Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Сыртқы Сорғыш - Bosch GCM 8 SDE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCM 8 SDE Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 50
OBJ_BUCH-2303-003.book Page 252 Thursday, October 22, 2015 8:42 AM
252 | Қaзақша
 Аяқ ұзартқыштарынсыз 45 немесе құлаудан
сақтаусыз 23 электр құралы тұрақты тұрмай,
максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде
құлауы мүмкін.
– Аяқ ұзартқыштарын 45 жинақтағы бұрандалармен
орнату тесіктерінде 26 орнатыңыз.
– Құлаудан сақтауды 23 электр құрал дәл жұмыс
аймағында тұрғанша бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 2 шаңсорғыш
шлангін (Ø 35 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге 2 қосыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аралау дискісін алмастыру
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
1 609 92A 1MH | (22.10.15)
Алты қырлы бұрандамен орнату
(B1–B4 суреттерін қараңыз)
Аралау дискісін шешу:
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы 48 жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (5 мм) 36 бұрап, шпиндель бекіткішін
47 тірелгенше бірдей басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауын 47 басып ұстап бұранданы 48
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
– Қысқыш фланецты 49 шешіңіз.
– Құлыптау қосқышын 9 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 11 тірелгенше артқа қайырыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын осы күйде ұстап ара
дискісін 12 алып қойыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
Аралау дискісін орнату:
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Құлыптау қосқышын 9 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 11 тірелгенше артқа қайырып осы күйде
ұстаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 50 орнатыңыз.
 Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
– Қысқыш фланец 49 пен ішкі алты қырлы сомынды 48
орнатыңыз. Шпиндель бұғаттаушын 47 тірелгенше
басып, бұранданы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
SDS болттарымен орнату (C суретін қараңыз)
Аралау дискісін шешу:
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Шпиндель бұғаттауышын 47 басып ұстап, SDS болтын
51 сағат тілімен бұрап алыңыз (сол жақты бұранда!).
– Қысқыш фланецты 49 шешіңіз.
– Құлыптау қосқышын 9 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 11 тірелгенше артқа қайырыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын осы күйде ұстап ара
дискісін 12 алып қойыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
Аралау дискісін орнату:
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Құлыптау қосқышын 9 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 11 тірелгенше артқа қайырып осы күйде
ұстаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 50 орнатыңыз.
 Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
– Қысқыш фланец 49 пен SDS болтын 51 орнатыңыз.
Шпиндель бұғаттаушын 47 тірелгенше басып, SDS
болтын сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido