English
Басқару тақтасы
B суретін қараңыз.
(Power) (Қуат) ЖД
Принтер қосылғанда қосылады.
On Line (Онлайн) ЖД
Принтер желіде болғанда қосылады. Принтер офлайн болғанда өшеді: сынақ басып
шығару кезінде немесе қате күйде.
Error (Қате) ЖД
Қағаз жүктеу қақпағы немесе білікше жақтауы ашық кезде қосылады.
Принтер қате күйінде болғанда жыпылықтайды.
Принтер қалыпты жұмыс істеп жатқанда өшірулі болады.
Paper (Қағаз) ЖД
Қағаз біткенде қосылады.
Unload (Шығару) ( ↑ ) түймесі
Бұл түймені бір секунд немесе одан көбірек ұстап тұру қағазды принтердің артынан
алу мүмкін болғанша қағазды артқа қарай береді.
Принтерді қосу/өшіру
Принтерді қосу жəне өшіру үшін принтердің оң жағындағы қуат қосқышын
пайдаланыңыз.
Ескертпе:
Принтерге қуат кабелі жалғанған болса, қуат қосқышын қосыңыз жəне өшіріңіз.
Өшіруден кейін біраз уақыттан кейін принтерді қосу алдында басқару
тақтасындағы ЖД-тары өшірулі екенін тексеріңіз.
Қағаз енін орнату
Принтерде орнатылған қағаз бағыттағыштарды алу немесе өзгерту арқылы қағаз
енінің төрт түрін пайдалануға болады: 50,8/54/79,5/82,5 мм. Əдепкі параметр —
D суретіндегі b жəне d ойықтарында қағаз бағыттағыштар орнатылған күйде 54 мм.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Принтерді пайдалану алдында қағаз енін орнатыңыз. Принтерді пайдалануды
бастағаннан кейін оны өзгертпеңіз.
Қағаз енін əдепкі параметрден орнатқанда қағаз енінің параметрін TM-L500A
қызметтік бағдарламасының көмегімен орнатыңыз.
Қағаз енін 82,5 мм етіп орнату
Қағаз енін 82,5 мм етіп өзгерту үшін D суретінде b ойығына орнатылған қағаз
бағыттағышты алыңыз.
1.
Принтер өшірулі екенін тексеріңіз.
2.
Қақпақты ашу тұтқасын тарту арқылы қағаз жүктеу қақпағын ашыңыз.
(C суретін қараңыз)
3.
D суретіндегі b ойығына орнатылған қағаз бағыттағышты бекітіп тұрған
бұранданы алыңыз. (E суретін қараңыз)
4.
Жоғары тарту арқылы қағаз бағыттағышты алыңыз. (E суретін қараңыз)
72 TM-L500A Ticket
Пайдаланушы нұсқаулығы