Кесу Тереңдігін Орнату; Техникалық Қызмет Көрсету - Metabo KS 165 Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para KS 165:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 9
Реттеу немесе қызмет көрсету жұмыстары
орындалмас бұрын, ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
Қуат қосқышы
Қуат қосқышының ӨШІРУЛІ күйде екеніне көз
жеткізіңіз. Қуат қосқышы ҚОСУЛЫ күйде кезде,
аша розеткаға қосылатын болса, электр құралы
бірден іске қосылып, ауыр апатқа әкелуі мүмкін.
Ұзартқыш сым
Жұмыс аймағы қуат көзінен бөлек орналасқан
жағдайда, қалыңдығы мен номиналды қуаты
жеткілікті ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Ұзартқыш сымды мүмкіндігінше қысқа етіп
сақтау керек.
Ағаш шеберүстелін дайындау
Ара жүзі ағаштың төменгі бетінен асатын
болғандықтан, кесу кезінде кесілген
материалды шеберүстеліне қойыңыз. Егер
шаршы блок шеберүстелі ретінде
пайдаланылса, оның дұрыс тұрақтануын
қамтамасыз ету үшін тегіс бетті таңдаңыз.
Тұрақсыз шеберүстелі қауіпті жұмысқа әкеледі.
Ықтимал апатқа жол бермеу үшін әрдайым
кесуден кейін қалған кесілген материал
бөлігі дұрыс күйде мықтап бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Ара жүзін (11) бекіту және ажырату үшін
пайдаланылатын алтықырлы кілтті (9) тұтқада
(24) сақтауға болады (G суреті).
6.1
Кесу тереңдігін орнату
Кесу тереңдігін иінтіректі (А) (8) босатқаннан
кейін, негізін жылжыту арқылы реттеуге болады
(В суреті).
Иінтіректі (А) (8) босатылған күйде
қалдырған жағдайда, ол өте қауіпті жағдай
туғызады. Оны әрдайым мұқият қысыңыз.
6.2
Көлбеу бұрышын реттеу
Алдыңғы шкаладағы (15) қанатты болтты (14)
босатып, ара жүзін (11) негізге қарай максимум
45° бұрышқа дейін еңкейтуге болады (С суреті).
Қанатты болтты (16) босатылған күйде
қалдыру өте қауіпті. Оны әрдайым мұқият
қысыңыз.
6.3
Бағыттауышты реттеу
Кесу күйін қанатты болтын (16) босатқаннан
кейін, негізін (7) жылжыту арқылы реттеуге
болады (С суреті). Негізді сол жағына немесе оң
жағына орнатуға болады.
Кесу тереңдігін ара жүзіндегі әр тістің жартысы
дайындаманың астына түсетіндей етіп орнатқан
жөн. 2-беттегі суретті қараңыз.
6.4
Сорғыш келтеқұбырды орнату
Сорғыш келтеқұбырдың (6) алдыңғы жағындағы
шығыңқы бөлікті (25) ара корпусына салыңыз (G
суреті). Сорғыш келтеқұбырды бірге берілген
бұранда (26) көмегімен ара корпусына
қатайтыңыз.
Жоңқаларды сору
Жоңқаларды сору үшін сору шлангісі бар
сорғышты құрылғыға жалғаңыз.
7. Пайдалану
7.1
Қосу және өшіру
Қосу: құлыптау түймесін (3) басып тұрып, іске
қосқышты (2) басыңыз.
Өшіру: құлыптау түймесін (3), содан кейін іске
қосқышты (2) босатыңыз.
7.2
Жұмыс бағыттары
Желілік кабельді кесу жұмыстарын кедергісіз
орындайтындай төсеңіз.
Негізді (7) кесілген материалдың үстіне қойып,
кесу сызығын алдыңғы шкаладағы (15) ара
жүзімен туралаңыз.
Ара жүзі кесілген материалға тимес бұрын, іске
қосқышты (2) ҚОСЫҢЫЗ.
ЕСКЕРТУЛЕР
Кесу жұмысын бастамас бұрын, кесілетін
материалдың дұрыс күйде екеніне көз
жеткізіңіз. Кесілетін материалдан зиянды/улы
шаң шығады деп күтілсе, шаң жинағыштың
немесе тиісті шаңды сору жүйесінің шаң
шығатын жерге дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз. Қосымша ретінде шаңнан қорғайтын
маска тағыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, розеткадан ашаны
суырып тастаңыз.
Ара жүзі дайындамаға тиіп тұрғанда,
құрылғыны қосуға немесе өшіруге
болмайды.
Кеспес бұрын, ара жүзінің толық
жылдамдығына жетуіне жол беріңіз.
Қолмен басқарылатын дөңгелек ара
қосылғанда, төменгі сақтандырғыш дайындама
арқылы артқа қарай серпіледі.
Аралау кезінде, ара жүзі айналып тұрған
күйінде құрылғыны материалдан алуға
болмайды. Ара жүзінің тоқтағанын күтіңіз.
Ара жүзі кептеліп қалса, құрылғыны дереу
өшіріңіз.
8. Техникалық қызмет көрсету
1. Ара жүздерін ауыстыру
Реттеу немесе қызмет көрсету жұмыстары
орындалмас бұрын, ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
Тек өткір, зақымдалмаған ара жүздерін
пайдаланыңыз. Сынған немесе пішінін
өзгерткен ара жүздерін пайдалануға болмайды.
Көрсетілген сипаттамаларға сәйкес
келмейтін ара жүздерін пайдалануға
болмайды.
Арадағы белгілерге сәйкес диаметрдегі ара
жүздерін ғана пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚША кк
37

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ks 190

Tabla de contenido