English
Сынақ басып шығару
Принтерді орнатудан кейін немесе принтер дұрыс жұмыс істемей жатса, сынақ
басып шығару көмегімен принтердің жұмысын тексеруге болады. Егер принтер
үлгіні басып шығаруды төмендегі қадамдарға сай орындаса, принтер дұрыс жұмыс
істеуде.
1.
Қағаз дұрыс салынғанын жəне барлық қақпақтар жабылғанын тексеріңіз.
Unload (Шығару) ( ↑ ) түймесін басып тұрып, принтерді қосыңыз.
2.
Принтер күйін басып шығарып, Қағаз ЖД жыпылықтағаннан кейін сынақ
3.
басып шығаруды қайта бастау үшін Unload (Шығару) ( ↑ ) түймесін қайтадан
басыңыз.
Сынақ басып шығару "*** completed***" басылғанда аяқталады.
Тазалау
Принтер корпусын тазалау
Принтерді өшіріңіз жəне принтер корпусындағы кірді құрғақ немесе дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Өнімді алкогольмен, бензинмен, еріткішпен басқа ерітінділермен мүлдем
тазаламаңыз. Бұл əрекет пластмассадан жəне резеңкеден жасалған
бөліктерді зақымдауы немесе сындыруы мүмкін.
Қағаз жолын, басып шығару механизмін жəне жылу басын
тазалау
Принтер ұзақ уақыт пайдаланылғаннан кейін жапсырмалардың желімі қағаз
жолында (15, I суреті), басып шығару механизмінде (16, I суреті) жəне жылу
басында (17, I суреті) жиналады. Егер оларды осындай күйде қалдырсаңыз, желім
шығарылған жапсырмаларға жабысуы немесе қағаз кептелісі орын алуы мүмкін.
Ақауларды болдырмау жəне жақсы басып шығару сапасын сақтау үшін қағаз
жолын, басып шығару механизмін жəне жылу басын жүйелі түрде (əдетте ай сайын)
тазалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Басып шығарғаннан кейін жылу басы өте ыстық болуы мүмкін. Оны ұстамаңыз
жəне тазалау алдында оны суытыңыз.
Жылу басын қолыңызбен немесе қатты затпен ұстап, оны зақымдап алмаңыз.
1.
Тазалау картасын дайындаңыз.
Ескертпе:
Epson компаниясы KICTeam тазалау картасын ұсынады. Оны KICTeam веб-
сайтынан сатып алыңыз.
URL: http://www.kicteam.com/
Үлгі: KCTP2639 (багаж биркасына арналған)
2.
Принтерді өшіріңіз.
3.
Қағаз жүктеу қақпағын жəне білікше қақпағын ашыңыз. (немесе ОТ науасымен
жабдықталған үлгілер үшін ОТ науасы)
4.
Білікше жақтауын ашу үшін білікше тұтқасын төмен басыңыз. (J суретін
қараңыз)
5.
Қағаз шаңын үрлеп кетіріңіз.
6.
Басып шығару механизмін алкоголь ерітіндісіне (этанол немесе изопропилдік
спирт) малынған мақта тампонымен тазалаңыз.
74 TM-L500A Ticket
KCTP2638 (отыру талонына арналған)
Пайдаланушы нұсқаулығы