3M PROTECTA CABLOC Manual Del Usuario página 241

Ocultar thumbs Ver también para PROTECTA CABLOC:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 206
5.3
ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР - CABLOC АЖЫРАТЫЛАТЫН АРҚАН МУФТАСЫ: Келесі нұсқауларда
сипатталған құрамдастардың атауларын 2-суретте қараңыз:
Тұтқада/энергия сіңіргіште/құлау индикаторында (D заты) майысулар, жарықтар және деформациялар бар-
жоғын тексеріңіз. Барлық бекіткіштер берік түрде жалғануы керек. Тұтқа және жүгіргіштер еркін және біркелкі
жұмыс істеуі керек. Серіппелер тұтқаны бекітілген және тұтқаны төмен тарту үшін жеткілікті күшті болуы керек.
Құлауды тоқтату үшін пайдаланылған болса, тұтқа/энергия сіңіргіші/құлау индикаторы деформацияланады.
15-суретте құлауды тоқтату үшін пайдаланылмаған тұтқа/энергия сіңіргіші/құлау индикаторы (1) және құлауды
тоқтату үшін пайдаланылған және деформацияланған тұтқа/энергия сіңіргіші (2) көрсетілген. Тұтқа/энергия
сіңіргіші деформацияланған болса, ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ. Муфтаны пайдаланудан
шығару керек.
Босату істігі (G заты) біркелкі жұмыс істейтінін тексеріңіз, босатқанда серіппелер құлыпталған күйіне
оралатынына көз жеткізіңіз.
Жүгіргіштер (H заты) тозған-тозбағанын тексеріңіз. Жүгіргіштерде зақым жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Инверсияға қарсы бекіткіштің (В заты) жұмысын тексеріп, муфтаны аударғанда еркін қозғалатынына көз
жеткізіңіз. Ол айналуы керек. Ол айналса, муфтаны пайдаланудан шығарыңыз.
5.4
ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР - CABLOC ТІК АРҚАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ: Осы бөлімде сипатталған
тексеру процедураларын орындау кезінде Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесімен бірге қамтамасыз етілген орнату
нұсқауларын (қауіпсіздік жүйелерін орнату туралы нұсқаулар, 3M Fall Protection нұсқаулығы #5903940) қараңыз.
Жүйені тексеру кезінде бөлек толық қорғау жүйесін пайдалану керек.
 Жоғарғы кронштейндер:
3M Fall Protection Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйелерінің орнату нұсқауларына, 3M Fall Protection
нұсқаулығына #5903940 сай тиісті түрде орнатылғанын тексеріңіз.
Көрінетін зақым немесе коррозия бар-жоғын тексеріңіз. Жүйенің беріктігіне және жұмысына әсер етуі
мүмкін жарықтар, майысқан жерлер немесе тозу бар–жоғын тексеріңіз. ÷Дәнекерленген жіктерді тексеріңіз.
Кронштейннің беріктігіне әсер етуі мүмкін жарылған немесе бұзылған дәнекерленген жіктерді іздеңіз. Ақаулар
табылса, бөліктерді ауыстырыңыз.
Жоғарғы кронштейнді құрылымға бекітетін бос немесе жетіспейтін бекіткіштер (бұрандамалар, қысқыш тақталар,
U тәрізді бұрандамалар) бар-жоғын тексеріңіз. Бекіткіштер бос болса, Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесімен
бірге қамтамасыз етілген орнату нұсқауларында тізілген тарту деңгейлеріне дейін қажетінше қайта тартыңыз.
Бар болса, арқан ұштығының және қыспағының соңын тексеріңіз.
Тиісті болса, соққы сіңіргішінде зақым бар-жоғын тексеріңіз. Ақаулар табылса, соққы сіңіргішін ауыстырыңыз.
 Төменгі кронштейн:
3M Fall Protection Cabloc тік арқандық саты қауіпсіздік жүйелерінің орнату нұсқауларына, 3M Fall Protection
нұсқаулығына #5903940 сай тиісті түрде орнатылғанын тексеріңіз.
Зақым немесе коррозия бар-жоғын тексеріңіз. Жүйенің беріктігіне және жұмысына әсер етуі мүмкін жарықтар,
майысқан жерлер немесе тозу бар–жоғын тексеріңіз. Ақаулар табылса, бөліктерді ауыстырыңыз.
Төменгі кронштейнді құрылымға бекітетін бос немесе жетіспейтін бекіткіштер бар-жоғын тексеріңіз. Бекіткіштер
бос болса, Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесімен бірге қамтамасыз етілген орнату нұсқауларында тізілген
тарту деңгейлеріне дейін қажетінше қайта тартыңыз.
Керіліс өзегі жинағын тексеріңіз. Қамыттар арқанды берік түрде ұстап тұрғанын тексеріңіз. Қамыттардағы тарту
моменті 47 Нм (– 35 фунт) екенін тексеріңіз. Ақаулар табылса, ауыстырыңыз немесе қайта тартыңыз.
 Арқан бағыттағыштары:
Арқан бағыттағыштарында зақым бар-жоғын тексеріңіз. Қара уретанда тозу немесе зақым бар-жоғын қараңыз.
Арқан бағыттағыштары арқанды шектеуі және арқанның сатыға/құрылымға тиюін болдырмауы керек. Арқан
бағыттағыштарын 10 м (32,8 фут) қашықтықта немесе қажет болса, жақынырақ орналастыру керек. Ақаулар
табылса, бөліктерді ауыстырыңыз.
Арқан бағыттағышының бекіткіштерін тексеріңіз. Бекіткіштер арқан бағыттағышын орнында бекітуі керек. Қажет
болса, тартыңыз.
 Арқан және арқанның керілісі:
Арқанда беріктігіне әсер ететін және арқан муфтасының арқанда жүруіне кедергі жасайтын коррозия, бүгілген
жерлер немесе зақым бар-жоғын тексеріңіз. Саты арқанында кез келген кесілген жерлер немесе түйіндер болса,
пайдалану алдында арқанды білікті тұлға тексеруі керек. Сатыға немесе құрылымға үйкелу белгілері бар-жоғын
тексеріңіз. Ақаулар табылса, арқанды ауыстырыңыз.
Арқан керілісін тексеріңіз. Керіліс индикаторы бар керіліс өзегін пайдаланатын жүйелер үшін кронштейн үстінде
ойық көрінуі керек. Арқан сатыға/құрылымға тиюді болдырмау үшін жеткілікті тартылған болуы керек. Қажет болса,
арқанды қайта керіңіз. Жүйені кронштейн үстінде көрсеткіш ойық көрінгенше тартыңыз. Жүйені артық кермеңіз.
 Орнату және қызмет көрсету жапсырмасы:
Орнату және қызмет көрсету жапсырмасын тексеріңіз. Жапсырма берік түрде жапсырылған және толығымен
оқылатын болуы керек. Орнату күні және жүйеде рұқсат етілетін пайдаланушылар саны жапсырмада анық түрде
белгіленуі керек. Осы тексеру аяқталғаннан кейін жапсырмада тексеру күнін жазып қойыңыз.
 Саты/көтерілу құрылымы:
Cabloc жүйесі жалғанған сатыны/көтерілу құрылымын тексеріңіз. Құрылым жақсы күйде, бекітілген және
көтерілуге қауіпсіз екенін тексеріңіз. ҚҰРЫЛЫМНЫҢ КҮЙІ күмән тудырса, пайдалануға болмайды.
Пайдалану алдында нұсқауларды қараңыз және/немесе құрылыммен таныс қызметкерлерден кеңес алыңыз.
241

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido