Bosch C-EXACT 1 Manual Del Usuario página 146

Ocultar thumbs Ver también para C-EXACT 1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
OBJ_BUCH-1401-004.book Page 146 Wednesday, May 17, 2017 9:38 AM
146 | Қaзақша
Электр тік бұрауыш –20 °C (–4 °F) мен 70 °C (158 °F)
аралығындағы температурада сақталуы қажет, сонда
электроникасы зақымданбайды.
Ілгіш аспап
Ілгішпен 8 электр құралын ілгіш аспапта бекітуге болады.
 Жүйелік түрде ілгіш күйін және ілгіш аспаптың
ілгегін тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Жылдам алмастыру патронын 3 алға тартыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты 1 аспап патронына 2 салып, жылдам
алмастыру патронын жіберіңіз.
Тек сайкес салынатын аяқпен (1/4"-алты қырлы) алмалы-
салмалы аспаптарды пайдаланыңыз.
 Алмалы-салмалы аспаптарды орнатуда олардың
аспап патронында сенімді тұруына көз жеткізіңіз.
Егер алмалы-салмалы аспаптар аспап патронымен
қатты біріктірілмесе, босап кетіп, басқару мүмкін
болмайды.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Жылдам алмастыру патронын 3 алға қарай тартыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты 1 аспап патронынан 2
шығарып, жылдам алмастыру патронын жіберіңіз.
Энергия қорегіне қосылу (A–B суретін
қараңыз)
Электр құралы желілік аспапсыз жеткізіледі. Жұмысқа
қосу үшін PUC-EXACT желілік аспап қажет.
 PUC-EXACT желі аспабын тек соған арналған электр
құралдарымен пайдаланыңыз. Басқа электр
құралдарымен пайдалану PUC-EXACT және осы
аспаптардың бұзылуына алып келуі мүмкін.
 Электр құралын C-EXACT ешқашан тікелей тоқ
желісіне қоспаңыз. Кабель ұзартқышын
пайдаланбаңыз. Электр құралы C-EXACT бұзылуы
мүмкін.
 Тек қана түпнұсқалық кабельді пайдаланыңыз!
Әрбір пайдаланудан алдын аспапты, кабельді және
айырды зақымдануларға тексеріңіз. Кабельді
жөндеместен, бірден ауыстыру қажет.
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындасын. Сол арқылы құрылғының қауіпсіздігін
сақтайсыз.
Желілік аспапты тоқ желісіне қосудан алдын электр
құралын PUC-EXACT желілік аспабына қосыңыз.
Аспаптық кабельді 7 қосу науасына 13 PUC-EXACT желілік
аспабында салыңыз. Аспаптық кабельдегі ойық 15 қосу
науасының тиектіріне сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Төлкені 11 сағат тілімен қосу науасына бұраңыз.
Тұтқышпен іске қосуы бар электр тік бұрауышпен
жұмыс істегенде PUC-EXACT желілік аспабын тоқ желісіне
1 609 92A 136 | (17.5.17)
қоспағанша бұрауышты тұтқышқа қоймауға тырысыңыз.
Осылай бұрауыштың кездейсоқ іске қосылуының алдын
аласыз.
Тұтқышпен іске қосуы бар электр тік бұрауышпен
жұмыс істегенде PUC-EXACT желілік аспабын тоқ желісіне
қосқанда бұрауышқа осьтік қысымды жасамауға әрекет
жасаңыз. Осылай бұрауыштың кездейсоқ іске
қосылуының алдын аласыз.
Желілік кабелдің 19 қосу айырын 18 PUC-EXACT желілік
аспаптың қосу науасына 21 салыңыз. Енді PUC-EXACT
энергия көзіне қосу үшін желілік айырды 20 қорғаныс
контактысы бар розеткаға қосуға болады.
Әрдайым желілік кабельді PUC-EXACT желілік аспапқа
қосып, сосын желілік айырды 20 розеткаға салыңыз,
әйтпесе тоқ соғу қауіпі пайда болады.
Пайдалану
Жеке сақтайтын киімді және әрдайым
қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр
құрал түріне немесе пайдалануына
байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе
құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Айналу бағытын орнату
Оңға айналу: Жинақта электр құралы бұрандалар
мен сомындарды бұрап кіргізуге реттелген (оңға
айналу). Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
5 басылмаған.
Солға айналу: бұрандалар мен сомындарды
босату үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 5басыңыз. Айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын басып, бұрап бұғаттауға
болады.
 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 5 тек
электр құралы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
PUC-EXACT желілік аспабын қосу/өшіру
(А суретін қараңыз)
Алдымен PUC-EXACT желілік аспапты іске қосып, сосын
C-EXACT электр құралын қосу керек („Энергия қорегіне
қосылу", 146 бетінде қараңыз).
Желілік аспапты қосу үшін қосқыш/өшіргішті 14 желілік
аспабында 1 күйінде басыңыз.
Жасыл жарық диод 16 жанып желілік аспап дайындығын
көрсетеді.
PUC-EXACT-1: жарық диоды 17 жанса ақаулық пайда
болды.
Желілік аспапты өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 14
желілік аспабында 0 күйінде басыңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido