмен жабыңыз.
8.6 Шөпжинағышты толтыру
8
индикаторы
Өзінің үстіңгі бөлігіндегі
толтырылу индикаторымен
жабдықталған (1) шөпжинағыш.
A Толтыру:
Шапқыш пышақтың айналуының
арқасында түзілетін ауа ағыны жəне
бірте-бірте толатын шөпжинағыш,
толтырылу деңгейін көтереді (1):
B Шөп жинағыш толтырылған:
Шөп жинағыштың толтырылу
шамасына қарай ауа ағыны бəсеңдеп
шөпжинағышты толтыру индикаторы
түседі (1):
● Толған шөп жинағышты босатыңыз
(
11.6).
9
10
459