ПАРАМЕТРЛЕРДІ ОРНАТУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Қораптың ішіндегілер
1 BD Veritor жүйесінің оқу құралы
•
•
1 Пайдаланушы нұсқаулығы
•
1 BD Veritor жүйесінің тексеру картриджі
•
2 AA түріндегі 1,5 В зарядталмайтын LR6 сілтілі батареясы (орнатылған)
ЕСКЕРТПЕ: егер қандай да бір элемент жоқ болса, BD компаниясының жергілікті
өкіліне хабарласыңыз.
Орамнан шығару және орнату
1. BD Veritor жүйесінің оқу құралын қолданар алдында қораптың ішіндегілерде
зақым бар-жоғын қарап тексеріңіз. Зақым көзге айқын көрініп тұрса, жергілікті
BD компаниясының өкіліне хабарласыңыз.
2. Оқу құралын қорғаныш орамынан шығарыңыз. BD орауыш материалдарды
қауіпсіз жерде сақтауды ұсынады.
3. BD Veritor жүйесінің «Тексеру картриджі» бөлімінде сипатталғандай тексеру
сынағын орындаңыз.
Батареяларды салу
Оқу құралына екі AA 1,5 В зарядталмайтын LR6 сілтілі батареясы қажет, мысалы,
DURACELL Coppertop MN1500 AA LR6, Eveready Energizer E91 Alkaline AA Cell
LR6 AM3 немесе баламасы. Өрт шығу қаупін азайту үшін, BD Veritor жүйесінің
оқу құралында зарядталатын батареялар, литий-ионды батареялар немесе
басқа да сілтісіз батарея түрлерін қолданбаңыз.
1. Бас бармақпен сәл басыңқырап, оқу құралының төменгі жағында орналасқан
батарея есігін 1-суретте көрсетілгендей алға қарай сырғытыңыз. Есікті шешіп
алыңыз.
2. Ішіндегі бар батареяларды алып, жергілікті экологиялық электрондық
қалдықты пайдаға асыру туралы ережелерге сәйкес тастаңыз.
3. Батареяларды 1-суретте көрсетілгендей салыңыз. Полюстердің бағдары
1-суретте көрсетілгендей дұрыс екенін тексеріңіз.
4. Батарея есігін орнына салыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі диагностикалық порт тек BD компаниясының
қолдануына арналғанын ескеріңіз. Диагностикалық порттағы штепсельдерді
алып тастауға және BD Veritor жүйесінің оқу құралына қандай да бір кабельдер
жалғауға кеңес берілмейді.
62