Descargar Imprimir esta página

Electrolux EOF3H40BW Manual De Instrucciones página 90

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 190
• Әрқашан құрылғының есігі жабық күйде
әзірлеңіз.
• Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орнатылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаз панелінің артқы
жағында жылу және ылғал жиналуы
және кейін құрылғыға, корпусқа немесе
еденге зақым тигізуі мүмкін. Құрылғы
пайдаланудан кейін толығымен
суығанша жиһаз панелін жаппаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытыңыз және ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз.
Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Зақым келген болса есіктің шыны
панельдерін дереу ауыстырыңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғыдан есікті алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының бетіндегі материалдың
сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды
ғана қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамындағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындаңыз.
2.5 Ішкі жарық
ЕСКЕРТУ!
Электр қатері бар.
90
ҚАЗАҚ
• Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен
шамдардың қосалқы бөлшектері жеке
сатылады: Бұл шамдар температура,
діріл, ылғалдылық сияқты төтенше
физикалық жағдайларға тұрмыстық
құрылғылардың қарсы тұруына немесе
құрылғының жұмыс жағдайы туралы
сигнал беруге арналған. Олар басқа
қолданбаларда пайдалануға
арналмаған және тұрғын үйлерді
жарықтандыруға сәйкес келмейді.
• Бұл өнімде G класындағы қуат тиімділігі
бар жарық көзі бар.
• Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана пайдаланыңыз..
2.6 Қызмет
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді
пайдаланыңыз.
2.7 Қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
• Құрылғыны утилизациялау жолы
туралы ақпарат алу үшін муниципалды
органға хабарласыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
• Кәмелетке толмағанбалалардың
немесе үй жануарларының құрылғыда
тұрып қалмауы үшін есік қақпағын
алыңыз.

Publicidad

loading