3M Peltor Tarctical XP Manual De Instrucciones página 77

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
KK
ATEX ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛЫҒЫ (A)
Жарылыс қаупі бар ортада қолданылатын өнімдердің ATEX директивалары 94/9/EC Еуропалық
комитет директивасына негізделген. Осы Peltor өнімін ATEX және IECEx директивалары бойынша
нотификацияланған сертификаттау органы № 0470 (Nemko, Норвегия) сынады және сертификаттады.
Өндіру процесін ATEX директиваларына сай уәкілетті орган (Nemko Norway, ID 0470) куәландырған.
Сәйкестік мәлімдемесі:
Peltor компаниясы ATEX директиваларына сай куәландырылған өнімдерінің 94/9/EC директивасының негізгі
талаптары мен басқа маңызды шарттарына сай келетіндігін жариялайды.
Ex i бойынша жарылыс қауіпсіздігінің маңызды сипаттамалары: Ex ib IIC T4 II 2 G, Ex I MI Ex ia l
Қауіпсіздік нұсқаулығы:
1. Осы Peltor өнімі мен радио трансивері арасындағы сипаттамалар интерфейстерінің EN 60079-14 (12.2.5
тармағы) директивасы бойынша тексерілгенін тексеріңіз.
2. Осы Peltor өнімімен Peltor компаниясы мақұлдаған түпнұсқа қосалқы құралдарын (мысалы, радио кабельдері)
ғана пайдалануға болады
3. Жарылыс қаупі бар ортада осы өнімге қосылуға рұқсат етілмейді.
4. Қызмет көрсету: тек Peltor компаниясы рұқсат еткен қызметті пайдаланыңыз
5. Осы өнімді пайдаланбас бұрын, пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз
6. Мақұлданған батарея түрлерімен (төменнен қараңыз) істегенде, осы өнімді тек −25 °C және +55 °C арасындағы
температурада ғана пайдалануға болады. Қоршаған ортаның температура ауқымы қолданған батарея түріне
байланысты болады. (Төменнен қараңыз).
Осы жабдықпен тек төмендегі батареяларды (батарея түрлерін) пайдалануға болады:
Өндіруші:
Duracell
Energizer
Батареялар жарылыс қаупі бар атмосферада ауыстырылмауы тиіс
ЕСКЕРПЕ
Қауіпсіз қолданыс үшін арнайы ережелер
Ex куәлігі (EC-түрлі тексеру куәлігі: Nemko 10ATEX 1029X) қосылған құрал үшін электрондық деректер туралы
шектеулерді қамтиды.
Tactical XP интерфейсінің сипаттамасы:
Рұқсат етілген ең үлкен кіріс параметрлері:
Uimax: 14 В
limax: 1,2 A
Limax: Болмашы
Cimax: 231 nF
Pimax: 1,3 Вт
Интерфейс құжатының сипаттамаларына байланысты басқа жол кіріс параметрлері
Tactical XP жарылыс қауіпсіздігі
Peltor компаниясының Tactical XP өнімінде сыртқы радионы қосатын аудио кірісі мен төменгі дауысты
күшейтетін және қатты шуды басатын деңгейге тәуелді функциясы бар. Сыртқы байланыс және деңгейге тәуелді
функциялар бір-біріне тәуелді болады, бұл қосымша жақсы сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл
өнім келесі директиваларға байланысты тексерілген және бекітілген:
PPE директивасы 89/686/EEC және EMC директивасы 89/336/EEC, бұл CE белгілерінің талаптарына сай келеді
дегенді білдіреді
ATEX, ATEX ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛЫҒЫН ҚАРАҢЫЗ (A)
Жаңа Peltor өніміңіздің ең мүмкін артықшылығын қамтамасыз ету үшін осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
ФУНКЦИЯЛАР
• Tactical XP өнімі баланс, теңестіргіш, реттелетін шығару уақыты, сыртқы кіріс үшін реттелетін деңгей және
сыртқы кіріс күйімен жабдықталған.
• Сыртқы кірістегі жоғары деңгейінен басқа ең соңғы параметрлер жабу кезінде сақталады.
• Белсенді функциялар болмаса екі сағаттан соң автоматты түрде жабу. 1:59 сағаттық қолданыстан кейінге бір
минут бойы әр он секунд сайын екі ескерту сигналы ойнап, құрылғының өшірілетінін көрсетеді.
• Аз батарея қуаты құлақаспап өшпестен он сағат бұрын үш ескерту сигналымен көрсетіледі.
Батарея түрі:
MN1500, Procell PC1500
E91, Industrial EN91
Темп.: –20 °C мен +40 °C арасында
Темп.: –20 °C мен +40 °C арасында
77

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido