кк
ҚАЗАҚША
Ара жүзі жүктемесіз жылдамдық үшін
қолайлы болуы тиіс.
Араланатын материал үшін қолайлы ара
жүзін пайдаланыңыз.
Тек түпнұсқа Metabo ара жүздерін
пайдаланыңыз. Ағаш немесе ұқсас
материалдарды кесуге арналған ара жүздері
EN 847-1 стандартына сәйкес келуі тиіс.
Ауыр апатқа жол бермеу үшін ауыстырып-
қосқыш ӨШІРУЛІ күйде болуына және қуат
көзі ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Ара жүзін бөлшектеу (F суреті)
1. Құлыптау иінтірегін (19) басыңыз,
айналдырықты (22) құлыптаңыз және
алтықырлы кілт (9) көмегімен тесігі бар
алтықырлы болтты (18) алыңыз.
2. Төменгі сақтандырғыш араның жабынына
толығымен тартылып тұруы үшін төменгі
сақтандырғыш иінтірегін (13) ұстап тұрып, ара
жүзін алыңыз.
Ара жүзін орнату(F суреті)
1.Айналдырықта, болтта және шайбаларда
жиналған жоңқаларды мұқият алып тастаңыз.
2. Е суретінде көрсетілгендей, ара жүзінің (11)
ішкі диаметрімен бірдей диаметрлі шығыңқы
орталығы бар шайбаның (А) (21) бүйірі және
шайбаның (В) (20) шұңқыр жағы ара жүзіне
бекітілуі тиіс.
3. Ара жүзінің (11) дұрыс айналу бағытын
қамтамасыз ету үшін ара дискісіндегі көрсеткі
бағыты ара жабынындағы көрсеткі бағытымен
сәйкес келуі керек.
4. Саусағыңыздың көмегімен ара жүзін ұстап
тұратын тесігі бар алтықырлы болтты (18)
қатайтыңыз. Содан кейін құлыптау иінтірегін
(19) басыңыз, айналдырықты (22) құлыптаңыз
және тесігі бар алтықырлы болтты (18) мақтап
қатайтыңыз.
Ара жүзін бекіткеннен кейін, құлыптау
иінтірегінің сипатталған күйге мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
5. Ара жүзін тексеру. Өткір емес ара жүзін
пайдалану тиімділіктің төмендеуіне және
қозғалтқыш ақауына әкеп соқтыратындықтан,
қажалу байқалған бойда ара жүзін өткірлеңіз
немесе ауыстырыңыз.
6. Бекіту бұрандаларын тексеру. Барлық орнату
бұрандаларын жиі тексеріп, олардың дұрыс
қатайтылғанына көз жеткізіңіз. Егер
бұрандалардың біреуі бос болса, оларды дереу
қатайтыңыз. Мұны жасамау қауіпті жағдайға
әкелуі мүмкін.
7. Моторға техникалық қызмет көрсету. Мотор
блогының орамы электр құралының "жүрегі"
болып табылады. Орамның зақымдалмауын
және/немесе маймен немесе сумен
дымқылданбауын қамтамасыз ету үшін мұқият
болыңыз.
38
8. Көміртекті қылшақтарды тексеру. Әрі қарайғы
қауіпсіздігіңіз бен электр тоғынан қорғану үшін
бұл құралды көміртекті қылшақпен тексеруді
және ауыстыруды ТЕК Metabo компаниясының
уәкілетті қызмет көрсету орталығы жүзеге
асыруы қажет.
9. Перпендикулярлықты сақтау үшін негіз (7)
бен ара жүзін (11) реттеу.
Негіз мен ара жүзінің арасындағы бұрыш 90°
дейін реттелген, алайда бұл перпендикулярлық
қандай да бір себеппен жоғалса, оны келесідей
реттеңіз:
1. Негіздің (7) бетін жоғары қаратып (D суреті),
қанатты болтты (16) босатыңыз (С суреті).
2. Шаршыны негізге (7) және ара жүзіне (11)
қойыңыз және саңылаулы орнатқыш бұранданы
(23) басында саңылауы бар бұрағышпен бұрау
арқылы қажетті дұрыс бұрышты шығару үшін
негіздің орнын ауыстырыңыз
9. Тазалау
Құрылғыда жиналған шаң қабаттарын жиі
тазалап отыру қажет. Бұл мотордағы желдеткіш
торларды шаң сорғышпен тазартуды қамтиды.
Қауіпсіздік құралдарының (мысалы, төменгі
сақтандырғыш) жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
Төменгі сақтандырғыш өзінің соңғы күйіне еркін,
автоматты түрде, оңай және дәл оралуы керек.
10. Ақаулықтарды жою
Құрылғыны қысқа уақытқа қосу кернеуді
азайтады. Электр желісінің қолайсыз
жағдайлары басқа құрылғыларға зиян келтіруі
мүмкін. 0,3 ом шамасынан аз қуат кедергісі
ақаулыққа әкелмеуі тиіс.
11. Керек-жарақтар
Тек түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын
пайдаланыңыз.
Осы пайдалану нұсқаулығында келтірілген
талаптар мен сипаттамаларға сәйкес келетін
керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз.
Керек-жарақтардың толық ассортиментін
www.metabo.com сайтынан немесе негізгі
каталогтан қараңыз.
12. Жөндеу жұмыстары
Электр құралдарын жөндеумен білікті
электршілер ғана айналысуы тиіс!
Ақаулы желілік кабельді Metabo қызмет көрсету
орталығында қолжетімді арнайы, түпнұсқа
Metabo желілік кабелімен ауыстыру қажет.
Metabo электр құралдарын жөндеу қажет болса,
жергілікті Metabo өкіліне хабарласыңыз.
Мекенжайларын www.metabo.com сайтынан
қараңыз.