Descargar Imprimir esta página

Техникалық Қызмет Көрсету - Asco R298 Serie Instrucciones De Puesta En Marcha Y Mantenimiento

Válvulas de mando por pistón 2/2

Publicidad

ОРНАТУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
ПОРШЕНЬ Т РІНДЕГІ ОПЕРАТОРЫ БАР R298 (2/2) СЕРИЯЛЫ КЛАПАНДАР
СИПАТТАМАСЫ
Қашықтан басқарылатын 2/2 жүрісті клапандар:
- R298 сериялы, NC - NО, бұрандалы саңылау немесе тірек
тақтасына орнатылатын корпус, PN 40.
Клапандар диаметрі 80 немесе 100 мм болатын поршень түріндегі
оператормен жабдықталады.
Клапан корпустары тот баспайтын болаттан жасалған күйінде
қолжетімді.
ФУНКЦИЯСЫ
NC - қалыпты жабылған (NC нұсқасының сызбадарын қараңыз):
Клапан NC басқару клапаны əрекетсіз болған кезде жабылады.
Клапан NC басқару клапаны токқа қосылған кезде ашық болады.
NО - қалыпты ашылған (NО нұсқасының суреттерін қараңыз): Клапан
NC басқару клапаны əрекетсіз болған кезде ашылады.
Сұйықтықтар:
R298: (Температура ауқымы (ТА): -10°C - +240°C)
Бұрандалы саңылауы бар корпустар нұсқалары: 1-ші жəне 2-ші ауа
мен газ тобы, аса қыздырылған су, 1-ші жəне 2-ші сұйықтықтар тобы, бу.
Тірек тақтасы бар нұсқалар: DN1- DN20, 1-ші жəне 2-ші ауа мен газ
тобы / DN = 32, 2-ші ауа мен газ тобы / барлық DN, аса қыздырылған
су, 1-ші жəне 2-ші сұйықтықтар тобы, бу.
Негізгі техникалық сипаттамалар:
Серия
R298
Дифференциалды қысым
40 бар
Максималды рұқсат етілген қысым 40 бар
(I диаграммасын қараңыз)
Қоршаған орта температурасының
ауқымы
-10°C - +180°C
Максималды тұтқырлық
600 сСт (мм
2
/с)
Рұқсат етілетін кері қысым
20 бар
Басқару сұйықтығы
ауа
Макс. бастапқы қысым
Макс. бастапқы қысым
10 бар
Мин. бастапқы қысым
7-беттегі диаграмманы қараңыз
P (bar)
I диаграммасы
40
24
21
20
t (°C)
100
233 250
сұйықтық температурасы
материалдармен байланысу үйлесімділігінің бар екеніне көз жеткізіңіз)
Серия
R298
Клапан корпусы
Тот баспайтын болат
Тығын
Тот баспайтын болат
Сальникті қорап корпусы
Тот баспайтын болат
Қарнақ, диск, орын
Тот баспайтын болат
Сальникті қорап қаптамасы
ПТФЭ шеврондар
Диск тығыздауышы
PEEK
Клапан корпусының сақинасы мыс
ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ
Клапандар аты жазылған тақтайшада көрсетілген техникалық
сипаттамасы аясында жұмыс істеуге арналған. Өнімге өзгерістерді тек
өндіруші немесе оның өкілімен ақылдасқаннан кейін жасауға болады.
Орнатпас бұрын, құбыр жүйесіндегі қысымды азайтып, ішін тазалаңыз.
Жапсырмадағы барлық ақпаратты оқыңыз: код, порт, сұйықтық
(түрі, қысымы, температурасы), басқару жүйесіндегі сұйықтық,
басқару жүйесіндегі қысым, сериялық нөмір.
АБАЙЛАҢЫЗ: Клапандар əрбір нұсқаға арналған сұйықтықтармен
жұмыс істеуі қажет.
Клапанның максималды рұқсат етілген қысымын асырмаңыз.
Клапанды орнату жəне техникалық қызмет көрсету тек білікті
қызметкерлермен орындалуы тиіс.
Бекіту күйі
Клапандарды кез келген күйде орнатуға болады.
Қалыпты пайдалану кезінде: сұйықтықтың кіріс ағыны
клапан дискісінің астында (сұйықтықтың кіріс ағынын
дискі үстіне орнату үшін бізге хабарласыңыз)
Байланыс
Пластикалық қорғаныс тығынын басқару саңылауынан (NC жəне
NO сызбаларын қараңыз) алыңыз жəне əрбір нұсқа үшін жалғау
рəсімдерін орындаңыз:
Басқару клапанын жалғау
1
2
- 1/8 портына (диаметрі 80, 100 мм-лік операторлар); басқару
клапанын жалғау үшін, бекіту моментін (с) 4 жəне 5 Нм аралығына
орнатыңыз.
Сыртқы ойықты қосылымдары бар клапандар (R298)
Түтікті корпуста жəне осы нұсқауларда көрсетілгендей жалғаңыз.
Бұрандалы түтіктердің сыртқы ойықтарын сəл майлаңыз (қолданбаға
байланысты); клапанның ішкі ойықтарын майламаңыз. Жүйеге бөгде
заттың кірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Клапанның механикалық деформациялануына жол бермеу үшін,
түтіктерді дұрыс тіреп, туралаңыз. Бекіткен кезде клапанды иінтірек
ретінде пайдаланбаңыз; кілттерді клапан корпусы мен түтіктердегі
жалғау нүктелеріне барынша жақын орналастырыңыз. Жабдықтың
бүлінуін болдырмау үшін түтік қосылымдарын ШАМАДАН ТЫС
БЕКІТПЕҢІЗ.
Тірек тақтасына бекітілетін корпусы бар клапандар PN 40 (R298)
R298: Тірек тақтасына бекітілетін клапандар PN40 үшін сəйкес
келетін тығыздауыш төсеммен тығыздалуы қажет.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
!
Дене жарақатын алу немесе жабдықтың зақымдалу
қаупінің алдын алу үшін, кез келген техникалық қызмет көрсету
жұмыстарынан немесе пайдалануға беруден бұрын клапанды
өшіріңіз де, қысымын азайтып, желдетіп шығыңыз.
R298 сериялы клапандарды мəселе талдауы жүргізілгеннен
кейін біздің жөндеу мекемелерімізде жөндеуге болады. Барлық
жалғау үшін тығыздалған беттерді зақымдалудан қорғау үшін,
барлық клапандарды сəйкес қаптамада тасымалдау керек.
Тазалау
Клапандарға техникалық қызмет көрсету жұмыс күйлеріне
байланысты болады. Жүйелі аралықтарда тазалануы тиіс. Екі тазалау
жұмыстарының арасындағы аралықтар сұйықтықтың ерекшелігіне,
жұмыс күйлеріне жəне жұмыс істелетін ортаға байланысты өзгешеленуі
мүмкін. Қызмет көрсету барысында құрамдастар шамадан тыс тозуға
тексерілуі тиіс. Құрамдастар басқару қысымы дұрыс болса да төмен
кезең байқалған кезде немесе өзгеше шуыл не ағу анықталған кезде
тазалануы тиіс. Кері жағдайда бұл клапанның бүлінуіне əкеліп, ол
мүлдем дұрыс ашылмай жəне жабылмай қалуы мүмкін.
Дыбыстың шығуы
Дыбыс деңгейінің нақты анықтауды пайдаланушы клапан жүйеге
орнатылған кезде ғана орындай алады.
Дыбыстың шығуы қолданбаға, ортаға жəне пайдаланылатын
жабдықтар түріне байланысты.
Сақтандыратын техникалық қызмет көрсету
Ашылатынын жəне жабылатынын тексеру үшін клапанды кемінде
айына бір рет жұмыс істетіңіз.
Дискі тығыздауышы қосалқы бөлшек ретінде қолжетімді. Егер
техникалық қызмет көрсету кезінде мəселелер орын алса немесе
күмəндансаңыз, ASCO компаниясына немесе оның өкілетті
өкілдеріне хабарласыңыз.
Ақаулықтарды жою
Шығыстағы қысым дұрыс емес: Клапанның қуат көзі жағындағы
қысымды тексеріңіз; ол зауыттық тақтайшада көрсетілген мəндерге
сəйкес келуі тиіс.
Абайлаңыз: NO жəне NC функциясындағы минималды бастапқы
қысымды немесе кері қысымды сақтау қажет.
Ағу: Клапан корпусын бөлшектеңіз жəне ішкі бөліктерін тазалаңыз.
Қажет болса, диск тығыздауышын ауыстырыңыз.
Бөлшектеу жəне қайта жинау
!
Дене жарақатын алу немесе жабдықтың зақымдалу қаупіне жол
бермеу үшін, кез келген техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан
бұрын, жетекті басқару жүйесі мен бу контурынан ажыратып, клапан
қысымын азайтыңыз жəне сұйықтығын айдап шығарыңыз.
("Қосалқы бөлшектер жинақтары" бөлімінің төменгі жағындағы
бөлшектелген көріністі қараңыз)
Бұл əрекеттерді клапан корпусын түтіктен ажыратқаннан кейін
жасау қажет.
Процесс барысында клапан мен түтікке бөгде заттың
кірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Бөлшектеу/қайта жинау процедурасы:
I қосалқы бөлшектер жинағы: 1 - 6 суреттерді қараңыз
II қосалқы бөлшектер жинағы: 7 - 19 суреттерді қараңыз
III қосалқы бөлшектер жинағы: 20 - 41 суреттерді қараңыз
!
Дене жарақатын алу немесе мүлікке зақым келуге жол бермеу
үшін, клапанды пайдалануға бермес бұрын оның дұрыс жұмыс
істейтінін тексеріңіз. Сондай-ақ, жарылмайтын жəне тұтанбайтын
сұйықтықты пайдалану арқылы ықтимал ішкі не сыртқы ағуларды
(орындар/дискілер) тексеріңіз.
10
517956-001
CONNECTION
KZ
RACORDAJE
ANSLUTNING
FORBINDELSE
PŘIPOJENÍ
ПОДКЛЮЧЕНИЕ
R298
GB
RACCORDEMENT
ES
COLLEGAMENTO
SE
TILKOBLING
DK
LIGAÇÃO
CZ
PODŁĄCZENIE
RU
БАЙЛАНЫС
2/2 NC - NF
2/2 NO - NA
Ø 80 - 100
Ø 80 - 100
1/2
P
p
1/2
P
p
Ø 80 - 100
Ø 80 - 100
P
1/2
P
1/2
p
p
11
FR
DE
ANSCHLUSS
IT
NL
AANSLUITING
NO
FI
LIITÄNTÄ
PT
GR
ÓÕÍÄÅÓÇ
PL
CSATLAKOZTATÁS
HU
KZ
-
-
NC / NF
P (bar)
10
7,5
DN 32
5,5
5
DN 20
DN 10
2,8
3,5
2,5
2
1
0
10
20
30
40
p (bar)
NO / NA
P (bar)
10
7,5
DN 32
6
5
3,8
DN 20
2,5
DN 10
2
1
0,5
0
10
20
30
40
p (bar)
517956-001

Publicidad

loading