Descargar Imprimir esta página

Grundfos Multilift MSS Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 229

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 142
9. Күтім жасау жəне техникалық қызмет
көрсету
Multilift MSS станциясы ең аз техникалық қызмет көрсетуді
қажет етеді.
Назар аударыңыз
Денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін
сұйықтықтарды тарту үшін
пайдаланылатын су көтеру станцияларында
техникалық қызмет көрсетуді жəне қызмет
көрсетуді орындау алдында су көтеру
станциясын таза сумен мұқият жуыңыз
жəне шығару құбырын төгіңіз.
Бөлшектеуден кейін бөліктерді суда
шайыңыз. Изоляциялық клапандар
жабылғанын тексеріңіз. Жұмысты жергілікті
ережелерге сай орындау керек.
Назар аударыңыз
LC 220-те кез- келген қосуларды орындамас
бұрын, электр қорегінің өшіріліп, оның
кездейсоқ қосылуына жол бермейтін барлық
шаралардың қабылдануына көз жеткізіңіз.
EN 12056-4 бойынша бір пəтер ұйлерде орналасқан сорап
станциялар жылда бір рет тексерілу қажет. Тексеру кезінде
жергілікті ережелерді сақтау керек.
Су көтеру станциясын кезеңдік тексерулерді рұқсат етілген
қызметкерлер орындауы керек жəне электр жəне
механикалық қызмет көрсетуді қамтуы керек.
Мыналарды тексеру қажет:
Шығару жəне кіріс қосылымдары
Су көтеру станциясының барлық қосылымдарының
тығыздығын жəне ағатын жерлер бар-жоғын тексеріңіз.
Кіріс, шығару жəне желдету құбырларының салмағының
қоймаға түспеуін қамтамасыз етіңіз. Ұзын құбыр
бөлімдерін, клапандарды, т.б. тіреу керек.
Тұтынылатын қуат
Фирмалық тақтайшаны қараңыз.
Кабель кірісі
Кабель кірісі су кіргізбейтінін жəне кабельдер қатты
бүгілмегенін жəне/немесе қысылмағанын тексеріңіз.
Сорғы бөлшектері
Сорғыны тірейтін фланецтен бөлшектеу арқылы сорғы
корпусының тартпа көмейін тексеріңіз.
Тірек фланецін босатпаңыз. Ол жинау
қоймасына бұрандалармен жəне
тығыздауышпен бекітілген. Оның орнына
Ескерту
төрт тот баспайтын болаттан жасалған
қысқыштарды босатыңыз.
O-тəрізді сақинаны сорғы мен тірейтін фланец арасына
орнатуға кеңес береміз.
Таза сумен сынақ іске қосуды орындаңыз. Шу, вибрация
немесе қалыптан тыс жұмыс болса,
Grundfos компаниясына хабарласыңыз.
Білік тығыздауышы
Білік тығыздаушты,O-тəрізді сақинаны жəне майды
тексеріңіз. Май камерасында шамамен 60 мл инертті май
болады. Пайдаланылған майды жинап алып, жергілікті
нормалар мен ережелерге сəйкес жойыңыз. Бұл жұмысты
өндіруші немесе рұқсат етілген қызмет көрсету
шеберханасы орындауы керек. Қызметтік нұсқауларды
қараңыз.
Бір бағыттық клапанды тазалау (жабдықталған болса)
Мыналардың орындалуы қажет:
1. Шығару құбырындағы жəне кіріс құбырындағы (орнатылған
болса) изоляциялау клапандарын жабыңыз немесе бір
бағыттық клапанның бүйірнідегі төгу бұрандасын
бекемдеу арқылы шығару құбырын төгіңіз. 5.1.3 Кері
клапан бөлімін қараңыз.
2. Бір бағыттық клапанды қақпақ арқылы тазалаңыз.
Бір бағыттық клапанды қайта жинағанда тексеру
қақпағының төсемесін қайта орнатыңыз.
9.1 Электр техникалық қызмет көрсету
LC 220 корпусының алдыңғы қақпағының жəне кабель
кірістерінің төсемелерін тексеріңіз.
Кабель қосылымдарын тексеріңіз.
Контроллер функцияларын тексеріңіз.
Қысым тұрбасын тексеріңіз жəне оны тазалаңыз.
9.2 Деңгей датчигін тазалау бөлімін қараңыз.
Егер LC 220 контроллері іргетаста аса ылғалды ортада
орнатылса, ықтимал коррозияны анықтау үшін PCB
клеммаларын тексеру ұсынылады.
Əдеттегі орнатылымдарда, түйіспелер бірнеше жыл жұмыс
істейді жəне ешбір тексеруді қажет етпейді.
Орнатылған болса, жыл сайынғы қызмет көрсетуде 9 В
батареяны ауыстырыңыз.
Жоғарыдағы тізім толық емес.
LC 220 контроллерін мұқият жəне жиі
Ескерту
техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін
орталарда орнатуға болады.
9.2 Деңгей датчигін тазалау
1. ҚОСУ-ӨШІРУ-АВТО таңдау қосқышын ӨШІРУ күйіне
(
)орнатыңыз. 5.2.2 Бақылау элементері мен сигнал
лампасы бөлімін қараңыз.
2. Сағат тіліне қарсы бұранда қақпашасын бұраңыз.
19-суретті қараңыз.
3. Қысым құбырын абайлап жинақтаушы қоймадан алып
шығыңыз. Оны шланг арқылы көтермеңіз.
4. Қысым құбырының үстіндегі немесе ішіндегі мүмкін
депозиттерді жəне бұранда қақпасының астындағы
конденсатты қақпанды тексеріңіз.
5.1.4 Деңгей датчигі бөлімін қараңыз.
5. Шөгінділерді қырып алып тастаңыз. Қажет болса, шлангты
контроллерден шығарыңыз жəне құбыр мен шлангты
төмен қысымда, таза сумен шайыңыз.
6. Қоймадағы бұранда қақпашасын бұрай отырып қысым
құбырын ауыстырыңыз. Шлангты контроллерге қайта
жалғаңыз.
7. Multilift MSS станциясын сынақ іске қосу арқылы датчикті
тексеріңіз.
19. сур. Қысым құбырын шығару
229

Publicidad

loading