ашаның қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны
жалғамаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек
ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
• Тек дұрыс оқшаулағыш құралдарды
қолданыңыз: желіні қорғайтын
ажыратқыштарды, сақтандырғыштарды
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштарды
пайдаланыңыз.
• Электр қондырғысында құрылғыны кез
келген ток полюстерінен ажыратуға
мүмкіндік беретін оқшаулағыш құрылғы
болуы керек. Оқшаулағыш құрылғыда
кеңдігі 3 мм-ден кем емес саңылау болу
керек.
• Бұл құрылғы желілік ашамен және
желілік кабельмен жабдықталған.
Еуропаға арналған орнатуға немесе
ауыстырғанда пайдалануға болатын
кабель түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F, H05
V2V2-F (T90), H05 BB-F
Кабельдің қимасын білу үшін техникалық
деректер тақтайшасындағы жалпы қуатты
қараңыз.Сондай-ақ, мына кестені қарай
аласыз:
Жалпы қуаты (Вт)
ең көбі 1380
ең көбі 2300
ең көбі 3680
Жер сымы (жасыл/сары кабель) қоңыр
фазалық және көк бейтарап кабельдерден
2 см ұзын болуы керек.
2.3 Пайдалану
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
қатеріне ұшырау не жарылыс шығу
қаупі бар.
Кабель секциясы
(мм²)
3x0.75
3x1
3x1.5
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдету саңылауларының бітелмегенін
тексеріңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін әрқашан сөндіріңіз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті
ашқанда абайлаңыз. Ыстық ауа шығуы
мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе
суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
• Ашық есікке күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс беті немесе сақтау
беті ретінде пайдаланбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкогольді ингредиенттерді
қолданғанда, алкоголь мен ауа қоспасы
пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
оттың құрылғымен жанасуына жол
бермеңіз.
• Тұтанғыш өнімдерді немесе тұтанғыш
өнімдермен ылғалдандырылған
заттарды құрылғының ішіне, жанына
немесе үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Эмальдің зақымдалуын немесе
өңсізденуін болдырмау үшін:
– пешке арналған ыдыстарды немесе
басқа заттарды құрылғы ішінде
тікелей түбіне қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды тікелей ыстық құрылғыға
қоймаңыз.
– әзірлеуді аяқтағаннан кейін
құрылғыда ылғалды ыдыстарды
және тағамдарды сақтамаңыз.
– керек-жарақтарды алып немесе
орнатқан кезде абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
немесе тот баспайтын болат бөлігінің
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
• Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындары кетпейтін дақтар
қалдырады.
ҚАЗАҚ
89