ҚОЛДАНЫСТА
Ескертпе: қолдану барысында A мәні мен P мәні дисплейде кезестесіп көрсетіледі. Дабыл күйінде A0 және P0
дыбыстық дабылмен үздіксіз жыпылықтайды.
Дисплей
A мәні
A0
A0 көрсеткішінің үзік-үзік немесе
тұрақты дабылмен жыпылықтауы
P мәні
P0
P0 көрсеткішінің үзік-үзік немесе
тұрақты дабылмен жыпылықтауы
Жыпылықтайтын қате (E) коды
Үзік-үзік немесе тұрақты дабылдайтын
E0, E1, E2 немесе E3
Пайдалану кезінде тұрақты түрде Powered Air Turbo құрылғысы дисплейін тексеріңіз. Артқы жағына киілсе, оны
дисплей көрінетіндей етіп сол жаққа қарай (тозған күйде) жылжытыңыз. Не болмаса әріптесіңізден дисплей күйін
жүйелі түрде тексеруін сұраңыз.
"Қуатты өшіру" күйінде пайдалану қалыпты жағдай емес және көмірқышқыл газының жиналуына және бас
маскасында оттегінің азаюына әкелуі мүмкін. Қуат өшірулі болса, ластанған аумақтан дереу шығыңыз. Бекем
тұрмайтын бас маскасының қуатын өшіру қорғанысты нашарлатады немесе мүлдем қорғамайды. Дұрыс орнату және
тығыз бет маскаларын кию арқылы қуатты өшіру ластанған аймақтан шығу үшін қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу түтігінің шығыңқы заттарға оралмауын қадағалаңыз. Қолдану кезінде дулығаға немесе бетпердеге
ауа ағыны тоқтаса немесе дабыл шықса, ластанған аумақты дереу тастап, себебін зерттеңіз (АҚАУДЫ ТАБУ
бөлімін қараңыз).
Ескертпе: өнімнің "пайдалану" мерзімі пайдалану жиілігі мен шарттарына байланысты әртүрлі болады. Кейбір
экстремалды жағдайлар қысқа уақыт ішінде нашарлауға әкелуі мүмкін. Өнім осы пайдалану нұсқауларына сәйкес
сақталуы және оған техникалық қызмет көрсетілуі керек.
ШЕШУ
Ластанған аймақтан шықпайынша, бас маскасын немесе бет маскасын шешпеңіз немесе Powered Air Turbo
құрылғысын өшірмеңіз.
Ескертпе: жүйені алып тастамас немесе бөлшектемес бұрын ТАЗАЛАУ немесе ЛАСТЫ ЖОЮ нұсқауларындағы
тиісті қадамдарды орындау арқылы жоюға болады.
Тазаламайтын немесе ластарды жоймайтын болсаңыз:
1. Бас маскасын немесе бет маскасын алыңыз.
2. Қуат түймесін басу арқылы Powered Air Turbo құрылғысын өшіріңіз.
3. Бел буатын белдікті шешіңіз.
4. Powered Air Turbo құрылғысына қажетті техникалық қызмет көрсетіңіз және батареяны зарядтаңыз.
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ
Бұл жабдықты қауіпті материалдарға қатысты қолдану жағдайларында жабдықты тазалаудан және оған
техникалық қызмет көрсетуден бұрын зарарсыздандыру кезінде, сол қауіпті материалға қатысты мемлекеттік
немесе жергілікті заңнамалар талаптарын орындаңыз.
Душ қабылдау
1.
Ешбір құрамдас бөлшегін ажыратпаңыз.
2.
Қуат түймесін басу арқылы Powered Air Turbo құрылғысын тоқтатыңыз.
3.
Сүзгілерін төмен қаратып, душ қабылдаңыз. Сүзгінің ішіне (ауа арнасына) су бүркімеңіз. Су сепкішпен
тазалағаннан кейін, сүзгілерді әрқашан ауыстыру керек.
3M™ PF-602E ASB (KZ) Шығарылым B
Түсіндіру
Батарея зарядын көрсетеді. A мәні азаяды, себебі батарея заряды
азаяды. Ескертпе: батарея ескірген сайын, толық зарядталған батареямен
де жоғары A мәндеріне қол жеткізу мүмкін емес.
Батареяны жақын арада зарядтау керек. Ластанған аумақтан шығуға
тырысыңыз.
Батареяны зарядтау керек. Ластанған аймақтан дереу шығыңыз –
АҚАУДЫ ТАБУ бөлімін қараңыз
Қозғалтқыштың қандай қарқынмен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. P мәні
неғұрлым төмен болса, қозғалтқыш соғұрлым ауыр жұмыс істейді. Мән
жоғары көрсеткіштен басталуы мүмкін, бірақ сүзгілер қатты бөлшектермен
жүктелген сайын төмендейді.
Қозғалтқыш дабыл шегіне жақындап қалды. Ластанған аумақтан шығуға
тырысыңыз.
Ластанған аймақтан дереу шығыңыз – АҚАУДЫ ТАБУ бөлімін қараңыз
Ластанған аймақтан дереу шығыңыз – АҚАУДЫ ТАБУ бөлімін қараңыз
256