3M 5B Guía De Inicio Rápida página 33

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 9
K
Осы пайдаланушы нұсқаулықтарын тиісті 3M™ Carrier жүйесінің нұсқаулығымен
бірге оқыңыз. Оның ішінен төмендегілер туралы мəліметтер алуға болады:
• Бет қалқаншаларының мақұлданған комбинациясы
• Бет қалқаншаларының дұрыс пайдаланылуы жəне киілуі
Оларға тұрақты сілтеме жасау үшін пайдалану мен қауіпсіздік жөніндегі барлық
нұсқауларды қараңыз.
3M™ бет қалқаншалары мақұлданған жүйенің бөлігі ретінде пайдаланылғанда,
киюшіні көз бен бетке алдынан жəне шеттерінен болатын соққылардан қорғауға
арналған.
Осы нұсқаулықта сипатталған 3M™бет қалқаншалары 3M™ G500 бас гарнитураның
комбинациясы немесе 3M™ V5 байланыстыру жүйесімен бірге пайдалануға
жарамды.
3M™ тор қалқаншалары тор түріндегі көз жəне бет қорғаныштарына қойылатын
EN1731:2006 талаптарына сəйкес келеді.
^
^
Өнімнің əрдайым осындай күйде болуын қадағалаңыз:
- Қолданылу мақсатына сай жарамды екенін;
- Дұрыс киілгенін;
- Көзге əсер ету кезінде пайдаланылуын;
- Қажет болғанда ауыстыруға болатынын.
Өнім киюшіні қауіп-қатерлерден қорғау үшін, дұрыс таңдау, үйрету, пайдалану
жəне тиісті түрде күтім көрсету маңызды.
Бұл өнімдердің нұсқауларын ұқыпсыз пайдалануы жəне\немесе бұл өнімдерді
қауіпті мезгілде дұрыс кимеуі жұмысшының денсаулығына əсер тигізу мүмкін,
адамның қатты немесе өмірге қауіпті ауруға немесе тұрақты мүгедектікке əкелуі
мүмкін.
Бұйымды талаптарға сəйкес жəне тиісінше пайдалану үшін жергілікті ережелерді
сақтаңыз, берілген барлық ақпаратпен танысыңыз немесе қауіпсіздік техникасы
саласындағы маманнан / 3М өкілінен кеңес алыңыз. (Жергілікті байланыстар
туралы ақпарат).
Тексерілген аппарат толық жабдықталған, бүлінбеген жəне дұрыс жиналған
болуы тиіс. Кез-келген бүлінген немесе ақаулы бөлшектер дуылға
пайдаланылғанға дейін 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен алмастырылуы тиіс.
Көз қорғаушылар кəдімгі көзілдіріктің сыртынан киілген болса жылдам ұшатын
бөлшектерден қорғау кезде бөлшектің энергиясын өткізуі мүмкін, оның əсерінен
жұмысшыға қауіп туғызады
Белгілі химиялық заттар бұл өнімдерді зақымдауы мүмкін.
Қосымша мəлімет алу үшін 3M-ға хабарласыңыз.
Қатты немесе өткір ұшатын бөлшектерден болжап білуге болатын қауіп бар
болса, «S» таңбалы күнқағарларды қорғану үшін қолданбаған жөн.
Тор қалқаншалар сұйықтықтардың (соның ішінде балқыған металдардың)
шашырауынан, ыстық қатты заттардан, электр қауіптерінен, инфрақызыл немесе
ультракүлгін радиациясынан қорғамайды.
Бет қалқаншаларына кіріп кетуі ықтимал бөлшектердің көзді жарақаттау қаупі
болған жағдайда, қорғайтын көзілдірік кию керек.
Осы бұйымдар Еуропалық Қауымдастықтың 89/686/ЕЕС Директивасы (Жеке қорғану
құралдары бойынша Директива) талаптарына сəйкес келеді, сондықтан СЕ
белгісімен белгіленген.
Сертификат 10-Бапқа сəйкес, ЕС Үлгілік Сынақ аталған өнімге берілді
Финляндияның еңбекті қорғау институты (FIOH), Topeliuksenkatu 41aA, FIN-00250
Хельсинки, Финляндия (Органның нөмірі 0403)
3M™ бет қалқаншалары төмендегі талаптарға сəйкес келеді:
5B
EN1731:2006
F
Жоғары жылдамдықты
бөлшектер
5C-1, 5J-1
EN1731:2006
S
Негізгі қолданылуы
^
Пайдаланар алдында, өнімді əрдайым мұқият тексеріп алыңыз. Сызаттар не
жырықтар сияқты зақым белгілері бар кез келген бөлшектерді ауыстырыңыз,
сондай-ақ тордағы сымдар зақымданған не арасы алшақтап кеткен болса, оларды
да ауыстырыңыз.
Суретті қараңыз 1 .
1. Бет қалқаншаларын дұрыс тағу нұсқаулары
Бет қалқаншасы мен жақтау белгілерін 2-суреттен қараңыз.
1. Өндіруші
2. CE таңбасы
3. Еуропалық стандарт, қолдану аясы жəне соққыдан қорғау класының таңбасы
4. Бет қалқаншасы түрінің белгісі
5. Жақтау түрінің белгісі
ЕСКЕРТПЕ. Басқа да дүниежүзілік таңбалар (мысалы, ANSI, CSA) бар болуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, 3M компаниясына хабарласыңыз.
{ Өндірілген күні
? Нұсқауларды қараныз
^ Абайлаңыз!
] Температура диапазоны
, Ең жоғары салыстырмалы ылғалдылық
Бет қалқаншасы: 5B
Полиамидтен жасалған mesh (Ø 0.3, 1.0x1.0mm)
Жарықты төмендету: 45%
Салмағы: 45г
Бет қалқаншасы: 5C-1
Тот баспайтын болаттан жасалған Mesh (Ø 0.24, 2.5x1.8mm)
Жарықты төмендету: 24%
Салмағы: 54г
Бет қалқаншасы: 5J-1
Ойық металдан жасалған тор, 1-аймақ - 4.0 x 1.5 x 0.3mm; 2-аймақ - 3.8 x 1.4 x
0.3mm; 3-аймақ - 3.7 x 1.3 x 0.3mm
Жарықты төмендету: 1-аймақ - 17%; 2-аймақ - 28%; 3-аймақ - 37%
Салмағы: 54г
Өнімді тұрақты түрде жуу құралының жұмсақ ерітіндісімен жылы суда тазалаған жөн.
САҚТАУ ЖƏНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Өнімді күн сəулесі тура түсетін жерде немесе жоғары температураларда
сақтамаңыз.
Пайдаланбаған кезде, материал ескірмеу үшін, салқын, қараңғы жерде сақтаған жөн.
Өнімнің ұсынылған ең көп сақтау уақыты — шығарылған күннен бастап 5 жыл.
Бұйымның ерекше қаптамасы Еуропа Одағында тасымалдауға жарамды.
Төмен деңгейдегі
соққы
Мықтылығы
32

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

5c-15j-1

Tabla de contenido