Descargar Imprimir esta página

Grundfos Multilift MSS Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 225

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 142
6.2 Су көтеру станциясын орнату нұсқаулар
Су көтеру станциясын дұрыс механикалық орнату
туралы нұсқаулар EN 12056-4 стандартына сай.
6.1.1 Орнату сызбасы бөлімін қараңыз.
Қызмет көрсету жəне пайдалану үшін су көтеру
станциясын тиісті түрде жарықтандырылған жəне
желдетілген бөлмеде, барлық бөліктерінің айналасында
60 см бос орын болатындай орнатыңыз.
Еден деңгейінен төмен сорғы поддонын қойыңыз.
Егер су көтеру станциясы жер сулары ену қаупі бар
іргетаста орнатылса, бөлмені дренаждау үшін еден
деңгейінен төмен бөлек сорғы поддонында дренаждық
сорғыны орнату ұсынылады (кейбір елдерде талап
етіледі). 10-суретті қараңыз.
Жинау қоймасы, сорғы жəне кабельдерді су
Ескерту
басуы мүмкін (ең көбі 7 күнде 2 м).
Контроллерді құрғақ жəне жақсы
Сақтан
желдетілетін жерде орнату керек.
Резонансты азайту үшін барлық құбыр қосылымдары
икемді болуы керек.
Су көтеру станцияларын көтерілуден жəне бүгілуден
қорғау керек.
Су көтеру станциясының, диафрагмалық сорғының жəне
дренаждық сорғының барлық шығару құбырлары
(су көтеру станциясының диафрагмалық ) жергілікті кері
ағын деңгейінен жоғары болуы керек. Иіні /кері су
тығыздауышынң ең жоғары нүктесі көше деңгейінен
жоғары болуы керек.
DN 80 жəне одан жоғары шығару құбырлары үшін шығару
құбырында изоляциялау клапанын орнатыңыз. Сондай-ақ,
кіріс жолағында изоляциялау клапанын орнатыңыз.
Беттегі суды ғимарат ішіндегі су көтеру станциясына
шығармау керек. Оның ғимарат сыртында өзінің жеке сору
станциясы болуы керек.
Су көтеру станциялары EN 12050-4 стандартына сай
бекітілген бір бағыттық клапанмен қамтамасыз етілуі
керек.
Бір бағыттық клапаннын жоғары кері ағын деңгейіне дейінгі
шығару құбырының көлемі тиімді қойма көлемінен азырақ
болуы керек.
Жалпы, қара ағынды суға аранлған су көтеру станциясы үй
төбесінің деңгейінен жоғары желдетілуі керек.
Бірақ, желдетуді, қосымша желдету ретінде, ғимараттың
негізгі желдету жүйесіне апаруға рұқсат етіледі.
Егер ағынды су жинау жолағына шығарылса, бұл жинау
жолағының толтыру арақатынасы кемінде h/d = 0,7 болуы
керек. Жинау жолағы шығару құбыры қосылымынан кейін
кемінде бір номиналды диаметр үлкенірек болуы керек.
Сорғы ақаулығы жағдайында жинау қоймасын кəдімгідей
қолмен дренаждау үшін диафрагмалық сорғыны
пайдаланыңыз (міндетті емес).
6.3 Су көтеру станциясын орнату сатылары
1. Жеткізу жинағын тексеру. Жеткізу жинағын 2. Жеткізу
жинағы бөлімінде қараңыз.
2. Керекті тесіктерді кесіп енгізулерді дайндаңыз. DN 100
кірісі үшін 0 100 жəне DN 50 кірісі үшін 0 43 доңғалақ
бұрандасын пайдаланыңыз. Кесу сызығы жасырылады.
Өткір кесетін жиектерді болдырмау үшін тесіктің
қабыршақтарын алу керек. Құбыр аузы тығыздауыштары
шайбалармен бірге беріледі.
3. Диафрагмалық сорғы үшін қосылымды дайындау
(міндетті емес). DN 50 қосылым құбыр аузы үшін ∅43
доңғалақ бұрандасын пайдаланыңыз. Өткір кесетін
жиектерді болдырмау үшін тесіктің қабыршақтарын алу
керек.
DN 50 - ∅43
DN 100 - ∅100
DN 150 - ∅150
11. сур. Қосымша қосылым тесіктерін кесу немесе
бұрғылау
4. Кіріс құбырын қоймаға қосу. Техникалық қызмет көрсету
жəне қызмет көрсету кезінде кіріс ағынды болдырмау үшін
кіріс құбыры мен су көтеру станциясының арасында
изоляциялау клапанын орнатыңыз. Біз жұмыс істеу оңай
ПВХ изолояциялау клапанын ұсынамыз.
12. сур. Изоляциялау клапанын орнату
Кіріс, шығару жəне желдету құбырының
салмағының қоймаға түспеуін қамтамасыз
Сақтан
етіңіз. Ұзын құбыр бөлімдерін, клапандарды,
т.б. тіреу керек.
Назар аударыңыз
Су көтеру станциясына ешқашан тұрмаңыз.
225

Publicidad

loading