Қағаз енін 79,5 мм етіп орнату
Қағаз енін 79,5 мм деп өзгерту үшін b жəне d ойықтарына орнатылған қағаз
бағыттағыштарды алып, олардың біреуін D суретіндегі c ойығына орнатыңыз.
1.
Екі қағаз бағыттағышты "Қағаз енін 82,5 мм етіп орнату" бөлімінде берілген
қадамдарды орындай отырып алыңыз
2.
Алынған қағаз бағыттағыштардың біреуін D суретіндегі c ойығына орнатыңыз.
Қағаз бағыттағышының шығыңқы жерлері ойық бойындағы тесіктерге
туралануы керек.
3.
Қағаз бағыттағышты бұранда көмегімен бекітіңіз.
Қағаз енін 50,8 мм етіп орнату
Қағаз енін 50,8 мм етіп өзгерту үшін b ойығына (D суреті) орнатылған қағаз
бағыттағышты алып, a ойығына орнатыңыз.
1.
b ойықтарына орнатылған қағаз бағыттағышты «Қағаз енін 82,5 мм етіп
орнату» бөліміндегі қадамдарды орындай отырып алыңзы.
2.
Алынған қағаз бағыттағышты a ойығына (D суреті) орнатыңыз. Қағаз
бағыттағыштың шығыңқы жері ойық бойындағы тесікке туралануы керек.
3.
Қағаз бағыттағышты бұранда көмегімен бекітіңіз.
Кабельдерді жалғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Сериялық интерфейс үшін нөл-модемдік кабельді пайдаланыңыз.
USB интерфейсі үшін принтер драйверін орнатпай тұрып принтерді қоспаңыз.
Ескертпе:
Қол жетімді интерфейстер принтер үлгісіне қарай өзгеріп отырады. Принтер
артындағы коннекторлардың күйлерін жəне пішіндерін F суретінен қараңыз.
1.
Қуат қосқышы өшірулі екенін тексеріңіз.
2.
Қуат кабелін қуат көзінің коннекторына жалғаңыз.
3.
Əр интерфейстік кабельді принтерге жалғаңыз. USB интерфейсін
пайдаланғанда, шығуын болдырмау үшін кабель ілгішін орнатыңыз жəне USB
кабелін бекітіңіз. (G суретін қараңыз)
4.
Интерфейстік кабельді компьютерге жалғаңыз.
5.
Қуат кабелінің ашасын ұяшыққа енгізіңіз.
Қағаз жүктеу
Қағаз ЖД қосылғанда қағазды жүктеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Назар аударыңыз:
Көрсетілген қағазды пайдаланыңыз.
Пайдаланатын қағаз үшін қағаз енін дұрыс орнатыңыз. Қағаз енін орнату əдісін
"Қағаз енін орнату" 72-беттегі қараңыз бөлімінен қараңыз.
1.
Принтерді қосыңыз.
2.
Қақпақты ашу тұтқасын тарту арқылы қағаз жүктеу қақпағын ашыңыз.
(C суретін қараңыз)
3.
Қағаздың шетін роликтердің астына салыңыз. (H суретін қараңыз)
4.
Қағаз жүктеу қақпағын жабыңыз.
Қағаз кескіш немесе қара белгі күйіне беріледі жəне автоматты түрде кесіледі.
TM-L500A Ticket
Пайдаланушы нұсқаулығы
English
73