3M DBI-SALA 2200094 Manual De Instrucciones Para El Usuario página 162

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 60
жүйемен бірге берілген нұсқаулықты қараңыз.
2.6
ТЕРБЕЛІП ҚҰЛАУ. Анкерлік бекіту нүктесі құлау орын алатын нүктенің дәл үстінде болмаған жағдайда тербеліп құлау орын алады
(4-суретті қараңыз). Тербеліп құлау кезінде қандай да бір затқа соғылудың күші ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Тербеліп құлау ықтималдығын барынша азайту үшін, мүмкіндігінше бекіту нүктесінің дәл астында жұмыс істеңіз. Жарақаттану
мүмкін болған жағдайда тербеліп құлауға рұқсат бермеңіз. Өздігінен жиналмалы құрылғы немесе басқа да ұзындығы өзгермелі
қосалқы жүйе пайдаланылған кезде, тербеліп құлау нәтижесінде қажетті аралық айтарлықтай артады.
2.7
ҚҰРАМДАСТЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. 3M жабдықтары 3M компаниясы мақұлдаған құрамдастармен және қосалқы жүйелермен ғана
пайдалануға арналған. Мақұлданбаған құрамдастармен немесе қосалқы жүйелермен алмастыру немесе ауыстыру жабдықтың
үйлесімділігіне кері әсерін тигізіп, жалпы жүйенің қауіпсіздігіне және сенімділігіне ықпалын тигізуі мүмкін.
2.8
ЖАЛҒАҒЫШТЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Орнатылатын бағдарына қарамастан өлшемдері мен пішіндері себебінен ысырма механизмдері
бірге байқаусызда ашылмайтын жолмен жұмыс істейтіндей жобаланған кезде, жалғағыштар жалғағыш элементтермен үйлесімді
болып саналады. Үйлесімділік бойынша сұрақтарыңыз болса, 3M компаниясына хабарласыңыз.
Жалғағыштар (ілгектер, карабиндер және D пішіндес сақиналар) кем дегенде 2267,96 кг (22,2 кН) салмақты көтере алуы қажет.
Жалғағыштар анкермен немесе басқа жүйе құрамдастарымен үйлесімді болуы керек. Үйлеспейтін жабдықты пайдалануға
болмайды. Үйлеспейтін жалғағыштар өздігінен босап кетуі мүмкін (5-суретті қараңыз). Жалғағыштардың өлшемі, пішіні және беріктігі
үйлесімді болуы керек. Егер ілгек немесе карабин бекітілетін жалғағыш элементтің өлшемі немесе пішіні дұрыс болмаса, жалғағыш
элемент ілгектің немесе карабиннің ысырмасына (A) салмақ түсірген кезде қауіпті жағдай туындауы мүмкін. Бұндай салмақтың
себебінен ысырма ашылып (B), ілгектің немесе карабиннің жалғау нүктесінен (C) ажыратылуына себеп болуы мүмкін.
ANSI Z359 және OSHA талаптарына сәйкес өздігінен құлыпталатын ілмектер мен карабиндер қажет.
2.9
ҚОСЫЛЫМДАР ЖАСАУ. Осы жабдықпен пайдаланылатын ілмектер мен карабиндер өздігінен құлыпталатын болуы тиіс. Барлық
жалғанған жерлердің өлшемдері, пішіні және беріктігі үйлесімді болғанына көз жеткізіңіз. Үйлеспейтін жабдықты пайдалануға
болмайды. Барлық жалғағыштар толығымен жабық және құлыптаулы екеніне көз жеткізіңіз.
3M жалғағыштары (бекітілетін ілмектер және карабиндер) тек өнімнің пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей пайдалану үшін
жобаланған. Дұрыс жалғамаудың мысалдарын 6-суреттен қараңыз. Ілмектерді және карабиндерді келесі жағдайларда жалғауға
болмайды:
A.
Басқа жалғағыш бекітілген D пішіндес сақинаға жалғау.
B.
Ысырмаға күш түсіретін жолмен жалғау. Ілгек 3600 фунттық (16 кН) ысырмамен жабдықталған жағдайларды есепке алмағанда,
ауызы үлкен ілгектерді стандартты өлшемдегі D пішіндес сақиналарға немесе соған ұқсас заттарға жалғауға болмайды, себебі
ілгек немесе D пішіндес сақина бұралған немесе айналған кезде ол ысырмаға күш түсіреді. Ілгектің қолдану нұсқасына сәйкес
келуін-келмеуін тексеру үшін ілгектегі таңбаны қараңыз.
C.
Дұрыс бекітілмей, ілгектен немесе карабиннен шығып тұратын бөліктер анкерлік бекіткішке ілінетін жағдайда және визуалды
растаусыз анкерлік бекіту нүктесіне толық бекітілген болып көрінген жағдайда.
D.
Бір-біріне жалғау.
E.
Тікелей тоқыма бауға, арқан белдігіне немесе арқандық ілмекке жалғау (екі арқанға және жалғағышқа арналған өндірушінің
нұсқаулығында бұндай қосылымға рұқсат етілген жағдайларды есепке алмағанда).
F.
Ілмектің немесе карабиннің жабылуына немесе құлыпталуына мүмкіндік бермейтін және шығып кетуі мүмкін пішіндегі немесе
өлшемдегі кез келген затқа жалғау.
G.
Салмақ түскен кезде жалғағыштың тиісті түрде туралануына мүмкіндік бермейтін жолмен жалғау.
162

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido