3M Peltor Tarctical XP Manual De Instrucciones página 78

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
KK
Ескерту сигналдарының аралығы батарея қуаты әлсірегендігіне байланысты төмендейді. Батареяны ауыстырмас
бұрын құлақаспапты сөндіріңіз.
ЕСКЕРТУ! Батареяның қолданысымен өнімділік төмендеуі мүмкін.
Бұл өнімнің әдеттегі үзбей қолдану уақыты 1000 сағат деп күтіледі. Үзбей қолдану 45-50дБ(A) аралығында
тыныш дауыс 20% қолдану, 70-75дБ(A) аралығында орта дауыс 60% қолдану және 95-100дБ(A) аралығында
жоғарғы дауыс 20% қолдану деп ажыратылады. Батареяның қызмет көрсету уақыты батарея брендіне және өнімді
пайдалану температурасына қарай өзгереді.
• Егер батареялар дұрыс салынбаса, қарсылықтан қорғау электросхеманың зақымдануын болдырмайды.
• Сыртқы радионы байланыстыруға арналған шасси ұяшығы арқылы аудио кірісімен жабдықталған.
• Деңгейге тәуелді функция қосылған кезде, сыртқы сигнал аудио кірісі арқылы келсе, күшейту төмендейді.
• Сыртқы дауыс қалыпты жағдайда орнатылған кезде, кіріп жатқан аудио сигналдардың біріккен дауыс деңгейі
табақша ішінде ешқашан 82 дБ-ден жоғарыламауына жеңіл кезең кепілдік береді.
БӨЛІКТЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР (C)
1a. Тасаланатын ұстағыш ( темір парақ).
1b. Жаға (тот баспайтын темір).
1c. Дулыға тіркемесі (MT1H7P3*2).
1d. PTT адаптерімен қолдану үшін құлақаспас.
2. Жеке серіппелі ұстағыш сымдары (тот баспайтын темір).
3. Төмен, екі нүктелі ілгектер.
4. Құлақ амортизаторлары (PVC фольга, PUR көбігі және сұйықтығы).
5. «Қосу/өшіру» және «Күй» түймешігі.
6. «Таңдау/реттеу» түймешіктері.
7. Батарея қақпағы.
8. Микрофондар.
9. Аудио кіріс.
10. Сөйлеу микрофоны (тек кейбір модельдерде) байланыс радиосы немесе телефоны арқылы екі жолмен
байланысуға мүмкіндік береді. Адаптер немесе сым керек.
Аудио кірісінің микрофонды қосу үшін қолданылатынын ескеріңіз.
Қоршаған ортаның максималды дауысты компенсациясы үшін сөйлеу микрофонын құлақаспаптың үстіне еріннен
3мм қашықтықта орналастырыңыз.
МАҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНУШЫ МӘЛІМЕТТЕРІ
Есту қорғағыштары осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сай киілуі, реттелуі, тазартылуы және жөнделуі тиіс.
• Мына құлақаспап деңгейге тәуелді төмендету құрылғысымен бірге беріледі. Тұтынушы қолданбас бұрын
жарамдылықты тексеруі тиіс. Егер қатерлер немесе дұрыс жұмыс істемеу анықталса, тұтынушы жөндеу мен
батареяны ауыстыру үшін өндіруші кеңестерін орындауы керек.
• Толық қорғаныс үшін құлақаспаптарды шулы ортада өтетін уақыттың 100 % бойы киіңіз.
• Бұл өнімге белгілі бір химиялық заттар зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Толық мәліметтер өндірушіден сұралуы тиіс.
• Мына құлаққап электрондық аудио кіріс құрылғысымен бірге беріледі. Тұтынушы қолданбас бұрын
жарамдылықты тексеруі тиіс. Егер қатерлер немесе дұрыс жұмыс істемеу анықталса, тұтынушы өндіруші
кеңестерін орындауы керек.
Егер кедергі өссе немесе дауыс өте әлсіз болса, батареялар ауыстырылуы керек. Батареяларды
құрылғы қосылып тұрғанда ауыстыруға немесе орнатуға болмайды. Пайдаланбастан бұрын, батареяның дұрыс
қойылуын қамтамасыз етіңіз. КҮТІМ бөліміндегі суретті қараңыз.
• Батареялар орнатылған күйде сақтауға болмайды.
• Қатты суық жағдайда, есту қорғағыштарын пайдаланбастан бұрын жылытыңыз.
• Құлаққаптар, әсіресе жастықшалар пайдалану кезінде ескіруі мүмкін, сондықтан сыну және тесілу сияқты
зақымдардың бар-жоқтығы жиі аралықта тексеріліп тұруы тиіс.
• Жастықшаларға гигиеналық қаптардың кигізілуі құлаққаптардың акустикалық жұмысына әсер етуі мүмкін.
Ескерім: Егер осы ұсыныстар орындалмаса, төмендету және басқа функциялар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Жарылыс қауіпсіздігін бекіту (ATEX,) техникалық өзгертулер жасалған жағдайда қолданылмайды
Ex бекіткен өнімдер. Бірдей түрдегі тағайындау бар жабдықтарды ғана түпнұсқа құрал ретінде пайдалануға
болады.
ЕСКЕРТУ!
Осы есту қорғанысының деңгейге тәуелді схемасының шығысы сыртқы дыбыс деңгейінен асуы мүмкін.
Ескерту! Осы есту қорғанысының электрондық дыбыс схемасының шығысы күнделікті шектеулі дыбыс
деңгейінен асуы мүмкін.
78

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido