Қолдану
T
ЕСКЕРТУ
Зақымдалған зарядтағыш кабель – ток соғудан
өмірге қауіп туындайды
Зақымдалған зарядтағыш кабель қазалы немесе ауыр
жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
f Әр қолдану алдында зарядтағыш кабельде сыртқы
зақымдардың (мысалы, жарықшақтар) бар-жоғын
тексеріңіз.
f Зақымдалған зарядтағыш кабельді қолдануға бол-
майды.
Зарядтау процесін бастау
Мұқаба бетті ұстану –
2- және 4-суреттер.
f Қорғаныш қалпақшаны алып тастаңыз.
f Зарядтағыш кабельді жалғаңыз.
f Зарядтау процесін автомобильде бастаңыз.
Зарядтау процесін аяқтау
Автомобиль зарядталғаннан кейін, зарядтау про-
цесін аяқтаңыз.
Мұқаба бетті ұстану –
3- және 4-суреттер.
f Зарядтау процесін автомобильде аяқтаңыз.
f Зарядтағыш кабельді ажыратыңыз.
f Қорғаныш қалпақшаны орнатыңыз.
f Зарядтағыш кабельді автомобиль ішінде тиісінше
орналастырыңыз.
Тазалау
Зарядтағыш кабельді ластану түріне және қолдану
шарттарына байланысты құрғақ немесе ылғалды
әдіспен тазалауға болады.
T
ЕСКЕРТУ
Ток өткізгіш құрамдас бөлшектермен жанасу – ток
соғудан өмірге қауіп туындайды
Ток өткізгіш құрамдас бөлшектермен жанасу қазалы
немесе ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
f Зарядтағыш кабельді ажыратыңыз.
f Штепсельдік қосылымдарды және штепсель-
дік құрылғыларды ылғал мен сұйықтықтардан
қорғаңыз.
f Тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз.
f Зарядтағыш кабельді құрғақ немесе сәл суланған
шүберекпен тазалаңыз.
Кәдеге жарату
Зарядтағыш кабельді тұрмыстық қоқыспен бірге кәде-
ге жаратуға болмайды.
f Электрлік және электрондық ескі құрылғыларды
қайта өңдеуге арналған қоғамдық жинау орында-
рын пайдаланыңыз.
f Сұрақтар туындаған жағдайда, дилерге немесе кә-
деге жарату орнына хабарласыңыз.
70