Descargar Imprimir esta página

Kärcher RCV 5 Base Manual página 114

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
Процесті қолмен де бастауға болады.
Сору тек келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
● Тазалағыш робот станцияда.
● Станцияға сүзгі қапшығы бекітілген.
● Бекітілген сүзгі қапшығы толы емес.
● Станцияның қақпағы жабық.
Күй көрсеткіштері
Жарық диодты
Күй
көрсеткіш
Жасыл болып
Тазалағыш робот
лүпілдейді
зарядталуда.
1 минут бойы жасыл
Тазалағыш робот толығымен
болып жанады
зарядталған.
Үнемі жасыл жанып
Тазалағыш робот тазалап
тұрады
жатыр.
Көк түс жанады
Сору орындалуда.
Қызыл болып
Қате пайда болды.
жанады
Өшірулі
Тазалағыш робот зарядталған
жəне Ұйқы режимінде немесе
«Мазаламау» режимінде.
Орнату
Қоқыс контейнерінің қақпағын ауыстыру
Тазалағыш роботты сору станциясымен бірге
қолданар алдында роботтың төменгі жағындағы
қоқыс контейнерінің қақпағын ауыстыру керек.
Содан кейін сору саңылаулары бар жаңа қоса
берілетін шаң контейнерін салу керек. Ескі қоқыс
контейнерін сору мүмкін емес, себебі оның қажетті
саңылаулары жоқ.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу жəне зақымдану қаупі бар!
Пластинаны құралдармен (бұрағыштармен жəне
т.б.) итеріп шығару жарақатқа немесе
құрылғының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Қақпақты итеру үшін ешбір құралды
пайдаланбаңыз.
1. Кез келген түймені басыңыз. 
Тазалағыш робот тоқтайды.
2. Шаң контейнерін алыңыз (RCV 5 пайдалану
нұсқаулығын қараңыз).
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі
LiDARS зақымдалуы мүмкін.
Зақым келтірмеу үшін құрылғыны төңкермеңіз.
Тазалағыш роботтың орауышындағы картон
науасын пайдаланыңыз.
3. Тазалағыш роботты бұрып, оны тазалағыш
роботтың картон науасына сенімді қойыңыз.
Сурет B
4. Қақпақтың жабысқақ бөлігі шыққанша
белгіленген нүктелердің екеуінде де
қолдарыңызбен басыңыз.
Сурет C
5. Тазалағыш роботты бұрып, ескі қақпақты
алыңыз.
6. Жаңа қақпақтың жабысқақ жолағынан қорғаныш
үлдірді алыңыз.
7. Саңылаулары бар жаңа қақпақты жабысқақ
жолағын төмен қаратып салыңыз да, орнына
басыңыз.
Сурет D
114
8. Жаңа қоса берілетін шаң контейнерін салыңыз
(RCV 5 пайдалану нұсқаулығын қараңыз).
Кабельдерді басқару жүйесін орнату
Сурет E
1. Құрылғының артқы жағындағы кабельді басқару
жүйесін орнына түскенше көзделген
саңылауларға басыңыз жəне қажет болса,
кабельді оған бекітіңіз.
Пайдалануға енгізу
Станцияны орнату
● Тазалағыш робот зарядтау станциясына оңай
жететіндей орынды таңдаңыз.
● Зарядтау станциясының сол жəне оң жағында
кемінде 0,5 м қашықтықты жəне зарядтау
станциясының алдында кемінде 1,5 м
қашықтықты қамтамасыз етіңіз.
● Орынға тікелей күн сəулесі түспеуі керек.
1. Зарядтау станциясын орнатыңыз.
Сурет F
2. Құрылғының ашасын зарядтау станциясының
артқы жағындағы кабель ұстағышына қосыңыз.
3. Қуат сымын кабельді басқару жүйесіне орап, оны
арна арқылы өткізіңіз.
4. Ашаны токқа қосыңыз.
Тазалағыш роботты зарядтау
1. Тазалағыш роботты зарядтау станциясына
қойыңыз.
Қолданбада «Зарядтау станциясы» таңбасы бар
жаңа түйме пайда болады.
Нұсқау
Қолданбада «Зарядтау станциясы» таңбасы бар
жаңа түйме пайда болмаса, қолданба арқылы
микробағдарламаны жаңарту жүзеге асырылуы
керек. Микробағдарлама жаңартылғаннан кейін
тазалау кестелері қайта жасалуы керек.
Тазалағыш робот зарядтау станциясында болған
кезде, қолданбада «Зарядтау станциясы» таңбасы
бар түйме қара түспен көрсетіледі жəне оны сору
процесін бастау үшін басуға болады.
Тазалағыш робот тазалауды орындаса немесе карта
жасаса, қолданбадағы «Зарядтау станциясы»
таңбасы бар түйме сұр түске боялады жəне оны
басу мүмкін емес.
Соруды қолмен іске қосу
Əдетте, тазалағыш роботтың соруы автоматты
түрде жүзеге асады, бірақ қажет болған жағдайда
соруды қолмен де бастауға болады.
1. Тазалағыш робот қолмен сору үшін алдымен
зарядтау станциясында болуы керек.
2. Тазалағыш роботтағы «Зарядтау станциясына
оралу» түймесін 3 секунд басып тұрыңыз немесе
қолданбадағы «Зарядтау станциясы» таңбасы
бар түймені сору басталғанша басыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу жəне құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын
ескеріңіз.
Қазақша
станциясына қосц
Пайдалану
Тасымалдау

Publicidad

loading