Күту Және Техникалық Қызмет Көрсету; Тазалау Және Кептіру; Hilti Калибрлеу Қызметі; Тасымалдау Және Сақтау - Hilti PM 40-MG Manual De Instrucciones Original

Ocultar thumbs Ver también para PM 40-MG:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 47
6
Күту және техникалық қызмет көрсету
6.1
Тазалау және кептіру
▶ Әйнектен шаңды үрлеп шығарыңыз.
▶ Әйнекке саусақпен тимеңіз.
▶ Аспапты тек таза және жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Қажет болса, шүберекті спиртпен немесе
сумен сулап қойыңыз.
▶ Жабдықты сақтағанда температуралық режимді сақтаңыз, әсіресе жазда немесе қыста, жабдықты
көлік ішінде сақтаған кезде (-25°C-тан 63°C-қа дейін) (-13°F-тан 145°F-қа дейін).
6.2
Hilti калибрлеу қызметі
Аспаптардың сенімділігін қамтамасыз ету және басқа талаптарды орындау үшін оларды тұрақты түрде
Hilti калибрлеу қызметінде тексеру ұсынылады.
Hilti компаниясының калибрлеу қызметі әрқашан көмектесуге дайын; алайда бұл әрекетті кемінде
жылына бір рет өткізу ұсынылады.
Hilti калибрлеу қызметі тексеру күнінде тексерілетін аспаптың сипаттамалары пайдалану бойынша
нұсқаулықта көрсетілген техникалық мәліметтерге сай екенін растайды.
Берілген мәндерден ауытқуларды тапқанда, өлшеу аспаптары қайтадан күйге келтіріледі.
Күйге келтіру және бақылау сынауларынан кейін аспапқа калибрлеу белгісі бекітіледі және аспаптың
техникалық сипаттамалар шектерінде жұмыс істейтінін растайтын калибрлеу куәлігі беріледі.
Калибрлеу куәліктері ISO 900X стандарты бойынша куәліктендірілген кәсіпорындарға әрқашан қажет.
Қосымша ақпаратты ең жақын Hilti байланыс орталығында алуға болады.
7
Тасымалдау және сақтау
7.1
Тасымалдау
▶ Жабдықты тасымалдау немесе жіберу үшін Hilti тасымалдау контейнерлерін немесе сапасы ұқсас
орауышты қолданыңыз.
7.2
Сақтау
▶ Аспап ылғалды жерде сақталған болса, оны алып, мына әрекеттерді орындаңыз.
▶ Аспапты, тасымалды сөмкені және саймандарды құрғатыңыз және тазалаңыз (63°C / 145°F аспайтын
температурада).
▶ Жабдықты толығымен құрғақ болған жағдайда орауға болады, құрғақ жерде сақтау керек.
▶ Аспапты ұзақ сақтаудан немесе тасымалдаудан кейін оны қолдану алдында сынақ өлшеуін
жүргізіңіз.
7.3
Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶ Аккумуляторларды шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
▶ Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
▶ Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан күн, жылу көздерінің астында немесе әйнек артында сақтамаңыз.
▶ Аспап пен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
302
Қазақ
2171411
*2171411*

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido